Әлемнің екі полюсті жүйесінәң күйреу себептері мен салдары қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық материал.


Суық соғыс - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Халықаралық қатынастарда біршама өзгерістер орын алды. Екі супер державаның яғни АҚШ пен. КСРО-ның жоғары деңгейдегі кездесулері, әсіресе ядролық қарулардың санын қысқарту келісіміндегі біршама жетістіктер «Қырғи қабақ соғысының» біраз бәсеңдеуіне алып келді.

Осы кезеңде Еуропа тарихындағы аса ірі оқиға Хельсинки актісінің жүзеге асуы еді. Ол бойынша Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік кеңеске 33 мемлекет қатысты. Онда АҚШКанадаКСРО және басқа да Шығыс Еуропаның социалистік елдері болды.

Бұл кезеңде АҚШ пен Францияның арасында бірқатар мәселелер бойынша өзара жақындасулар байқалды. Әсіресе НАТО-дағы ынтымақтастығы нығая түсті . НАТО-дағы ынтымақтастықтың кеңейе түсуі Франко-американ байланыстарына оң әсер етті. 1975 жылы АҚШ пен Франция Еуропадағы қауымдастық және ынтымақтастық кеңесінің ақтық келісіміне қол қойды. Француз президенті Жискар д’Эстен «Қырғи қабақ соғысының» бәсеңдеуі кезеңіндегі екі супер державаның қарама-қайшылығындағы саяси және психологиялық аспектілеріне зор көңіл бөлді.

АҚШ пен Францияның арақатынастарының біраз жақсаруына Париж Кэмп-Дэвидскидегі (АҚШ) израиль-египет келісіміне қарсы шығып, Таяу Шығыстағы антиизраильдік араб мемлекеттерін қолдады.

80-ші жылдардың басынан бастап Франко-американ қарым-қатынастарында бетбұрыстар байқалды. Өйткені АҚШ-та сайлау бойынша президент болған республикандық Рональд Рейган мен Франциядағы сайлау бойынша президент болып сайланған социалист Франсуа Миттеран Кеңестер Одағы мен Социалистік елдерге қатаң саясат жүргізе бастады . Бұл кезең «Қырғи қабақ соғысы» тарихындағы өрлеу кезеңі болды. АҚШ президенті Рональд Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы» ретінде жария етіп, оны экономикалық жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды.

Екі супер державаның қаруланудағы жарыс жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық қорғаныс бастамалары» іске асырылуға көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары «Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды .

Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы оң сәттер байқалды. Президент Франсуа Миттеран Францияның Батыс блогындағы жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын жақсартуға әрекет етті .

Франция НАТО-мен ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады. Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы» деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті. 1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден кеңес әскерін алып шығуды талап етті. Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның Социалистік елдеріне орналастырылған ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды талап етті.

Алайда АҚШ пен жақындасуда атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді. Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау нәтижесінде тағы да президент болды. Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың орын алуына Кеңестер одағының басшылығына жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын жақсартуға талпынды .

Осы кезде АҚШ-тың басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық соғыстың тек американдықтар үшін ғана емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді. Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады. Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады. Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау» концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ Франция жаппай қарулану инициативасына қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек супер державалардың міндеті деген позицияны ұстанды .

Кеңес-американ байланыстарындағы қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті. Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар келісімдерге қол жеткізеді.

1987 жылы М.С.Горбачев ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе Еуропадағы) жою туралы келісімге қол қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады. Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны бомбалауда өз территориясынан американ ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді.

Миттеран осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын ашық білдірді.

1989 жылғы М.С.Горбачев пен жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын білдірді . 1989 жылы АҚШ, ФранцияГерманияАнглияГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ соғысының» символы Берлин қабырғасы құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар» нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік елдерінде коммунизм біржола құлады .

«Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен бір кездері социалистік лидері болған аса ірі империя, коммунистік империя Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен «қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды. Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді әлемге басқаша көзбен қарай бастады.

Еуропа территориясындағы бір-біріне қарсылас әскери-саяси блоктар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу