Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында қандай келісімшарт қарым-қатынастары қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал 3.
Молотов-Риббентроп пакты (ресми атауы:Германия мен Кеңестік Социалистік Республикаларының Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімі, «Гитлер-Сталин келісімі» деген аттармен де белгілі) —
Бұл келісім он жыл мерзімге жасалды. Келісімге 1939 жылдың 23 тамызында Германия жағынан сыртқы істер министрі Йоахим фон Риббентроп пен кеңестік жағынан сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов қол қойды. Қол қою рәсіміне Иосиф Сталин мен Германияның елшісі граф фон дер Шуленбург қатысты. Келісім 1926 жылғы Берлин келісімімен және Рапалло келісімімен байланысты еді. Келісім Германияның Польшамен және Батыс державаларымен келіспеушіліктер пайда болғанда Кеңес Одағының бейтараптығына кепілдік берді. Келісім бойынша Кеңес Одағы патшалық Ресейдің Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде айырылып қалған территорияларын Германияның қарсылығынсыз қайтарып алуға мүмкіндік алды. Келісімге жасалған қосымша құпия протокол бойынша екі ел Орталық Еуропаны өз мүдде аймақтарына бөлісіп алды. Финляндия, Эстония, Латвия елдері және Польшаның Нарев, Висла және Сан өзендерінен шығыс жатқан бөлігі кеңестік мүдделер аймағына жатқызылды. Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша бұндай анық демаркация сызығы жасалмады. Кеңес Одағы Германия үшін маңызы төмен Бессарабия аймағына өзінің мүдделі екенін жариялады. 1941 жылдың 22 маусымында Германияның Кеңес Одағына шабуылымен келісім өз күшін жойды.
Келісім бойынша, келісуші жақтар бір-біріне шабуыл жасамауға ғана емес, үшінші бір жақпен соғыс басталғанда бейтараптық ұстануға тиіс болды.
Құпия қосымша протоколда Шығыс Еуропаны «территориялық-саяси қайта құруға» алып келуге тиіс Солтүстік-шығыс және Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерін мүдделер аймақтарына бөлінуі сипатталды. Қосымша протоколдың төрт пункты төмендегі өзгерістерді алға тартты:
Балтық елдері (оларға Финляндия жатқызылды да, Литва жатқызылған жоқ болатын) бойынша мүдделер аймағы Литваның солтүстік шекарасы бойынша өтуге тиіс болды. Яғни Латвия, Эстония және Финляндия Кеңес Одағының мүдделер аймағы, ал Литва Германияның мүдделер аймағы болып белгіленді.
Польша Нарев, Висла және Сан өзендерінің бойымен екі бөлікке бөлшектенуге тиіс болды. Екі келісуші жақ «тәуелсіз поляк мемлекетінің сақталуы екі жақтың мүдделеріне сай келе ме, әрі ондай мемлекеттің шекаралары қандай болуы» керектігі туралы мәселе «болашақ саяси өзгерістердің барысында анықталуы тиіс» деп өзара анықтап алды.
Кеңес Одағы өзінің Бессарабия аймағына (Бүгін Молдавия мен Украинаның құрамында) мүдделі екенін білдірген соң, герман үкіметі өзінде «бұл аймақтарға деген қызығушылығының мүлдем жоқ» екенін мәлімдеді.
Қосымша протоколды екі келісуші жақ толық құпиялықта сақтауға міндетті болды.
1939 жылғы қыркүйектің 1-де герман Вермахты Польшаға шабуыл жасап, оны тез арада талқандап, 1939 жылғы қыркүйектің 17-де совет әскерлері шығыс Польшаны басып алғаннан кейін екі жақ 1939 жылғы қыркүйектің 28-де Герман-Кеңес шекара және достық туралы келісіміне қол қойып, бұрынғы поляк мемлекетінің аумағын өзара бөлісіп алды.
Келісімнің мақсаты
Германия
Гитлерге бұл пакт батыс Польшаны жаулап алуға мүмкіндік берді. Гитлердің батыс Польшаны жаулап алудағы мақсаты – қауіпті болып көрінген, бүкіл дүниені өзіне қаратуға талпыныс жасап отырған саяси идеологияны жою мақсатымен Кеңес Одағына шабуыл жасау. Екінші мақсаты – өзінің Тіршілік кеңістігі туралы арманын жүзеге асыру. Осы бас жоспар Польшаға шабуыл жасаған күннің өзінде бұған Батыс елдері де, Кеңес Одағы да шара қолданбайды деген Гитлердің болжамына негізделген болатын. Гитлердің Вермахттың Бас штабына берген нұсқауынан үзінді:
«Елдің батыс аймақтарындағы «Батыс қабырғасын» күшейту жұмыстары іске асырылмауы керек. Поляк мәселесі бойынша Батыс елдерімен соғыс болмайды және болуы да мүмкін емес. Осындай болмайтын жағдай туралы әңгімелерді қоздата беру құпиялылыққа, сол арқылы саяси келіссөздерге қауіп төндіреді».
Британияның Германияға қойған ультиматумы Гитлердің осы «бас жоспарын» түкке жарамсыз етіп тастады, себебі Германияның материалдық және адамдық ресурстары бүкілеуропалық соғысты жүргізуге мүлдем аздық ететін. Британияның ультиматумын орындамау Германияны алғашқыда зор жеңістерге алып келгенімен, кейін ол Кеңес Одағына шабуыл жасауға, сол арқылы ақыр соңында толық күйреу мен апатқа алып келді.
Кеңес Одағы
Кеңес Одағы үшін бұл пакт бір жағынан батыс елдерінің өзіне қарсы одақ құруын мүмкін емес етіп тасаса, екінші жағынан Германия мен Жапонияның Кеңес Одағына екі жағынан шабуыл жасау қауіпінің алдын алды. Гитлермен жасасқан пакт Сталинге патшалық Ресейдің бұрынғы аймақтарын (Финляндия, Балтық бойы, шығыс Польша, Буковина, Бессарабия) қайта қосып алуға және бәрібір болмай қоймайтын герман шабуылының қарсаңында Қызыл Әскерді қайта қаруландыруды аяқтауға мүмкіндік берді.
Полония
Поляк үкіметі 1939 жылғы қыркүйектің 17-нде, яғни кеңестік әскерлер Польшаға басып кірген күні елді тастап, Германияға қарсы соғысты жалғастыра беру үшін шетелге бассауғалап кетті. Польшаның айдаудағы үкіметінің басшысы генерал Владыслав Сикорски шетелдегі поляк босқындарынан бірнеше дивизия ұйымдастырып, оларды британ әскерінің құрамына енгізді. 25000 адамнан тұратын тағы бірнеше поляк әскери құрамасы кеңес жағында ұйымдастырылып, Сикорский-Майский келісімінің нәтижесінде басқа поляк әскери құрамаларымен біріктіріліп, британ әскерінің 2-ші Поляк корпусын құрады. Польшаның айдаудағы үкіметінің Польша өзінің ескі шекараларында қалпына келтірілуге тиіс деген талабын британ үкіметі қолдағанымен, ол кеңес үкіметінің үзілді-кесілді қарсылығына тап болды. Катынь қырғыны туралы белгілі болысымен Сикорски 1939 жылы кеңес тұтқынына айналған бірнеше мың поляк офицерінің өлтірілуіне әкеп соққан оқиғалардың тізбегін қалпына келтіре бастағанда, кеңес үкіметі онымен дипломатиялық қатынастарын үзді. 1945 жылғы шілденің 6-нда Ұлыбритания АҚШ-тың үгіттеуімен Кеңес Одағының талабын орындап, Лондондағы айдаудағы үкіметін тануын жоққа шығарды.
Нәтижелері
Польша территориясының өзгеріске түсуі
Германия
Франция, Ұлыбритания мен Кеңес Одағының арасында әскери одақ құрылуының, яғни Германияның бар жағынан қоршалып қалу қаупі жойылғанда, Гитлер батыс одақтастардың тікелей интервенциясынан қорықпай Польшаға шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Бірақ сол екі мемлекет Польшаға берген міндеттемелерін орындаудан бас тартпай отырғандықтан, Германия үшін ең маңыздысы – соғысқа қажетті материалдарды алып отыру үшін Кеңес Одағының бейтарап болуы еді. Оның үстіне Кеңес Одағы сауда-саттық серіктесі әрі маңызды шикізатты жеткізетін транзит елі ретінде ынтымақтасуға дайын тұр еді. Бірнеше экономикалық келісімдердің нәтижесінде тапсыруға тиісті тауарлардың түрі мен мөлшері туралы келісімдер жасалды. Германияның ұсына алатыны негізінен технология мен түрлі машиналар болса, Кеңес Одағы Германияның соғыс экономикасына өте маңызды астық, түсті металдар және мұнай өнімдерін ұсына алды.
Кеңес Одағы
Қосымша протоколда кеңес мүдделер аймағы болып белгіленген жерлерге поляк әскері шегініп, сонда күштерін қайта топтастыра алмас үшін Германия кеңес жағынан әскери күш енгізуді бірнеше рет талап еткен соң 1939 жылғы қыркүйектің 17-нде екі батыс әскери округтың асығыс ұйымдастырылған топтары кеңес-поляк шекарасын кесіп өтті. Поляк әскерлерінің әлсіз қарсыластығына кезіккен олар негізінен украиндер мен белорустар қоныстанған аймақтарды басып алды. Кеңес Одағы өзінің осы қадамын шығыс Польшада көпшілікті құрайтын «бауырлас славян халықтарын» полякмемлекеті тарқатылған соң қорғау үшін жасалған деп түсіндірді. Бірнеше аптаның ішінде сайлаулар ұйымдастырылып, сол аймақтар Белорус КСР-і және Украин КСР-інің құрамына енгізілді. Қыркүйек айының кезінде-ақ Эстония мен Латвиямен де шабуыл жасаспау туралы келісімдер жасалған болатын. Соның барысында осы елдердің үкіметтеріне өз жерінде кеңес әскери базаларының орнатылуына рұқсат беруге зор қысым жасалды. Кейінірек Литва да қосылды. Германияның қарамағына өтуге тиісті Вильна аймағы Литваға берілді. 1939 жылдың қазан айында Кеңес Одағы Финляндияны да осы сияқты келісім жасасуға күштеуге тырысты, бірақ фин үкіметі келіспей, бұл 1939 жылдың қараша айында Қысқы соғыс депаталып кеткен кеңес-фин соғысына әкеліп соқты. Соғыстың нәтижесінде Финляндия біраз жерлерінен айырылып, Ханко түбегінде кеңес әскери базасының орнауына келісуге мәжбүр болды, бірақ өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Басқыншылық саясатының себебінен деп Ұлттар лигасы Кеңес Одағын өз құрамынан шығарды. Герман әскерінің Франция жорығынан кейін Кеңес Одағы 1940 жылғы маусымның 26-да Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Румыния тартып алған Бессарабия аймағын, оған қоса Буковинаның солтүстік бөлігін Кеңес Одағы қайтарып алды. Бұл аймақтар Украин КСР-ның құрамына енгізілді. Оның алдында ғана Балтық бойы елдері Литваға (маусымның 15-інде), Эстонияға (маусымның 17-інде), Латвияға (маусымның 17-інде) кеңес әскерлері басып кіріп, парламент сайлаулары өткізілгеннен кейін Кеңес Одағының одақтас республикалары ретінде қабылданды. Келісім жасалғанна кейін Кеңес Одағы Чехословакияның айдаудағы үкіметімен қарым-қатынас жасауды тоқтатып, Словак республикасымен дипломатиялық байланыстар орнатты. 1941 жылғы мамыр айында кеңес үкіметі өз елдеріне биліктері жүрмейді деген себеппен Бельгия, Норвегия және Нидерландылардың айдаудағы үкіметтерін ресми тануын тоқтатты. Содан кейін көп ұзамай ұқсас себеппен Югославия мен Грекияның үкіметтерімен де байланысты үзді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?