1927-1939 жылдарда кеңестік қоғам қаншалықты өзгерді? Дүние жүзі тарихы, 8-9 сынып, дидактикалық материал.
Ресурс 1
Троцкий (Бронштейн) Лев Давидович (25.10.1879, Харьков губерниясы Яновка ауылы – 21.8.1940, Мехико қаласы) – саяси қайраткер.
- 1897 жылы Одессадағы реалды уч-щені бітірген. Училищеде оқып жүргенде “Оңтүстік орыс жұмысшыларының одағы” атты астыртын ұйымға мүше болып, марксизм ілімін насихаттауға белсене қатысты.
- ХХ ғасырдағы революциялық тұлға, троцкизм идеологы -марксизмнің үрдістерінің бірі. 1905 жылы барлық азаматтық құқықтарынан айырылған монархиялық жүйе бойынша екі рет жер аударылды.
Троцкий пермоненттік революцияның ұстамды болған. Оның басты жауы- Сталин болған. Тағы Троцкий КСРО- да демократизация істеу керек айтты. Троцкий " Перманенттік революцияны теориясы", " История русской революции" деген кітаптар жазған.
Ұлы Қазан төңкерісі жетекшілерінің бірі.Ленин қайтыс болғанан кейін Сталин жүргізіп отырған саясатқа қарсы шығып, оның саяси бәсекелесіне айналды .1924 РК (б)П тарапынан (ұсақ буржуазиялық ауытқушылық)ретінде айыпталып,оны жақтаушылар(троцкийшілер)деп аталады.1927 жылы партия қатарынан шығарылды.1929 жылы ОГПУ-дің шешімімен КСРО аумағынан аластатылды. Өмірінің ақырына дейін Стамбул маңында,Францияда,Норвогияда,Мехико тұрды . 1940 жылы НКВД-ның арнайы жіберген арнайы агенті Р.Меркадердіңқолына қаза тапты. Ол Троцкийді тауға шығушылардың мұз шабатын балғасымен басынан ұрып өлтірген болатын. Р. Маркадер 20 жыл Мексика түрмесінде жатып шыққан соң 60 жылдарда КСРО ға келіп, Кеңес одағының батыры атанып, Ленин орденімен марапатталады.
- 1898 жылы патша өкіметі оны тұтқынға алып, Иркутск губерниясына жер аударды.
- 1900 жылы айдаудан қашып, Лондонға В.И. Ленинмен және өзге де ресейлік революционер-эмигранттармен тығыз байланыс орнатты.
- 1903 – 1905 жылы РСДЖП-ның белсенді мүшесі ретінде оның большевиктер мен меньшевиктер фракциясына бөлінуіне қарсы шығып, партияны қайта бірігуге шақырды. Ресейде болатын революция дүние жүзі пролетариатын оятып, социологиялық революцияға ұласады деген “перманентті” (үздіксіз) революция теориясын ұсынды.
- 1905 – 1907 жылы Ресейге оралып, Петербург жұмысшы депутаттары кеңесіне жетекшілік етті, оның органы “Известия” газетінің редакторы қызметін атқарды.
1908 – 1912 жылы Венада шығып тұрған “Правда” газетінің редакторы болды.
- 1912 жылы меньшевиктермен бірлесуді жақтауына байланысты Ленин тарапынан айыпталып, большевиктер партиясы қатарынан шығарылды.
- 1914 жылы меньшевик П.В. Мартовпен бірлесіп, Парижде “Наше слово” газетін шығарды. Бұл газет 1-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты француз өкіметі тарапынан немістердің мүддесін жақтаушы ретінде айыпталып, Троцкий Франциядан қуылды.
- 1916 жылы Троцкий АҚШ-қа барып, онда “Новый мир” атты газеттің редакциясында қызмет етті.
- 1917 жылы мамырда Ресейге оралып, Петербор жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне төрағалық етті. Большевиктер партиясы қатарына қайта қабылданып, оның Орталық Коммитетіне мүше болып сайланды.
- Қазан төңкерісі жетекшілерінің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін 1917 – 1918 жылы РКФСР Сыртқы істер халық комиссары болды.
- 1918 – 1925 жылы Әскери істер халық комиссары, Революциялық әскери кеңестің төрағасы болды. Қызыл Армияның негізін қалап, Азамат соғысы жылдарында оның майдандағы қимылдарына жетекшілік етті. Қызыл террордың жүргізілуін қолдап, кеңестік билікке наразылық танытушыларды аяусыз жазалауды ұйымдастырды. Ленин қайтыс болғаннан кейін И.В. Сталин жүргізіп отырған саясатқа қарсы шығып, оның саяси бәсекелесіне айналды.
- Троцкийдің саяси ұстанымдары 1924 жылы РК(б)П тарапынан “ұсақ буржуазиялық ауытқушылық” ретінде айыпталып, оны жақтаушылар “троцкишілдер” деп бағалады.
- 1927 жылы Троцкий партия қатарынан шығарылып, Алматыға жер аударылды. Мұнда ресми билікке оппозицияда болған қазақ қайраткерлерімен байланыс орнатты.
- 1929 жылы ОГПУ-дің шешімімен КСРО аумағынан аластатылды.
- Ол 1933 жылға дейін Стамбұл маңындағы аралда, 1933 – 35 жылы Францияда, 1935 – 37 жылы Норвегияда тұрды.
- 1937 жылы Мексика президенті Карденастың шақыруымен Мехико қаласына барып орналасты. Ол эмиграцияда жүріп, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйені сынауды одан әрі жүргізді. НКВД-ның арнайы жіберген испандық агенті Р.Меркадердің қолынан қаза тапты.
1940 жылы 20 тамызда Мексикада паналап жүрген Троцкийдің қасына қолжазба көрсетуге НКВД жендеті Рамон Меркадер келеді. Троцкий қолжазбаны оқып тұрғанда Рамон оның басынан шыңға шығушылардың мұз шабатын балтасымен бірақ ұрады. Ауыр жараланған Троцкий келесі күні жан тапсырады. Рамон Мексика түрмесінде 20 жыл жатып, босаған соң КСРО ға келеді. НКВД басшысы оған тіке жолығып, оған КСРО-ның батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталады.[1]
Иосиф Виссарионович Сталин (Джугашвили)
Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршал, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған.
- 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті.
- 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иленеді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды.
- 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жүріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды.
- 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 1917 жылы қарашаның 8-де болған 2-ші съезінде Ұлт істері халкомы ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 жылмен 1922 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды.
- 1918 – 20 жылдардағы Азамат соғысы кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды.
- 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. Осы қызметте 31 жыл 1953 жылға дейін отырды. КСРО – ны құруға белсене қатысты. . Алғашқы кезде «автономияландыру», яғни бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енгізу жобасын ұсынды.
- Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1922 жыл желтоқсанда болған 1-ші съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 1924 жыл мамырда болған 13 – съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті.
- Ресурс 2
Съезге хат
Мен осы съезде біздің саяси құрылымымызда бірқатар өзгерістер енгізуге кеңес берер едім.
Мен сіздермен ең маңызды деп санайтын ойларыммен бөліскім келеді.
Біріншіден мен ОК мүшелерінің санын бірнеше ондыққа дейін немесе тіпті жүздікке дейін көбейтуді көздеймін. Менің ойымша, біздің Орталық Комитетке, егер оқиғалар біз үшін әбден қолайлы болмаса (ал оған біз сене алмаймыз), - егер біз мұндай реформа жасамаған жағдайда үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Содан кейін, менің ойымша, съездің назарына мемлекеттік жоспардың белгілі шарттарына заңнамалық сипат беруді ұсынамын.Осы ретте белгілі дәрежеде және белгілі жағдайларда
жолдас Троцкийдің ұсынысын қабылдау қажет.
Жазбалардың жалғасы.
24 желтоқсан 22 ж.
....Мен жоғарыда айтып өткен Орталық Комитеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, мұндай шаралар ақылға қонымды .
Менің ойымша, бұл тұрғыдан тұрақтылық мәселесінде негізінен Сталин мен Троцкий сияқты ОК мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа көңіл бөлу керек сияқты.Сондықтан ОК мүшелерінің санын 50-ге дейін, 100 адамға дейін ұлғайтуды қолға алу қажет.
Жолдас Сталин Бас хатшы ретінде, өз қолына шексіз билікті шоғырландырды,және ол әрдайым осы билікті абайлап пайдалана алатынына сенімді емеспін. Екінші жағынан, жолдас Троцкий, ҚЖХК туралы сұраққа байланысты ОК-ге қарсы күресі дәлелдегендей, тек қабілетті ғана адам емес. Жеке өзі, бәлкім, осы ОК-дағы ең қабілетті адам, бірақ істің таза әкімшілік жағына көп көңіл бөледі және шамадан тыс өз-өзіне қатты сенімді.
Қазіргі кездегі ОК-тегі екі көрнекті көсемдерінің бұл екі қасиеті біздің партия оған кедергі жасауға шаралар қабылдамаса бөлінуге әкелуі мүмкін,
ХАТҚА ҚОСУ
Сталин тым дөрекі. Бұл кемшілігіне біздің коммунистер арасында шыдауға болады,бірақ, бас хатшы қызметінде бұған төзуге болмайды.. Сондықтан мен жолдастарыма Сталинді осы орыннан ығыстыру тәсілін ойлауды және осы орынға барлық жағынан жолдас Сталиннен ерекшеленетін басқа адамды тағайындауды ұсынамын. Ол шыдамды, адал, жолдастарына барынша сыпайы және мұқият және т.б. болуы тиіс.Бұл жағдай аса маңызды емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ мен Сталин мен Троцкийдің өзара қарым-қатынасы туралы жоғарыда жазған көзқарасымда, бұл ұсақ-түйек емес, немесе бұл шешуші мәнге ие болатын ұсақ-түйек деп ойлаймын.
….....ОК-тің жұмысшы мүшелерінің қатарына бес жыл ішінде бізде кеңес қызметкерлерінің қатарына ұсынылған қабаттан төмен тұрған және қатардағы жұмысшылар мен шаруалардың қатарына жақын келетін, алайда, тікелей немесе жанама қанаушылар қатарына енбейтін жұмысшылар кіруі тиіс. Менің ойымша, мұндай жұмысшылар ОК-ның барлық отырыстарына қатысып, ОК-ның барлық құжаттарын оқи отырып, біріншіден, ОК-ның өзіне тұрақтылық бере алатын, екіншіден, аппаратты жаңарту мен жақсарту жөнінде шын мәнінде жұмыс істеуге қабілетті, кеңес сапына берілген жақтаушылардың кадрын жасақтай алады.
Ресурс 3
Оқиғалар мен күндер
- «Ұлы бетбұрыс жылы» - 1929 ж.
- Шығыс-Қытай темір жолындағы жанжал– 12 қазан – 22 желтоқсан 1929 ж.
- Бірінші бесжылдық – 1928-1932 жж.
- Екінші бесжылдық – 1932-1937 гг.
- Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу– 1929 ж.
- Жаппай жұмыссыздықты жою, еңбек биржаларын жабу – 1930 ж.
- Халықты жабдықтаудың карточкалық жүйесі – 1930-1935 ж.
- Паспорт жүйесін енгізу – 1932 ж.
- 1932-1933 жж. аштық
- КСРО – ның жаңа Конституциясын қабылдау-1936 ж.
- Жоғарғы Кеңеске алғашқы сайлау-1938 ж.
- Жаппай репрессия – 1937-1938 жж.
- Хасан көліндегі жанжал -1938 жылғы 24 шілде-11 тамыз
- Халхин-Гол өзені маңындағы ұрыстар – 11 мамыр – 16 қыркүйек 1939 ж.
- Шабуыл жасамау туралы кеңес-германдық шарт-23 тамыз 1939 ж.
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы-1939 жылғы 1 қыркүйек
- Кеңес-фин ("қысқы") соғысы – 30 қараша 1939 ж. – 13 наурыз 1940 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?