XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында ғылым ерекше қарқынмен дамыды. Ұлы жаңалықтар бiрiнен кейiн бiрi ашылып жатты. Бұл қандай да бiр сиқыршының табиғат пен адамның құпия сырларын жасырып тұрған жұмбақ 246 перденi ашып жiбергенiндей әсер еттi. Ол сиқыршы адамзат ақыл-парасаты болатын. Әлемге жария болған жаңалықтар — табиғат механиканың нақты заңдарына бағынады деген түсiнiктердi бұзды. ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы ашылған жаратылыстану-ғылыми жаңалықтардың басты маңыздылығы сонда, ол материяның құрылысы, кеңiстiк, уақыт, қозғалыс, табиғаттың өзгерiсi, табиғаттағы адамның орны, жердегi тiршiлiктiң пайда болуы туралы көзқарастарды түбiрiмен өзгерттi. 1831 жылы Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты. Ол, егер мыс сым магниттiк күш желiлерiн қиып өтсе, онда электр тогы пайда болатынын байқаған. Бұл жаңалық электрқозғалтқышты жасауға жол ашты. Фарадейдi замандастары “найзағай әмiршiсi” деп атаған. Ғалым корольдық қоғамның, көптеген академиялардың мүшесi, соның iшiнде Петербург академиясы оны өз мүшесi етiп сайлаған. 1895 жылдың соңында Германия физигi Вильгельм Конрад Рентген (1845—1923) Масквеллдiң электромагниттiк толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрiнбейтiн, өздерi Х сәулелерi деп атаған сәулелердi ашты. Бұл сәулелердiң ғажайып ерекшелiктерi: көзге көрiнбесе де әртүрлi нәрселерге өтiп кететiн, тасада адам көзiне түсе бермейтiн құбылыстарды көруге болатын қасиеттерi болды. Бұл ұлы жаңалық бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның негiзiнде жасалған рентген аппараты көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер аурулардың iшкi зақымдарын, сынған сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды. Физиктердiң арасында тұңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы берiлдi.
Ерлi-зайыпты Кюрилер А.Беккерельмен бiрге радиоактивтiлiктi ашқан жаңалығы үшiн 1903 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығын алып, “микробөлшектердiң құпия әлемiне” жол ашты. Микробиология — жаңа ғылым. Мүмкiн сендер құтырған иттiң адамды қауып алуы кiсi өлiмiне әкеп соқтырған кездер болғанын бiлмейтiн боларсыңдар. Мiне, 1885 жылы құтырған ит он төрт жерден қапқан баланы ғалым өлiмнен құтқарды. Бұл ғалым Луи Пастер (1822—1895) болатын. Алғашқы кезде ғалым иттер мен қояндарға ұзақ уақыт тәжiрибе жасап, алынған екпенi адам өмiрiн сақтап қалуға 247 қолданды. Құтыруға қарсы екпе ғалымның ұзақ жылғы еңбегiнiң жемiсi. Пастер әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлады. Пастердiң тәжiрибелерi әртүрлi азық-түлiктердi стерилизациялау мен пастеризациялау әдiстерiн жасауда зор маңызға ие болды. Оның iзденiстерi иммунитет туралы iлiмнiң негiзiн қалады. Пастер хирургтерге қол мен құралсаймандарды залалсыздандыру қажеттiлiгiн түсiндiрдi.
1842 жылы немiс ғалымы Роберт Майер энергияның сақталу және айналу заңын ашты. Дененiң қозғалысы, жылу, электр, магнетизм, химиялық процестердiң тұрақты сандық көрсеткiштерi кезiнде бiр-бiрiне айналатын энергияның әртүрлi сапалық формалары болып табылатыны анықталды. Ағылшын Джон Дальтон зат құрылысының атомдық теориясын негiздедi. Ол химияға атомдық салмақ туралы түсiнiк енгiздi және бiрiншi болып химиялық формулалар қолдана бастады. Ф.Энгельс Дальтонды заманауи химияның атасы деп атады.
Химия тарихындағы аса ұлы оқиға Д.И.Менделеевтiң 1869 жылы химиялық элементтердiң периодтық жүйесiн ашуы болды. Дмитрий Иванович Менделеев (1834—1907) — орыс химигi, жан-жақты ғалым, педагог. 500-ден астам еңбегiн қалдырды, олардың iшiнде бейорганикалық химия жүйелi баяндалған — “Химия негiздерi” де бар. https://e-history.kz/kz/books/library/read/440#scontent
1-тапсырма XIX—XX ғғ. ғылымның негiзгi жетiстiктерi
Ғылым саласы | Медицина | Химия | Физика | Микробиология |
Авторы | ||||
Жаңалығы | ||||
Қоғамға тигізген әсері |
2-тапсырма. Комментарий жазыңыз.кем дегенде әр салаға 3 дәлел келтіріңіз. (медицина, физика, химия)
Менің ойымша, XIX ғ.өнертабыстар адам өміріне өзгерістер әкелді. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?