БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзaқ мeрзiмдi жоспaрдың тaрaуы:

5-бөлім.

Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар

Мeктeп: Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғaлiмнiң aты-жөнi:

Уақыты:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

 БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасына сәйкес

Оқушылар :

9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау;

9.3.2.6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау

Сабақтың мақсаты

Таяу Шығыс қақтығысын ірі және ұзақ мерзімді жергілікті қақтығыстардың бірі ретінде зерттеу, оны шешудегі БҰҰ қызметін бағалау.

Бағалау критерилері

  • Білу керек:Таяу Шығыс дағдарысының пайда болу тарихын, себептерін, даму кезеңдерін;
  • Меңгеруі керек: Тарихи картадан, интернет-көздерден білім алу, интеллект-карталарды құру;
  • Талдау: жанжалдың салдары және БҰҰ-ның проблеманы реттеу жөніндегі қызметі;
  • Бағалау: Таяу Шығыс дағдарысының ықтимал даму сценарийлері және БҰҰ қызметі

Мектеп құндылықтары менМәңгілік Ел құндылықтарын дарыту

Біздің заманымыздың жаһандық мәселелерін түсінетін басқа мәдениеттер, конфессиялар мен дүниетанымдардың құндылықтарын құрметтеу, оларды шешудегі рөлі, оқушылардың назарын этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің құндылығына аудару.

 Пәнаралық байланыс

География

АКТ саласындағы дағдылар

Мұғалім дайындаған Презентация, интернет көздерін пайдалану, Canva конструкторы (қалау бойынша). Google іздеу жүйесімен жұмыс істей білу

Алдыңғы білім

Оқушылар қырғи қабақ соғыс дәуіріндегі жергілікті қақтығыстар туралы және аймақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың қызметі туралы алдыңғы білімдерді қолдана алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Жоспарлаған сабақ бөліктері

Жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы – 3 мин

Амандасу

Слайдтағы суреттермен жұмыс жасау

? Сабақтың тақырыбын қалай тұжырымдауға болады ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Дәптерлерге жазу. Бағалау критерийлерін талқылау.

1Слайд

2-3 Слайд

Сабақтың ортасы - 34 мин

Әңгіме. 5 мин

Израиль мемлекетінің құрылуы туралы түсінік және тарих.

Оқушыларды 4 топқа бөлу (саралау: 1,2 топ – мәтінмен және картамен жұмыс, хронологиялық кесте құру, 3 топ – мықты оқушылар, кестемен жұмыс, салдарын талдау, 4 Топ – интернет көздерімен жұмыс, интеллект-карта жасау)

Топтарға арналған тапсырма: ҚБ парақтарындағы материалдарды зерттеу, тапсырмаларды орындау. 12 мин

1-2 топ: Таяу Шығыс дағдарысының даму кезеңдері(1-2 прил.)

3 топ: жағдайдың даму сценарийлерін талдау (3 қосымша))

4-топ: Таяу Шығыс қақтығысын шешуге арналған БҰҰ қызметі (сілтеме https://news.un.org/ru/tags/blizhnevostochnyy-konflikt/date/2021/audio/0)

Материалды Жаңа топтарда талқылау-2 минуттан.

Зерттелген материалды жалпылау - 5 мин

БҰҰ Таяу Шығыс дағдарысын шешудің қандай бейбіт жолдарын қарастыруда? Оның қызметін 10 баллдық шкала бойынша бағалаңыз. Жауаптарды дәлелдеңіз.

4-8 Слайд

9 Слайд, 1-4 қосымшалар

10 Слайд

11 Слайд

Рефлексия 3 мин

Үй тапсырмасы.

Бейне көру, бейне бойынша сұрақтарын дайындау (метод 5W2H)

Рефлексия

12 Слайд

13 Слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу