: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және оның барысында елдер арасында қандай шарттық қатынастар қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, сабақ жоспары.
7-бөлім: Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары. | Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Букаева Б. С. | |||||||||||
Сынып: 8 сынып | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және оның барысында елдер арасында қандай шарттық қатынастар қалыптасты? | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипатын және салдарын талдау | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы саясатының қайшылықтарын көрсету; | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың сипатын талдайды; Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын талдайды; | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар топтарда жұмыс істеп, батыс елдерінің сыртқы саясатындағы қайшылықтарды және халықаралық қатынастардың сипатын анықтайды Пәндік лексика және терминология: ұжымдық қауіпсіздік саясаты, тынышталдыру саясаты, оқшаулау, Ұлттар Лигасы, Маньчжурия, Абиссиния, аншлус, Судет облысы, Мюнхен келісімі Диалог /жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы: Батыс елдері КСРО-ға сенбеді, өйткені........ Кеңес Одағы Батыс елдеріне сенбеді, өйткені..... Жаңа соғыстың басталуынан қашып кету мүмкін емес еді, өйткені........ | |||||||||||
Құндылықтарды дәріптеу | толеранттылыққа тәрбиелеу, гуманистік дәстүрлер мен қазіргі қоғамның демократиялық құндылықтарын игеруге ықпал ету | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | әдебиет, география сабақтарымен | |||||||||||
Сабақ тұжырымы | дәлелдеме | |||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Ақпаратты іздестірумен, оны іріктеумен байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту; фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру және белгілеу | |||||||||||
Бастапқы білім | Бұл сабақ оқушылардың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар туралы білімімен байланысты | |||||||||||
| ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | (БСМ) Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың сипатын көрсететін суреттер көрсетіледі. Мұғалім оқушылардан суреттер арасындағы байланысты анықтауды сұрайды. Озат оқушылар иллюстрацияларда бейнеленген оқиғаларды атай алады (Мюнхендік сөз байласу, Австрияның аншлюсі, Молотов-Риббентроп пактісі, Берлин-Рим-Токио осі). Қиялас сұрақтардың көмегімен оқушылар суреттер арасындағы қатынасты және соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың сипатын анықтайды. Сабақ тақырыбын, оқыту мақсатын және бағалау критерийлерін бірлесіп анықтау. | Таныстырылым | ||||||||||
Сабақтың ортасы (10 мин) (5 мин) (5 мин.) (10мин.)
| Топтарда бейнематериалмен жұмыс 1 топ – терминдермен және ұғымдармен жұмыс жүргізеді 2 топ –бейнематериал бойынша жоғары деңгейдегі сұрақтарды құрастырады 3-топ- бейнематериал бойынша екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың сипатын талдайды Бағалау критерийлері: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың сипатын талдайды; Дескрипторлар: 1.Кем дегенде 3 термин мен ұғымды дұрыс түсіндіреді; 2. Бейнематериал бойынша кемінде 3 жоғары деңгейдегі сұрақтарды құрастырады 3. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында әлемдегі халықаралық жағдайға кем дегенде 3 қайшылық келтіреді. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау. Карточкалармен жұппен жұмыс Оқушылардың әр жұбы терминдер, анықтамалар және иллюстрациялар бар карталарды алады және оларды байланыстырады. Талқылау нәтижесінде мұғалімнің жұмысын бағалау. (У) 1930 жылдардың екінші жартысында анықтағанымыздай, халықаралық қатынастар жүйесінде екі қарама-қайшы үрдіс байқалады:
Талқылау нәтижесінде оқушылар кестені толтырады:
Топтарда ақпараттық парақтармен жұмыс 1 топ – Тегеран конференциясының шешімдерін талдайды 2 топ – Қырым конференциясының шешімдерін талдайды 3 топ – Потсдам конференциясының шешімдерін талдайды Бағалау критерийлері: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын талдайды Дескрипторлар:
Оқушылар Әткеншек әдісін қолдана отырып, өз жұмыстарын ұсынады. | https://www.youtube.com/watch?v=VxOGpmC7qMg Сыртқы саясат. Жаңа дүниежүзілік соғыс жолында / Дүниежүзі тарихы 9 сынып #14 / Инфоурок 1-қосымша 2-қосымша 3-қосымша 4-қосымша | ||||||||||
Сабақтың соңы (5 мин) | Рефлексия Сөйлемдерді аяқтаңыздар: Ұлттар Лигасы бейбітшілікті сақтай алмады, өйткені....... Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында халықаралық қатынастар ................ | таныстырылым | ||||||||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
Саралау ақпараттық парақтармен және бейнематериалмен тапсырмаларды орындау кезінде қолданылды. Ең қабілетті оқушылар тапсырмаларды өз бетінше орындайды, ал кейбір оқушыларға қажет болған жағдайда қолдау көрсетіледі. Саралау сонымен қатар оқушыларға берілген тапсырмаларда және сабақтың әртүрлі кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылды. | Сабақта қызмет нәтижелері бойынша жұптардың өзара бір-бірін бағалауы және өзін-өзі бағалауы жоспарланды. | Сабақта денсаулық сақтау технологиялары, оқытудың белсенді әдістері қолданылды. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаттары /оқыту мақсаты шынайы қойылды ма? Барлық оқушылар оқыту мақсаттарына жетті ме? Жетпеген болса, неліктен? Сабақта саралау дұрыс өткізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақтың мақсаты шынайы қойылды, орындалды және бағаланды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды