Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, қосымша материал.


Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.

1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу