Неліктен XX ғасырдың екінші жартысында «әл-ауқатты мемлекеттер» экономикалық дағдарысқа ұшырады? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық материал.


Әлеуметтік мемлекеттің әртүрлі үлгілері

Неолибералдық – Англия, АҚШ, Канада және Аустралияға тән ағылшын -америкалық үлгі. Бұл үлгінің негізі әлеуметтік мәселелерде өзін - өзі қамтамасыз ету және таңдау еркіндігіне жеке жауапкершілік болу. Бұл үлгіде мемлекет әрбір адамның өз мүмкіндігін көрсетуіне жағдай жасауға тырысады. «Әлеуметтік мемлекет» үлгісінде бірыңғай мемлекттік әлеуметтік көмек жүйесі жоқ. Мемлекет халықтың ең мұқтаж санаттарына ғана көмектеседі.

Консервативтік - корпоративтік немесе француз - герман үлгісі Германия, Франция, Италия, Бельгия және Австрияда құрылды. Мұндай үлгі нарықтық заңдарға сәйкес жұмыс істейтін, бірақ нарықтық қатынастарды қолдауда мемлекеттің белсенді қатысуымен жүретін экономикалық жүйе болып табылады. Мемлекет жеке тұлғалардың экономикалық бастамаларына құқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік - демократиялық немесе скандинавиялық үлгі Швеция, Финляндия, Дания және Норвегияда дамыды. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың бұл үлгісі қарама - қарсы полюсте орналасқан, өйткені мемлекет барлық азаматқа кепілдіктердің, жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаудың кең ауқымын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті толық өзіне алады, кәсіпкерлік кірістер мен табыс салығына жоғары салық мөлшерін белгілейді, әлеуметтік қызметтер саласын кеңінен қаржыландырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу