ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.


6 бөлім

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді?

Оқу мақсаттары

9.3.2.1 отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарын талдау;

9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді анықтау.

Бағалау критерийлері

Отарсыздандыру процесінің себептері мен салдарын анықтайды. Қорытынды жасайды.

Тарихи концепт

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

мәтінді талдау және алдынғы білімді пайдалану арқылы отарсыздандыру процесі күшеюінің себептері мен салдарын айқындайды.

Отарлық саясат, империализм, үшінші әлем елдері, отар, отарсыздандыру.

Отарсыздандыру дегеніміз…

Метрополиялар өз империяларын сақтай алмау себептері…

Отарсыздандыру процесінің негізігі себептері…

Мен келесі дәйектерді келтіре аламын…

АКТ-ны қолдану

Ақпаратты талдау және өңдеу дағдылары, картамен жұмыс жасау.

Құндылықтарды дарыту

Мәдениетаралық ынтымақтастық, құрмет, адами құқықтар мен бостандықтар

Пәнаралық байланыстар

География

Алдыңғы білім

Оқушылар ұлттық мемлекеттердің қалыптасу үдерісі, сонымен қатар империализм мен отаршылдық саясаттың ерекшеліктері туралы білімдерін қолдана алады. Сонымен бірге, олар Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде орын алған мемлекеттік шегаралардың өзгеруі және отарлар мен метрополиялардың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тағдыры жайында хабардар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

БЫМ (бастапқы ынталандырушы материал) – Азия мен Африканың отарсыздандыруға дейін және кейін карталарын көрсету. Келесі сұрақты талқылату: бұл карталар қандай тарихи үдерісті бейнелейді?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін таныстыру.

Презентация слайдтары

Карталар

http://mycontinent.co/AfricaBorders.php

http://www.the-map-as-history.com/maps/11-decolonization_independence.php

Сабақтың ортасы

30 минут

5 минут

10 минут

4 минут

2 минут

10 минут

(С) «Миға шабуыл» әдісі.

Алдынғы білімді жандандыру мақсатында келесі сұрақтарды талқылау:

  • Ұлы географиялық ашулардан кейін пайда болған ірі метрополияларды атай аласыз ба?
  • Отарлық саясат дегеніміз не?
  • Отарлық саясаттың салдары қандай болды?

Оқушыларды жаңа терминмен таныстыру:

Отарсыздандыру - белгілі бір елдің қолында болған колониясының (мандат) тәуелсіздікті иемденуі, бөлек мемлекет атанып, өз алдына өмір сүру процесі.

(Д) (ф) Оқушылар мәтінге сүйене отырып, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы отарсыздандыру процесінің күшею себептерін және салдарын анықтайды.

Тапсырма:

  • Мәтінді оқып шығыңыз.
  • Отарсыздандыру процесінің себептері мен салдарын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлардың азаттыққа ұмтылу 2-3 себебін анықтайды.

Отарсыздандыру процесінің 2-3 жағымды салдарын анықтайды.

Отарсыздандыру процесінің 2-3 жағымсыз салдарын анықтайды.

(Ж) Оқушылар жұптасып, атқарған жұмыстың нәтижесімен бөліседі.

(С). Оқушылар берілген жауаптарға сүйене отырып, өз жұмыстарын тексереді.

(С) Келесі тапсырманы орындау арқылы сабақты қорытындылау:

Берілген тұжырымдардың қайсысымен келісесіз:а) отарсыздандыру үдерісі мемлекеттердің дамуына жағымды ықпал жасады;в) отарсыздандыру үдерісі мемлекеттердің дамуына жағымсыз ықпал жасады.

Презентация слайдтары

Отарсыздандыру

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F

http://shygharma.info/b-zh-ne-dekolonizatsiya-turaly-aza-sha/

Сабақтың соңы

4 минут

Сабақтың рефлексиясы «Сөйлемдерді аяқтаңыз»:

1. Осы сабақтың нәтижесінде түйгенім…

2. Бұл тақырыптың тәрбиелік құндылығы…

Презентация слайдтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу