Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары.

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 9 сынып

Қатыспағандар саны:

Қатысқан оқушы саны:

2-бөлім. Халықаралық ұйымдардың құрылуы

Сабақ тақырыбы: Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері қандай?

Оқыту мақсаттары:

Концепт: себеп және салдары; маңыздылығы

9.2.3.2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне әсерін бағалау;

9.3.2.4 қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі әлемдегі бірігу және бөліну процестерін бөліп көрсету

 Сабақтың мақсаттары:

соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептерін айқындау

 Бағалау критерийлері:

 

 

 

 

Адам құқықтарын қорғаудағы қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдары қызметінің тиімділігін айқындайды;

Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі әлемдегі бірігу және бөліну процестерін көрсете алады;

 

 

 Тілдік мақсаттар:

Пәндік сөздік және терминология:

Еуропалық интеграция, ыдырау-бөліну, КБЕБ, Еуроатом, ЕО, Ортақ нарық, Еуропалық Одақ

 Құндылықтарды дәріптеу:

Патриотизмді, еңбек пен шығармашылыққа деген көзқарасты, ашықтық, ынтымақтастық, құрмет және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру

Алдыңғы сабақ:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

Сабақ барысы

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-шаралар (бағандардың мазмұнын жоспарланған іс-шараларға ауыстырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Миға шабуыл

Тапсырма:

Тақтаға интеграция терминіне қатысты туындайтын ассоциация-сөздерді жазыңыздар. Жұптарыңызбен интеграция терминімен сөйлем құрыңыз және дәптерге жазыңыз.

Оқушылар өз ассоциациялары мен ұсыныстарын оқиды. Содан кейін жетелеуші сұрақтардың көмегімен сабақ тақырыбын, оқыту мақсатын және бағалау критерийлерін бірлесіп анықтайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

25 мин

Мұғалім келесі сұрақ бойынша ойлануды ұсынады: Неліктен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны біріктіру мәселесі туындады?

Пікірталас нәтижесінде оқушылар соғыстан кейінгі еуропалық интеграцияның алғышарттары мен себептерін анықтайды.

КБЕБ негізін қалаушылардың бірі Роберт Шуман тек интеграция ғана Еуропаны жаңа әскери қақтығыстан құтқара алады деп есептеді. Сонымен бірге КБЕБ шеңберіндегі ынтымақтастық барлық қатысушы елдерде өнеркәсіптің дамуына септігін тигізіп, олардың экономикалық теңесуіне ықпал етуі керек еді.

Тапсырма:

Ақпараттық парақты пайдалану

1-топ -қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі интеграция процестерінің себептерін анықтайды

2-топ -қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі әлемдегі бөліну процестерінің себептерін анықтайды

3-топ -адам құқықтарын қорғаудағы қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдары қызметінің тиімділігін айқындайды (интернет-ресурстарды пайдалану арқылы)

http://imc-i.ru/userfiles/ufiles/NS/pt01_Hapchaev.pdf

Қосымша:

Сабақтың  соңы

5 мин

Рефлексия

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:

Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері................

Еуропалық интеграцияның мақсаты……

Адам құқықтарын қорғаудағы қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдары қызметі тиімді/ тиімді емес, өйткені .........

Таныстырылым

Қосымша ақпарат

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Метапәндік байланыстар: Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс

Ой түю:

Сабақтың мақсаттары /оқыту мақсаты шынайы қойылды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Менің жүргізген саралау жұмысым іске асты ма? Мен ойлағанымды уақыт шеңберіне сыйғыза алдым ба?

Сабақтың жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі  аспектісін көрсетіңіз   (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға қандай екі нәрсе ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу