XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар8.24.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау

7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау

 Сабақ мақсаттары

XIX ғасырдың ең маңызды жаңалықтарын анықтау

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

- адам өміріндегі және қоғамдағы ғылыми жаңалықтардың мәнін анықтайды;

- ғылыми жаңалықтардың негізінде адамның және қоғамның өміріндегі өзгерістер мен сабақтастықты анықтау;

- қоғамдағы діннің рөлін шектеуге байланысты адамдардың өміріндегі өзгерістерді анықтау.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

маңыздылық

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: маңыздылық,ықпал,табиғи сұрыпталу, биологиялық классификациялау, Құдайшыл ниеті, эволюция,генетикалық мутация.атеизм.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Чарльз Дарвин XIX ғасырдағы адамның санасына, ғылыми идеяларға және дінге ықпал етті, себебі….

XIX ғасырда эволюция теориясы мен «түрлердің шығу тегі» теориясына күмән келтірілуінің себебі мынада….

Чарльз Дарвин өзінің жаңа теориясын мойындату үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер келтіруге тырысты, себебі ….

Дарвин мен оның «эволюция» туралы ұғымы жайындағы XIX ғасырдағы карикатуралар мыналарды қамтыды….

Ғылыми қоғам «табиғи сұрыпталу» концепциясын осылай қабылдады….

Дарвин эволюциясы теориясына негізгі ықпалды келесі факторлар әсер етті ….

Христиандар – фундаменталшылар (консерваторлар) Дарвин теориясына сенген жоқ, себебі…

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

биология (сұрыптау, Ч.Дарвин теориясы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 7 сыныпта өткен ғылымның дамуы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-8

БЫМ/Б оқушылармен тұжырымдарды талқылаңыз:

XIX ғ. – өнеркәсіп төңкеріс ғасыры, электр жарығы ғасыры, темір жолдар ғасыры.

Жаңа білімнің пайда болуы адам өмірі мен қоғамды қалайша өзгертті?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Б талқылауға арналған сұрақтар:

- өнертабыстар қандай? Терең, тез, ауқымды.

-қоғамның барлық салаларын қамтиды ма?

- басқа жаңалықтардың ашылуына негіз болды ма?

Оқушылардың кез келген жауабы қабылданады.

Т Оқушылармен өнертабыстардың маңыздылығы бойынша талқылау ұйымдастырыңыз. 7 сыныпта өткен араб өркениетінің жетістіктерін және Н.Коперниктің жаңалығын еске салыңыз.

- адамдардың өмірін түбегейлі өзгерткен жаңалықтарды атаңыз?

- көптеген адамдардың өмірін өзгерткен қандай өнертабыстарды білесің?

- қазіргі уақытқа дейінгі маңыздылығын жоғалтпаған өнертабыстарды сипаттаңыз?

Б бір топқа өз критерийлерін ұсынуды сұраңыз, басқа топтар бағалап, толықтыруы мүмкін, талқылау барысында критерийлерді тақтаға жазыңыз, дәлелдеу кезінде дәйек келтіреді.

Пікір мен дәйек ұғымдарын түсіндіріңіз:

дәйек – шынайы, дәлелденген.

пікір– шынайы, жеке ой, алайда түпкілікті дәлелденбеген.

Т XIX ғ.ғылымның қарқынды дамуына әсер еткен оқиғалаларды уақыт сызығында белгілеуге мүмкіндік беріңіз (Ренесанс, Реформация, өнеркәсіп төңкерісі, Ағартушылық)

Дескриптор:

- ғылым саласы дамуының кем дегенде бес алғышарттарын анықтайды.

-ғылым дамуының үдерісін сипаттайды.

Т XIX ғ. ғылымның даму туралы ақпаратты таратыңыз (Қосымша 1).

Б Діннің рөлін шектейтін қоғамның әлемдік секуляризация процесін түсіндіруді ұсыныңыз:

-ғылым діннің қай функциясын түсіндіреді? (табиғи құбылыстарды түсіндіруде, физикалық үдерістерді).

Презентация арқылы қоғамды өзгерткен өнертабыстарды көрсетіңіз:

-өнертабыстар қоғамның өмірін тек жақсылыққа өзгерте ме?

-ғалымдардың ойлап тапқан өнертабыстардың қоғамға тигізетін әсері қандай болуы мүмкін? «жағымды/жағымсыз»

Теріс салдарлары бар жаңалықтардың мысалдарын ұсынуға кеңес беріңіз.

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Рефлексия

(Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз.

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау

7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу