Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы. 9 сынып, қосымша материал 1.


Тапсырма: мәтінді оқып, екі саяси блок арасындағы қарамақайшылықты сипаттаңыз.

Бұл қақтығысқа НАТО блогы мен ВШҰ блогының қатысуы туралы дәлелдер келтіріңіз

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Бұл жанжалға әскери-саяси блоктардың араласуы қаншалықты ықпалды болғанын бағалаңыз?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Бұл қақтығыс халықаралық жағдайға әсер етті ме? Әсер етсе қандай дәрежеде?

Вьетнам соғысы

 Вьетнамдағы соғысқа АҚШ 2,6 миллион әскерін қатыстырып, оған 352 миллиард доллар жұмсады. 60 мың сарбазынан айрылды, 303 мың жауынгері жараланды. Ал Вьетнамның 2 миллион бейбіт тұрғыны, 1,1 миллион жауынгері қайтыс болды. Соғыс қалай, неден басталған еді? КСРО мен АҚШ-тың көздегені не еді? 

 АҚШ Оңтүстік Вьетнамның одақтасы

 1961 жылы АҚШ-тың қарулы күштеріне тиесілі екі тікұшақ ротасы Оңтүстік Вьетнамға ұшып келеді. Осыдан кейін АҚШ әскери мамандарын Оңтүстік Вьетнам армиясын әскери дайындықтан өткізу үшін жібереді. Ол кезде Кеннеди әкімшілігі АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы одақтастарын "коммунистік агрессиядан қорғау" үшін барлық мүмкін шараларды қолданатыны туралы мәлімдеме жасайды. Осылайша бүкіл әлем АҚШ-тың Вьетнамдағы әскери операцияларға қатысатынын біледі. 1963 жылы АҚШ үкіметі Оңтүстік Вьетнамда Зьемге қарсы төңкеріс дайындалып жатқандығы туралы хабар тауып, төңкеріс ұйымдастырушылармен байланысқа шығады. Төңкерістен соң, Нго Дин Зьем ұсталып, келесі күні ағасымен бірге өлім жазасына кесіледі. Зьемнің орнын басқан басшы саяси тұрғыдан өте әлсіз екендігі және елді басқара алмайтыны белгілі болады. Нәтижесінде партизандар Оңтүстікті бақылауға алады. АҚШ Оңтүстік Вьетнам армиясына көмектесу үшін көбірек әскер жібере бастайды. 

 Вьетнам соғысындағы шығындар

 Оңтүстік Вьетнам тарапы бұл соғыста 250 мың әскерінен айрылды. 1 миллион сарбаз жарақат алды. Соғыс кезінде Солтүстік Вьетнам және оны қолдаған оңтүстік партизан топтарынан 1 миллионнан астам сарбаз және 2 миллион бейбіт тұрғын қаза тапты. Вьетнам соғысына 2,6 миллион АҚШ әскері қатысып, олардың 60 мыңы АҚШ-қа темір табытпен қайтты. Қаза болған жауынгерлердің алпыс төрт пайызы 21 жасқа толмаған өрімдей жастар еді. Сонымен бірге, бұл мағынасыз соғыста АҚШ-тың 303 мың сарбазы жараланды. Соғыстан соң 20 мың соғыс ардагері суицид жасады. 1953-1975 жылдар аралығында АҚШ Вьетнамдағы әскери операцияларға 168 миллиард доллар жұмсады. Басқа бір деректерде, АҚШ соғысқа 352 миллиард доллар жұмсап, 9 мың ұшақ пен тікұшағынан айрылғаны айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу