Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.


6 бөлім

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты?

Оқу мақсаттары

9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау

9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді анықтау

Бағалау критерийлері

Тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттайды

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасында өзгерістреді анықтап, қорытынды жасайды.

Тарихи концепт

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

мәтін мен карталарды талдау арқылы қырғи қабақ кезеңіндегі орын алған екі полюсті жүйенің пайда болуының себептері туралы қорытынды жасайды;

НАТО, ВШҰ, бейтарап елдер, одақтастар, капитализм, коммунизм, екі полюсті әлем, үшінші әлем елдері.

Үшінші әлем елдері қырғи қабақ соғысына келесі себептермен қатыспады…

Кейбір мемлекеттер қырғи қабақ соғысында КСРО/АҚШ-тың жағында болды, өйткені…

АКТ-ны қолдану

Ақпаратты талдау және өңдеу дағдылары, картамен жұмыс жасау.

Құндылықтарды дарыту

Бейбітшілік пен келісім маңызды құндылықтар екенін ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

География

Алдыңғы білім

Оқушылар ұлттық мемлекеттердің қалыптасу үдерісі, сонымен қатар империализм мен отаршылдық саясаттың ерекшеліктері туралы білімдерін қолдана алады. Сонымен бірге, олар Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде орын алған мемлекеттік шегаралардың өзгеруі және отарлар мен метрополиялардың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тағдыры жайында хабардар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

БЫМ (бастапқы ынталандырушы материал) –оқушылардың назарына үш түрлі түспен белгіленген АҚШ пен оларды одақтас мемлекеттері, КСРО және оның одақтас мемлекеттері, сонымен қатар, бейтарап елдер картасын ұсыну.

Сұрақ: бұл карта қандай тарихи кезеңді суреттейді?

Оқушылармен бірлесіп, сабақ тақырыбын анықтау. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация слайдтары

Сабақтың ортасы

31 минут

5 минут

5 минут

7 минут

5 минут

8 минут

(С) Оқушыларды жаңа терминдермен таныстыру: НАТО, ВШҰ. Осы одақтардың құрылуының қысқаша тарихына тоқталу.

Кейбір оқушылар НАТО мүшелері капиталистік мемлекеттер, ал ВШҰ-ның мүшерелі кенестік мемлекеттер болғандарын айта алады. Сол себептен сыныпты келесі маңызды ұғымдармен таныстырып кету керек:

Капитализм — жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. К. бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты.

Коммунизм — коммунизм толық теңдікке, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке негізделген, "әркімнің қабілетіне қарай әркімге қажетіне қарай" деген қағидатты іске асыратын болжалды қоғамдық және экономикалық құрылыс, өндіріс құрал-жабдығына жеке меншікті жоққа шығаруға негізделген әр түрлі саяси және әлеуметтанушылық тұжырымдамалардың жалпы атауы, адамдардың әділ және мүлтіксіз жетілген қоғамдық-саяси құрылысты аңсаған ғасырлар бойғы арманын бейнелейтін әлеуметтік-саяси ой нобайлаған жорамал үлгіні жүзеге асыруды мұрат ететін әлеуметтік-саяси қозғалыс

Үшінші әлем - әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 — 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды.

(Д) (ф) Оқушылар кескін қартаға НАТО және ВШҰ одақтарының құрамында болған мемлекеттерді және бейтарап елдерді белгілейді. Оқушыларға саяси карталарды қолануға рұқсат беріледі.

Дескрипторлар:

Оқушы:

  • кескін картада НАТО-ның 3-4 мемлекетін белгілейді;
  • кескін картада ВШҰ-ның 3-4 мемлекетін белгілейді;
  • кескін картада қырғи қабақ соғысындағы бейтарап бағдар ұстанған 3-4 мемлекетті белгілейді.

(Ж) (ф) Оқушылар алдыңғы білім мен карта ақпаратына сүйене отырып, әлемің екі полюсті жүйесі қалыптасуының себептерін анықтайды. Сонымен бірге, бейтарап мемлекеттердің мақсаттарын айқындайды.

Дескрипторлар:

Оқушы:

  • әлемнің КСРО мен АҚШ-тың ықпал аймақтарына бөлінуінің 3 себебін анықтайды;
  • қырғи қабақ соғысы кезеңінде бейтарап елдердің мақсаттарын анықтайды.

(С) Сынып жұмыс нәтижелерін талқылайды. Берілген жауптарға сүйене отырып, өз жұмыстарын тексереді.

(Т) (ф) Алдынғы тапсырманы қорытындылау мақсатында оқушылар топтарға бірлесіп, келесі сұрақты талқылайды: «Қырғи қабақ соғысы заманында АҚШ пен КСРОның қарсылығы қандай әлемдік қауіп-қатерлерге әкеліп соғуы мүмкін?»

«Кілемше» стратегиясын қолдануға болады: әр оқушы кем дегенде екі ұсыныс жасайды, кейін ұсыныстар топта талқыланып, оқушылар ортақ шешімге келеді.

Дескрипторлар:

Оқушы:

- қырғи қабақ соғысының нәтижесінде әлемнің қауіпсіздігіне қатер туғызатын жағдайлардың 2-3 мысалын келтіреді.

Презентация слайдтары

Кескін карталар

Қырғи қабақ соғысы (ақпарат пен карталар)

https://kk.wikibooks.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%80%D2%93%D0%B8_%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81

http://ikaz.kz/yr-i-aba-so-ys-zh-ne-ony-zh-risi/

Сабақтың соңы

5 минут

(С) Бағалау. Қорытынды жасау.

Сабақ рефлексиясы:

Білдім…

Үйрендім…

Қиналамын…

Қызықты болды…

Қолымнан келеді…

Презентация слайдтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу