1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? Дүние жүзі тарихы. 9 сынып, сабақ жоспары.
1 бөлім | ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы | ||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||
Сынып: | 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | 1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 9.3.2.2 «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттайды. «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіреді. У.Черчилльдің қырғи қабақ соғысындағы ролін сипаттайды. | ||||||||||
Тарихи концепт | Дәлел | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Терминдер: қырғи қабақ соғыс, берлин блокадасы, Кариб дағдарысы, Ауған соғысы, Вьетнам соғысы, Корей соғысы. НАТО құрылуының себептері… Кариб дағдарысының маңыздылығы… Қырғи қабақ соғысының бетбұрысты кезеңі… | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, гуманизм, өмір бойы оқу | ||||||||||
АКТ-ны қолдану | Ақпаратты талдау және өңдеу дағдылары, картамен жұмыс жасау. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Саясат, география. | ||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар ұлттық мемлекеттердің қалыптасу үдерісі, сонымен қатар империализм мен отаршылдық саясаттың ерекшеліктері туралы білімдерін қолдана алады. Сонымен бірге, олар Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде орын алған мемлекеттік шегаралардың өзгеруі және отарлар мен метрополиялардың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тағдыры жайында хабардар. | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (С) Білімді жандандыру. Оқушылар келесі сөйлемді аяқтайды: Қырғи қабақ соғысының басталуы келесі себептерге байланысты... Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін таныстыру. | Презентация слайдтары | |||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 2 минут 2 минут 10 минут 13 минут | (Д)(ф) Оқушылар У.Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзінің үзіндісімен танысады. Тапсырма:
Талқылау. Өзін-өзі тексеру, бағалау.
(М) Оқушыларды қырғи қабақ соғысының белгілері мен негізгі кезеңдерімен таныстырыңыз. (Т)(ф) Сыныпты 5 топқа бөліңіз. Оқушылар қырғи қабақ соғысының аясында болған 5 оқиғаны қарастыратын болады. Оқушыларға ақпараттық парақтарды таратып, келесі тапсырманы орындатыңыз: 1. Берілген оқиға туралы ақпаратты оқып шығыңыздар. 2. Оқиғаның негізгі кезеңдерін кластер түрінде рәсімдеңіздер.
Оқушыларға бағалау парақтарын таратыңыз. Оқушылар бағалау парақтарын талқылау барысында қолданады. (Ф) Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Регламент 2-3 минут. | НАТО http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/nato-membership/5633.html ВШҰ http://www.warsaw-life.com/poland/warsaw-pact НАТО и ВШҰ http://history.state.gov/milestones/1953-1960/WarsawTreaty Қырғи қабақ соғыс http://www.funfront.net/hist/europe/coldwar.htm https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81 http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/airlift-helps-to-end-blockade-pt-2-4/10384.html http://ansya.ru/health/ou-distemelik-keshen-ksiptik-bilim-berudi-memlekettik-standart/pg-4.html | |||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақты қорытындылау. Рефлексия. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?