Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын неліктен шығарды? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, қосымша материал.


1964 ж. 2 шілдеде АҚШ Президенті Джонсон сауда, қызмет көрсету саласында және жұмысқа қабылдау кезінде нәсілдік кемсітушілікке тыйым салатын, Конгресте қабылданған 1964 жылғы Азаматтық құқықтар туралы Заңға (ағылш.) қол қойды. 1964 жылы қазан айында Нобель сыйлығының иегері атанған Мартин Лютер Кинг Алабаманың Селма қаласында қара нәсілділерді сайлаушылар тізіміне қосу жөніндегі науқанды бастады. 1965 жылы 7 наурызда Селманың шет жағында санкцияланбаған демонстрацияға қатысушылар аяусыз соққыға жығылып, 78 адам жарақат алды. Бұл қырғынның фотосуреттері әлемнің барлық ірі газеттерінің бетіне басып шығарылды.

Селма науқанының нәтижесінде АҚШ Конгресі 1965 жылғы Сайлау құқығы туралы Заңды (ағылш.) қабылдап, оған сәйкес тек федералдық билік қана сайлаушылар тізімін жасаумен айналысатын тіркеушілерді тағайындайтын болды.

1966 жылдан бастап қара нәсілділер қозғалысының белсенді орталығы АҚШ-тың оңтүстігінен солтүстік штаттар қалаларының негр аудандарына көшті. Стокли Кармайкл "қара күш" (ағылш. -Black Power) атты радикалды ұран тастағанда, оны азаматтық құқықтар қозғалысының кейбір жетекші ұйымдары іліп әкетті. Бұл ұранның жақтаушылары ақтармен ымыраға келмеу қажеттігін алға тартты. Кинг және оның жақтастары бұл көзқараспен келіспеді, өйткені ол ашу-ыза мен жеккөрушілікке негізделген болатын. Олардың пікірінше, қара америкалықтар үшін теңдікке апаратын жол тек АҚШ-тың әртүрлі нәсіл өкілдерінің бауырластығы болатын.

1967 жылдың жазында 128 қалада бой көтерген қара нәсілділердің көтерілістері Ньюарк пен Детройтта қан төгілумен аяқталды. Қара гетто жағдайына қоғам назарын аудару үшін Оңтүстік христиан басшылығының конференциясы штаб-пәтерін Чикагодағы кедей аудан -Лоундейлге көшірді. Пәтер жалдаушылардың одақтары құрылды, олар жергілікті тұрғындардың жыртық лашықтардың иелері — "сламлордтар" алдындағы құқықтарын қорғады. Көптеген америкалық зерттеушілердің пікірінше, Кинг және оның серіктестері туындаған мәселелерді шешу үшін қара геттодағы өмірден түңілген кедейлердің стихиялық ашуы мен жойқын энергиясын ұйымдасқан зорлық-зомбылықсыз наразылық арнасына біраз уақыт болса да бағыттай алды.

1967 жылы Кинг "кедейлердің Вашингтонға жорығы" (ағылш.) идеясын алға тартып, барлық кедей америкалықтарға (қара болсын, ақ болсын) жұмыс пен күнкөріс шегіне кепілдік беретін экономикалық құқықтар туралы заң қабылдауды талап етті. Вашингтонда олар демонстрациялық шатырлы қалашық тұрғызып, қаланың ірі жолдарын жауып, үкіметтік мекемелердің алдында отырықшыландырылған ереуілдер ұйымдастыруы керек еді. Маршты бастау 1968 жылдың 22 сәуіріне жоспарланған болатын, бірақ бұл шара өтпей қалды, өйткені 1968 жылдың 4 сәуірінде Теннесси штатының Мемфис қаласында Кингті өлтіріп кетті. 1968 жылдың жазында Кингтің серігі Ралф Абернети "кедейлердің Вашингтонға жорығын" бастап шықты, бірақ ол сапар сәтсіз болды. АҚШ Конгресі үйлерді сату және жалға беру кезіндегі десеграция туралы заң қабылдады, бірақ қара нәсілділердің нақты экономикалық теңсіздігін бір-екі заң қабылдаумен шешу мүмкін емес болатын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу