ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологиялар Бірінші дүниежүзілік соғыс барысына қалай әсер етті? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, презентация.


Бөлім атауы 1. Бірінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологиялар Бірінші дүниежүзілік соғыс барысына қалай әсер етті?

Оқу мақсаттары:

Әскери ғылым мен техниканың рөлін, әскери стратегияны, тарихи оқиғаларды түсіндіру.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылым рөлін бағалау,

тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңыздылығын анықтау.

Бағалау критерийлері:

Әскери ғылым мен техниканың рөлін бағалайды, тарихи оқиғадан 2-4 мысал келтіріп, тұжырым жасайды.

Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның рөлін бағалаудың 2-3 мысалын келтіреді, себептер мен нәтижелер түрінде бекітеді және қорытынды жасайды.

Тапсырма №1 Жұптық жұмыс.

Топтық жұмыс: 1900-1950 жылдар аралығындағы маңызды өнертабыстар туралы хроникалық жазба әзірлейді.

Хроникалық жазбаны сынып қабырғасына іліп қоюға болады. (7 мин.)

Дискриптор

Тапсырма №1 Топтық жұмыс.

Сол кезеңде өмір сүрген адамдарға қажетті үш техникалық өнертабысты таңдаңыз. Өз шешіміңізді келесі жұппен салыстырыңыз. Кез келген айырмашылықты талқылаңыз.

(5 мин.)

Дискриптор

Тапсырма №1 Жеке жұмыс.

Ең маңызды техникалық өнертабысты немесе дамуды таңдаңыз. Өнертабыстың маңыздылығын қалай түсіндіресіз? Қысқаша түсінік жазыңыз (50 сөз)

Келесі критерийлер бойынша ойланыңыз:

Қарапайым адамдардың өмірін өзгертті

Қарапайым адамдардың өмірін жақсартты

Қарапайым адамдардың өмірін жеңілдетті

Мемлекеттік билікті нығайтуға көшті

Соғысудың әдістерін өзгертті

Сыныпта дауыс беру:

ХХ ғасырдың бірінші жартыжылдығында қандай техникалық өнертабыс немесе даму маңызды болды?

Үй тапсырмасы: ХХ ғасырдың бірінші жартысында зерттелген техникалық және ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар туралы ізденіп келу.  

Эссе жазу: «Бірінші жартыжылдықтың ғылыми-техникалық жаңалықтары қандай? ХХ ғасырда адамзаттың дамуы үшін ең маңызды не болды?».  Бағалау критерийлері:- Эссе жазу барысында осы кезеңдегі ғылым мен техниканың өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді;- Жаңғырту, өсу, ғылыми және техникалық өсу терминдерін дұрыс пайдаланады;- Барлық фактілер бір-бірімен өзара байланысты;- Автордың пікірін білдіре алады.

Рефлексия «ПМИ».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу