Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы. Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы» | Мектеп: Шымкент қаласындағы химия –биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Уақыты: 40 минут | Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Д.М | |||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | Қазақстан территориясындағы демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерді талдайды. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: Ұлы Отан соғысы, депортация, демография, эвокуация. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Депортация мақсаты............ Қазақстан территориясына көшірілген халықтың ұлттық ерекшелігі..... Депортацияланған халықтар саны...... | |||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар І дүниежүзілік соғыс тарихын, халықаралық қатынастардағы өзгерістерді түсінеді. Кеңес Одағының және Қазақстанның Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуы тарихын біледі | |||||||||||||||
Жетістік критерийі | Қолдану - Депортацияланған халықтардың шоғырланған аймақтарын Қазақстанның кескін картасына түсіреді. ( 3 аймақтан кем емес). Шартты белгілерді көрсетеді Анализ- «Біліктілігіңді көрсет» тапсырмасын орындау барысында Депортацияға қандай факторлар әсер еткенің анықтайды. (3 фактордан кем емес) Сын тұрғысынан ойлау- Бейнефильмді көріп болғаннан кейін INSERT әдісі бойынша кестені толтырады. Білу және түсіну- Ауыл шаруашылығын майдан қажеттілігін өтеуге бейімдеуге байланысты мемлекет жүргізген екі іс-шараны түсіндіре алады | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||||||
Басы Қызығушы-лықты ояту сатысы 5 мин | Бастапқы стимул тудыратын материал. Оқушылар келмей тұрып сыныптың қабырғаларына, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер,өлеңдер,естеліктер, қағазға жазылып жапсырылады. Қызығушылықты ояту. (Б) Суретті көргеннен кейін, оқушыларға қойылатын сұрақтар: 1.Бұл суреттен не көрдің? 2.Қандай қорытынды жасауға болады? 3.Қандай сұрақтарың бар? (М) Кеңес халқының тылдағы ерліктері туралы слайд арқылы тақырыпқа шығу. |
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010. С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012. | ||||||||||||||
Ортасы Мағынаны тану сатысы
30 мин | Мағынаны тану. (М) Соғыстың алғашқы кезеңі және КСРО халықтарының депортациялануы туралы деректі материалдарға сүйенген бейнеролик көрсету арқылы оқушы ойын өрбіту.(Оқушылар қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп отырады) (Б) Бейнематериалды талдау. (Т) Бейне-фильмді көргеннен кейін, топтарға берілетін тапсырмалар. 1-топ. «Оқиға қалай әсер етті?» тапсырмасын орында 1. Не естеріңде қалды? 2. Не таң қалдырды? 3. Не ерекше болды? 2-топ. INSERT әдісі бойынша кестені толтыру
3-топ. «Біліктілігіңді көрсет» тапсырмасын орында. 1. Соғыстың қарсаңында және соғыс кезінде Қазақстанға қандай ұлттар күштеп көшірілді? 2. Олардың күштеп көшірілуінің себептері қандай? 3. Жоғарыда аталған ұлттар қай жерден келгені және Қазақстанның қай жеріне орналасқаны туралы не білесіз? (Б) Картамен жұмыс. Соғыс жылдарында Қазақстан территориясына көшірілген ауыр өнеркәсіптер туралы мәлімет бар мәтінді таратып, оқушыларға эвакуацияланған ауыр өнеркәсіптердің шоғырланған аймақтарын Қазақстанның кескін картасына түсірту. (Мұғалім тапсырмаға қатысты материал бар таратпаларды оқушыларға таратады) (Т) Зерттеу және талдау. Топтарға «Ойланудын алты қалпағы» тапсырмасын орындату. ( Топтарға тапсырмаларына қатысты мәтін тарату) 1-топ. «Ақ қалпақ» Фактілер келтіріп, объективті ақпарат беру 2-топ. «Қызыл қалпақ» Эмоцияларды сезіп, болжамдар беру 3-топ. «Қара қалпақ » Сыни аналитикалық талдау жасап, негативті пікір беру 4-топ. « Сары қалпақ » Шуақты оптимизм, позитивті пікір беру 5-топ. « Жасыл қалпақ » Идеялар беру, шығамашылық көрсету 6-топ. « Көк қалпақ » Үдеріске шолу жасау, шешім шығару
| Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012. Депортация туралы http://www.youtube.com/watch?v=pNwUL-EFSm0 http://www.youtube.com/watch?v=I58CGNDvC84 Қозыбаев М. Тарих зердесі (Замана асуы). 1 кітап. –Алматы: Ғылым, 1998 Б.Ғ.Аяған, М.Ж.Шаймерденова Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы.-Алматы, 2005 Потёмкина М. Н. Эвакуация и национальные отношения в советском тылу в годы Великой Отечественной войны // Отечественная история. — 2002. — № 3. Балақаев Т.Б., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-45 жж.). – Алматы: Қазақстан Ғ.Мұстафин. «Шығанақ» Бертольд Брех “Тары өсіруші” | ||||||||||||||
Соңы Ой-толғау сатысы 5мин | Кері байланыс: • Жасыл – мақсатқа қол жеткіздім, сенімді алға жүремін. • Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткіздім, алайда сенімсіздігім бар, кеңес, көмек сұраймын. • Қызыл – жетістікке қол жеткізбедім, абыржудамын, | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциация – топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар өз топтастарына бағыт беріп, көмек пен қолдау көрсетеді,спикер қызметін атқарады | Кері байланыс барысында және топтық жұмыс кезінде өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау жүзеге асады.«Уақыт шеңбері» ойын тапсырмасы мен қалыптастырушы бағалау тпсырмаларын орындағанда жүзеге асырылады | Құндылықтар: - патриотизм - көшбасшылық - төзімділік - бостандық | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1.Бейнероликті тыңдай отырып, сұрақтарға жауап жазу 2. «Кестелерді орындау» тапсырмасы қызықты өтті Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1.Белсенді оқыту әдістері мен уақытты тиімді пайдалану. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ауызша қалай орындату мүмкіндігін білдім. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?