Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, презентация.
Бұл кімдер?
Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді?
Оқу мақсаты
8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау;
8.3.1.2 тоталитаризм, авторитаризм сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру
Германия үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қаңтарында Парижде бітім конференциясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей қатыстырылмады. Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім- шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті. Француз делегациясы өзінің негізгі қарсыласы — Германияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Ұлыбританияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды.
Эльзас және Лотарингия
Италия үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың салдары
Италия Бірінші дүниежүзілік соғыстан ауыр қиыншылықтармен шықты. Алғашқыда Үштік одаққа кіріп, 1915 жылы Антанта жағына шығып соғысқан Италия жеңіске жеткендер қатарында болды. Италия өзіне берілуге тиісті аймақтың тек азғана бөлігін (Солтүстіктегі Трентино облысын және Оңтүстік Тироль, Адриат жағалауындағы Истрия шығанағын Триестпен бірге) иемдене алды. Италия “жеңгендердің ішіндегі жеңіліске ұшыраған” елдің жағдайында болды. Соғыс жылдары қатты шығынданған (алтынмен 65 млрд лир) Италияның шетелдерге қарызы тым көбейіп кетті. Соғыс шырғалаңы құнсыздануды өсірді, жұмыссыздық етек жайып, соғыстан қайтқан солдаттар жұмысқа орна- ласа алмады. Мемлекетте революциялық бүліншіліктер шыға бастады, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындады.
Фашизмнің қалыптасуы
Италияның фашистік ұйымдары 1919 жылдың көк- темінен құрыла бастады. 1920—1921 жылдардағы Италиядағы соғыстан кейінгі экономикалық дағдарыс жағдайында фашистік қозғалыс кең қанат жайып, бүліншілік әрекеттерін жиі көрсетті. Фашизм терминін Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарулы фашистік топтар наразыларға қарсы күресте қолданды.
Фашизм в Италиядағы фашизм
Фашистік топтарды, ал кейін фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айналысты. Ол жалаң сөздермен қала мен қыстақтардан ұсақ буржуазияны, жұмысшылардың артта қалған топтарын өз қатарына тарта білді. Фашистер “Жер шаруаларға берілсін!”, “Сұрқия бур- жуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!” деген ұрандар көтерді. 1920—1921 жылдардағы Италияның соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дағдарыс жағдайын пайдалан- ған фашистік қозғалыс лаңкестік әрекетке көшіп, тез қарқын ала бастады.
Германиядағы фашизм
1923 жылы жабылған фашистік ұйымдардың белсенділігін тудырды. Адольф Гитлер түрмеден босатылып, фашистік партия жаппай саяси және әскери ұйымдар құру әрекетін ашық түрде жүргізді. Бірқатар фашистік жетекшілер 1925 жылы құрылған 32 Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы атынан 1928 жылы рейхстагқа сайланды. Германиядағы ұлттық-социализм. Гитлердің өкімет басына келуі. Нью-Йорк биржасындағы күйреу Германия- ға да өз әсерін тигізді
Пропаганданы қолдануы
Фашистер өздерінің пропагандасында танымал лозунгтерді қолданды :
Ұлтшылдық;
Әлеуметтік теңдік
Монополияға қарсы шықты;
«Мықты билік».
Жеке жұмыс
Оқушылар алған мәтінді зерттеп сұраққа жауап береді «Германиядағы фашизмнің ерекшелігі қандай?» (5 минут).
Топтық жұмыс
Бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?