Әлемнің екі полюсті жүйесінәң күйреу себептері мен салдары қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, қосымша материал.


70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық революция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды.

АҚШ президенті Рональд Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы» ретінде жария етіп, оны экономикалық жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды. Екі супер державаның қаруланудағы жарыс жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық қорғаныс бастамалары» іске асырылуға көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары «Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды . Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы оң сәттер байқалды. Президент Франсуа Миттеран Францияның Батыс блогындағы жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын жақсартуға әрекет етті . Франция НАТО-мен ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады. Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы» деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті. 1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден кеңес әскерін алып шығуды талап етті. Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның Социалистік елдеріне орналастырылған ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды талап етті. Алайда АҚШ пен жақындасуда атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді. Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау нәтижесінде тағы да президент болды. Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың орын алуына Кеңестер одағының басшылығына жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын жақсартуға талпынды . Осы кезде АҚШ-тың басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық соғыстың тек американдықтар үшін ғана емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді. Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады. Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады. Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау» концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ Франция жаппай қарулану инициативасына қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек супер державалардың міндеті деген позицияны ұстанды . Кеңес-американ байланыстарындағы қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті. Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар келісімдерге қол жеткізеді. 1987 жылы М.С.Горбачев ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе Еуропадағы) жою туралы келісімге қол қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады. Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны бомбалауда өз территориясынан американ ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді. Миттеран осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын ашық білдірді. 1989 жылғы М.С.Горбачев пен жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын білдірді . 1989 жылы АҚШ, Франция, Германия, Англия, ГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ соғысының» символы Берлин қабырғасы құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар» нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік елдерінде коммунизм біржола құлады . «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен бір кездері социалистік лидері болған аса ірі империя, коммунистік империя Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен «қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды. Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді әлемге басқаша көзбен қарай бастады.

Еуропа территориясындағы бір-біріне қарсылас әскери-саяси блоктар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу