Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы. Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.
Депортация туралы материал.
1937 жылы қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. 1939–1941 жылы Батыс Беларуссия мен Батыс Украинадан, балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша депортация алдына 1939 жылы Қазақстанда 54,7мың поляк, 3,6мың латыш, 808 литвалықтар және т. б. тұрған.
1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349713 неміс, 1944 жылдың ақпанында ингуштер мен чешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударушылар болды.
Ішкі істер халық комиссариаты мен КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ресми құжаттары күштеп қоныстандыру себептерін фашистік режимді қолдаушыларға, бандитизмнің пайда болуына қарсы жасалған әрекет деп түсіндіреді.
Жалпы алғанда Қазақстанда 30 — 50-жылдары қоныстанушылар саны, ГУЛАГ тұтқындарын санамағанда, орта есеппен 1560мың адамға жетті.
Осылайша, 1936 жылы поляктар мен немістерді алғашқы советтік жаппай депортациялау басталды, ал 1937 жылы Қиыр Шығыс аудандарынан кәрістер көшірілді. Дәл осы кезде ССРО-ның оңтүстік шекараларынан Қазақстанға күрділер, армяндар мен түріктер жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылдың тамызында «Еділ бойында тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлық жария етілді. Еділ бойы немістерінің алғашқы коммунасы 1918 жылы құрылды, 1924 жылы Еділ бойы немістерінің Автономды ССР-і болып қайта құрылды. Ол 1941 жылы таратылды. 1944 жылдың мамырында Мемлекеттік қорғаныс комитеті тұрғындардың бір бөлігі фашист басқыншыларымен ынтымақтас болды деген тәрізді желеумен Қырым татарларын көшіру туралы қаулы қабылдады. 1943-1944 жылдары Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері: қалмақтар, балкарлықтар, шешендер, ингуштер, қарашайлар, түрік-месхеттер жер аударылды.
Алыс аймаққа қоныстандырылған жер аударылған халықтардың жер аударылу ұзақтығы туралы сұраққа ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 26 қарашадағы «Отан соғысы кезінде Совет Одағының жекелеген аудандарына көшірілген тұлғалардың міндетті және тұрақты қоныстарынан қашқандары үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Жарлығы жауап береді. Оның преамбуласында былай делінген: «Отан соғысы кезінде ССРО Жоғарғы органымен жер аударылған шешендер, қарашайлар, ингуштер, балкарлықтар, қалмақтар, немістер, қырым татарлары және басқалар үшін қоныстану режимін нығайту мақсатында, сонымен қоса оларды көшірген кезде олардың жер аударылу мерзімдері анықталмауына байланысты, жоғарыда көрсетілген тұлғалардың Совет Одағының алыс аудандарына мәңгілікке көшірілді және бұрынғы тұрған мекен-жайларына қайта оралуға құқықтары жоқ деп белгіленсін».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?