Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы. 9 сынып, қосымша материал 3.


Тапсырма: мәтінді оқып, екі саяси блок арасындағы қарамақайшылықты сипаттаңыз.

Бұл қақтығысқа НАТО блогы мен ВШҰ блогының қатысуы туралы дәлелдер келтіріңіз

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Бұл жанжалға әскери-саяси блоктардың араласуы қаншалықты ықпалды болғанын бағалаңыз?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Бұл қақтығыс халықаралық жағдайға әсер етті ме? Әсер етсе қандай дәрежеде?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Берлин қабырғасы

 Германияны екіге бөлген «Берлин қабырғасының» ұзындығы 155 шақырымды құрады, оның 43,1 шақырымы Берлинді екіге бөлді. Қабырға кірпіштен, кейін бетоннан тұрғызылды. Онда 293 төбеден қарауылдайтын бекет, 57 бункер, ені 10 метр болатын «өлім линиясы», патрульдік бақылау, 100 метрлік ешкім жүрмейтін, рұқсат етілмейтін аймақ болды. «Берлин қабырғасы» «өмір сүрген» 28 жылға уақыттың ішінде қамал арқылы қашқан 70 адам атып өлтірілді, жүзден астам азамат жарақат алды, 3 мың адам ұсталды. Оның ішіндегі ең күрделісі 1964 жылдың қазанында жүзеге асты. Қабырғаның астынан ұзындығы 145 метрлік үңгір қазып, 57 неміс арғы беттегі қандастарына қашып кетті.

 1961 жылы 13 тамызда Берлин қабырғасын салу басталды. Қабырғаны салудағы мақсат – ГДР-нан Батыс Берлинге кететін қашқындар санының жылдан жылға артуын тоқтату еді. Айта кету керек, қабырға салынбас бұрын батысқа қашқандар саны екі миллионға жеткен. Осыған байланысты Батыс елдері қарсылық танытқан, ГДР мен ГФР-да шеру өтті. Алайда, бұл еш нәтиже бермеді. Берлиннің қақ ортасында бетоннан құйылған бес метрлік қабырға бой көтерді. Қабырғаның жоғары жағына тікенек сым тартылып, қарауылы бар мұнара орнатылды. Қаланы екіге бөліп тұрған қабырғаның ұзындығы 45 шақырымды құрады. 1989 жылдың 9 қарашасында ГДР-да коммунистік режим құлағаннан кейін, Берлин қабырғасы бұзылды. Бүгінде Берлин қабырғасының музейі бар.

 Кеңес Одағының Екінші Дүниежүзілік соғысындағы жеңісінен кейін Жер шарында екі лагерь пайда болды. Бірі НАТО ұйымына мүше елдер болса, екіншісі Варшава шарты ұйымына қатысушы мемлекеттер. Варшава шарты ұйымына негізінен, соғыстан азат етілген мемлекеттер кірді. Сөйтіп, Еуропа аумағында оннан астам социалистік мемлкеттер пайда болды. Соғыстағы жеңістен кейін халықаралық аренада Кеңес Одағының абыройы күрт артты. Кез келген ел Кремльмен санасатын болды. Алайда шығын мен нәтиже әкелген қанды соғыстың әлі жылдарға созылатын түйткілі жетерлік болды. Соның бірі – Германия. Германияның шығыс жағын Кеңес Одағы иеленіп, ГДР мемлекетін құрса, оның батыс жағына АҚШ-тың жақтастары орналасып ФРГ елін құрды. Алайда мұндай бір елдің екі жаққа бөлінуі Кеңес Одағына, оның басшысы Хрущевке ұнамады. Ел астанасының батыстық және шығыстық бөліп екіге жарылуы халықаралық жағдайды тіпті қиындатып жіберді. 1958 жылы Кремль басшысы Никита Хрущев батыс Берлинге өз тәуелсіздігін бере отырып, оны «еркін қала» деп жариялау туралы бастама көтерді. «Егер НАТО елдері бұл шартқа көнбесе, онда КСРО тек ГДР-мен келісімшартқа отырады. Ол шарт бойынша Батыс Берлин «еркін қала» болып саналғанымен, америкалықтар мен француздар және британия билігі қалаға келіп кету үшін Шығыс Берлиндегі неміс билігінен рұқсат алуы керек». Алайда бұл бастама НАТО билігіне ұнаған жоқ 1958-1961 жылдары Берлин Еуропадағы ең «ыстық нүкте» болып қала берді. Тіпті Кремль басшысы Никита Хрущев қалыптасқан жағдайға баға бере келіп, «Батыс Берлин – Кеңес Одағының тамағына тығылған сүйек» деп жіберді. Шындығында солай еді. Ақиқаты, соғыс аяқталған кейінгі ондаған жылдар ішінде НАТО жақтастарының күшімен Батыс Германия, яғни ФРГ-нің экономикасы күрт өрлей бастады. Шығыс жақтағы немістер батыс Берлинге қаша бастады. Адамдардың көшу тасқынын тоқтату мүмкін болмады. Сондықтан қандай да бір шара қолдану қажет еді. Негізі о баста Берлин төрт секторға бөлінгені белгілі. Оны барлық елдердің өкілдері кіретін Одақтық комендатура басқарды. Уақыт өте келе Кеңес Одағы одақтық басқару органына қатысты барлық келісімшарттарды үзді де, ГДР-дің астанасы етіп Берлинді жариялап жіберді. Батыс жақты басқарып тұрған үш елге дереу осы аймақты тастап шығу туралы ультиматум қойылды. Алайда батыстың державалық елдері бұл талапты қабылдамады. Негізі халықаралық жағдайдың осы кезде шиеленіскені соншалық, Еуропадағы жағдай «Берлин дағдарысы» деген атауға ие болды. Тіпті «Берлин дағдарысын» шешуге арналған АҚШ президенті Кеннеди мен КСРО басшысы Хрущевтің арасында 1961 жылғы Венада өткен кездесу де сәтсіз аяқталды. Кездесу қырғи-қабақ жағдайда өтті десе де болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу