XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.22.1

XI бөлім. Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу

Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?

Оқу мақсаттары:

7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 XIX ғасырдағы еуропалық өнер бағыттары

 

 XIX ғасырдың басында әдебиет пен өнер туындыларына қоғамдық қызығушылық айтарлықтай өсті. Оқырмандар тек романдар мен өлеңдерге ғана емес, философиялық және тарихи жұмыстарға да қызығушылық танытты. Кітаптарды жинауға қызығушылық күшейді. Мұның бәрі көркем мәдениеттің дамыуғн септігін тигізді.

 ХІХ ғасырдың өнері - әлемдік көркем мәдениеттің дамуының ең драмалық эпизодтарының бірі. Сонымен қатар, бұл ұлы жаңалықтардың, кемеңгенлік болжамдардың, әлемне, қоғамға, табиғатқа деген жаңа көзқарас қалыптасқан кезеңі болды.

 

 

Стильдің атауы

Қысқаша сипаттамасы

Классицизм и неоклассицизм

Бұрынғыдай, классицизм стиді XIX ғасырдың басындағы орыс және еуропалық өнердегі басым бағыты болып қала берді. Бұл стильдің үлгісі француз классицизмі болды.

Бұл стиль антикалық жетістіктерді эстетикалық және көркемдік нормалар ретінде қарастырды. Ол ерлік пафоспен, пластикалық үйлесімділікпен және айқындығымен сипатталады. Өкілдері:

Карл Брюллов, Жак Луи Давид, Жан Батист Шарден.

Романтизм

Бұл стиль XVIII - XIX ғасырдың басында Еуропа мен Америкада пайда болды. Ол француз революциясына жауап ретінде қалыптасты. Оның белгілері: сөз бостандығы, адамның жеке бірегей ерекшеліктеріне назар аударылуы, шынайылық және еркіндік болды. Романтизмнің негізгі ерекшелігі: шынайы өмірге романтикаға толы, керемет тіршілік бейнесін қарама-қайшы қойюы болды.

Өкілдері: Теодор Жерико, Эжен Делакруа, Джон Констебл.

Реализм

Ең алдымен реализм Франция өнерінде пайда болды. Бұл стиль XIX ғасырдың ортасында толық қалыптасты және өзін өнердің жетекші бағыты ретінде айқындады.

Реалистік өнердің міндеті - шындықты дәл және объективті көрсеті. Өкілдері: Густав Кюрбе, Жан-Франсуа Милле, Оноре Домье.

Имперссионизм

XIX ғ. 70-80 жылдары пайда болды. Осы бағытта жұмыс жасаған суретшілер әлемнің өзгермелілігін шынайы ұстап қалуға тырысты, олардың өткінші әсерлерін жеткізуге ұмтылды. Өкілдері: Клод Моне, Эдгар Дега, Камиль Писсаро, Огюст Ренуар.

Постимперессионизм

Бұл стиль XIX ғасырдың 80-ші жылдары қалыптасты. Суретшілер сәндік стильді қоршаған айналасындағы шындықты бейнелеу үшін пайдаланған. Бұл үрдістің суретшілері П.Сезанн, А.Тулуз-Лотрек, П.Гоген, В.Ван-Гог және т.б. кескіндемедегі импрессионизмінің «ұқыпсыз» техникасына қарсы тұрды.

 

 

 Мәтін: «XIX ғасырдағы Ресейдің мәдениеті».

 

 XIX ғасырдың орыс мәдениетінің тарихында «алтын дәуір» деп атайды. Бұл кезең музыканың, әдебиеттің, кескіндеуменнің гүлденген кезі болды. XIX ғасырда Ресейде көптеген ұлы адамдар өмір сүрді. Орыс суретшілерінің, ақындардың, композиторлардың шығармалары өздерінің туған жеріне және адамға деген сүйіспеншілігінен туындады.

 Олар өз шығармаларында эстетикалық жағынан керемет нысандарды, адамның жанының байлығын және табиғаттың сұлулығын жеткізе алды. Қысқа уақыт ішінде Ресей тек үлкен әскери күшке ғана емес, сондай-ақ Еуропаның ең ірі мәдени мемлекеттерінің бірі болды.

 Шығармашылық тұлғалардың алуан түрлілігіне және көркемдік стильдегі айырмашылықтарға қарамастан, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс кескіндемесінің жалпы үрдісі өнердің барлық жанрларын нақты өмірге жақындату болды. Көптеген суретшілер заманауи тақырыптар мен проблемаларды ашуға кірісті.

 1871 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербургтің суретшілері «Саяхат көркем көрмесі серіктерстігі» атты қоғамның негізін қалады. Өмірдің шынайы көрінісі, туған халқының тәжірибесі, суреттердің психологиялық тереңдігі - көшпелі серіктестіктің мүшелерінің демократиялық өнерінің негізгі ерекшеліктері болып табылады. Осы ұыйымның көрмелеріне өз жұмыстарымен қатысу, әрбір ресейлік суретшінің абыройы болды. Қоғамның басты мақсаты - халықтың өмірінің көрінісі және әрбір адамға өнер туындыларымен танысуға мүмкіндік жасау болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу