Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және оның барысында елдер арасында қандай шарттық қатынастар қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, қосымша материал 1.
https://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/ANTIGITLEROVSKAYA_KOALITSIYA.htmlhttps://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/SOYUZ_SOVETSKIH_SOTSIALISTICHESKIH_RESPUBLIK_SSSR.htmlhttps://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/SOEDINENNIE_SHTATI_AMERIKI.htmlhttps://www.krugosvet.ru/enc/Earth_sciences/geografiya/SOEDINENNOE_KOROLEVSTVO_VELIKOBRITANII_I_SEVERNO_IRLANDII.html1943 жылғы ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ, 1939-1945 Екінші дүниежүзілік соғыстағы Гитлерге қарсы коалицияның үш одақтас державаларының (КСРО, АҚШ және Ұлыбритания) үкімет басшыларының конференциясы: КСРО ХКК төрағасы И.В.Сталин, АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт және Ұлыбритания премьер-министрі У.Черчилль. 1943 жылдың 28 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін өткен конференцияда алғаш рет "Үлкен үштік" – Сталин, Рузвельт және Черчилль бас қосты.
Конференцияда Рузвельт пен Сталиннің келіссөздер жүргізуге деген ұмтылысы нақты көрсетілді. Черчилль бастапқыда орыстарды оқшаулау стратегиясын ұстанды. Рузвельт кеңес өкілінің жалпы сұхбаттасу алдында барлық ағылшын-американдық кездесулерге қатысуын ұсынды. Халықаралық қатынастарды жаһандық реттеу идеясы Рузвельт пен Сталинге бірдей әсер етті. https://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/ORGANIZATSIYA_OBEDINENNIH_NATSI_OON.htmlЧерчилль бұл тұрғыдан консервативті болды, әсіресе соғыстан кейінгі КСРО-мен арадағы ынтымақтастыққа сенбеді, болашақ жаңа халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тиімділігіне күмәнданды және бұл идеяның артында Ұлыбританияны халықаралық саясаттың шетіне итермелеу жоспары тұрғанын көрді.
Тегеран конференциясының жұмысында одақтастардың соғыс жоспарларын үйлестіру басты орынға ие болды. https://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/FRANTSIYA.htmlАлдыңғы одақтық конференциялардың шешімдеріне қарамастан, Черчилль тағы да англиялық-американдық әскерлердің Францияға қонуын кейінге қалдыру және оның орнына Балқандағы бірқатар операцияларды жүргізу туралы мәселені көтерді (кеңестік ықпал ету бағытының өсуіне жол бермеу үшін). Алайда Сталин мен Рузвельт бұған қарсы болып, Францияның солтүстігін екінші майданның ашылуына жалғыз қолайлы жер деп санады. Екінші майдан 1944 ж. мамырында Францияның солтүстігінде ашылады деп уағдаласты. Сталин кеңес әскерлері неміс күштерінің Шығыстан Батыс майданға ауысуына жол бермеу үшін шамамен бір уақытта шабуыл жасайды деп уәде берді.
Үлкен үштік Түркияны одақтастардың жағында соғысқа қатысуға көндірмек болып келісті.https://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/TURTSIYA.html
https://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/GERMANIYA.htmlКонференцияда Германияның болашағы туралы мәселе талқыланды. Рузвельт пен Сталин неміс экспансионизмінің жандануын болдырмау үшін Германияны ұсақ мемлекеттерге бөлу жағын жақтады. Рузвельт Германияны бес бөлікке бөліп, Киль, Гамбург, Рур және Саарды Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауына беруді ұсынды. Сталин Германияның бірігуіне кез-келген жағдайда жол бермеу керек деп ерекше осы мәселеге ден қойды. Алайда бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
Польша мәселесі конференциядағы ең ауыр және кеңестік-британдық қатынастар үшін даулы болды.https://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/POLSHA.html Осы уақытқа дейін Сталин Лондонда бас сауғалап жүрген поляк үкіметімен қарым-қатынасынhttps://www.krugosvet.ru/enc/Earth_sciences/geografiya/LONDON.html үзді. Британдықтардың қолдауымен көтерілген Смоленск маңындағы Катынь орманында поляк әскерлерін ату туралы мәселені Кремль Мәскеуді аумақтық жеңілдіктерге баруға мәжбүрлеу мақсатындағы бопсалау ретінде қарастырды.https://www.krugosvet.ru/enc/Earth_sciences/geografiya/MOSKVA.html
Тегеранда Сталин шығыс кеңес-поляк шекарасы 1939 жылдың қыркүйегінде белгіленген сызық бойымен өтуі керек екенін растады және Батыс поляк шекарасын Одерге ауыстыруды ұсынды. Мәскеудің бұл мәселеде еш кері шегінбейтінін түсініп, Черчилль бұл ұсыныспен келісіп, Польшаның алған жерлері оның айрылған жерлерінен әлдеқайда жақсы екенін сөз етті. Сталин сонымен бірге КСРО Кенигсбергті өзіне алып, Финляндиямен шекараны Ленинградтан әрі қарай жылжытуды жоспарлап отырғанын айтты.
Конференцияда батыс одақтастардың аумақтық мәселеде Сталинге қарсы тұрмау туралы келісімі анық байқалған. Мұнда соғыстан кейін әлемді жаңа халықаралық ұйымның атын жамылып жұмыс істейтін төрт держава (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) басқарады деген мәлімдеме жасалды. КСРО үшін бұл ғаламат ілгерілеу болды; АҚШ сонымен бірге Вильсоннан кейін алғаш рет жаһандық батылдыққа барды, рөлі біршама төмендеген Ұлыбритания Үлкен үштіктен шығып қалмағанының өзін місе тұтуы тиіс еді.
Конференцияда "Иран туралы декларация" қабылданды, онда қатысушылар "Иранның толық тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын сақтау ниеті туралы" мәлімдеді.
Қорытындылай келе, Сталин Германияны жеңгеннен кейін КСРО-ның Жапонияға қарсы соғысқа кіретінhttps://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/YAPONIYA.htmlіне уәде берді.
Тегеран конференциясы антифашистік коалицияның негізгі державаларының ынтымақтастығын нығайтты және Германияға қарсы соғыс жоспарларын келісімдеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?