Версаль - Вашингтондық жүйе қаншалықты тұрақты болды. Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал.
Ұлттар лигасы- "халықтар арасында әріптестікті дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі" болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1919-1920 жылдары Париж бейбіт конференциясында құрылған 'Ұлттар Лигасының Жарғысы' бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен және соғыста бейтараптық ұстанған 13 мемлекетпен бекітілді. АҚШ Ұлттар Лигасының Жарғысын бекітпей, оның құрамына кірмей қалды.
Ұлттар Лигасының негізгі органдары Ұлттар Лигасының Ассамблея және Кеңесі болды. Ұлттар Лигасында дербес ұйымдар дәрежесінде халықаралық әділ соттың Тұрақты палатасы, Халықаралық еңбек ұйымы және тағы басқаны құрылды. Ұлттар Лигасының негізгі органдары Женевада(Швейцария) орналасты.
Мұндай ауқымдағы халықаралық ұйымның құрылуының негізгі алғышарттары Бүкіләлемдік пошта одағы (1874 жылы негізі қаланған), Қызыл Крест, Гаага конференциялары және Тұрақты арбитражды сот (Гаагалықтрибунал) сияқты ұйымдар болды. Ұлттар Лигасы I дүниежүзілік соғыстың аяқ шенінде Ян Шмутц, лорд Роберт Сесил, Леон Буржуа сынды көрнекті саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің идеяларының іс жүзіне асуымен болды.
Егер бастапқыда Ұлттар Лигасының мүшелері I дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШтан өзге), сондай-ақ бейтарап елдердің көпшілігі болса, кейінірек басқа мемлекеттер де кірді: Болгария (1920), Австрия (1920), Венгрия (1922), Германия (1926), Мексика (1931), Түркия (1932). 1930-шы жылдары ортасында Германия, Италия және Жапония тарапынан қауіптің өсуіне байланысты Ұлттар Лигасының 30 мүшемемлекеті КСРО-ға ұйымға кіруге ұсыныс жасады. 1934 жылы 18 қыркүйекте КСРО Ұлттар Лигасына мүше болып, Кеңесте тұрақты орын алды (1939-1940 кеңестік-финляндиялық соғыстың басталуынан кейін Ұлыбритания мен Францияныңбастамасымен Ұлттар Лигасы Кеңесі 1939 жылы 14 желтоқсанда КСРОны құрамынан шығару жөнінде шешім қабылдады). Қызметінің бастапқы жылдарында Ұлттар Лигасы бірқатар халықаралық дауларды шешті. Ұлттар Лигасы босқындарға көмек көрсетіп, құлдар сатуды, опиум сатуды ауыздықтап, алғаш рет қоғамдық денсаулық сақтау жағдайына зерттеу жүргізді, мұқтаж елдерге қаржылай көмек көрсетті, еңбек және жұмыспен қамту саласында халықаралық әріптестікті дамытты.
Алайда уақыт өте келе ұйым қызметінің тиімділігі күн санап төмендей берді. 1940 жылы Ұлттар Лигасы іс жүзінде өз қызметін тоқтатты. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҮ) Ұлттар Лигасынан дербес қызметін жалғастыра берді, кейіннен БҰҰ жүйесінің арнайы мекемелерінің бірі болды. Ресми түрде Ұлттар Лигасы 1946 жылы сәуірде арнайы шақырылған Ассамблеяныңшешіміне сәйкес өз жұмысын тоқтатты.
Ұлттар Лигасы - БҰҰ құрылуына негіз болған, егемен мемлекеттердің халықаралық ұйымының алғашқы үлгісі. Ұлттар Лигасын құру тәжірибесі басқа ұйымдарды құруда қолданылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?