XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.22.2

XI бөлім. Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу

Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?

Оқу мақсаттары:

7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 1апсырма. Ең қабілетті оқушыларға анналған.

 

 Тақырыптың негізгі ұғымдарының анықтамаларын оқыңыз:

 Әлеуметтік теңсіздік – қоғамның диффренециацианалудың бір түрі, жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, таптар әлеуметтік иерархиясының әртүрлі деңгейлерінде тұруы және және қажеттіліктерді қанағаттандырудағы мүмкіндіктердің тең еместігінің белгісі.

 Әлеуметтік әділетсіздік - халық элитаны алмастыра алмайтын және қажетті білімді алған кезеңде дейін басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз ете алмайтын таптардың ресурстарына қатысты монополиясы. Бұл кезең бір адамның өмірінен ұзағырақ болуы мүмкін. Сондықтан білімді емес адамдар элитаға төтеп беруге мәжбүр болады, ал білімге монополия және қоғамдағы басқару нәтижесі үшін монополиялық жоғары құндылық - адамның адамды пайдалануынан артық.

 Әлеуметтік әділетсіздіктің белгілері:

 - байлар мен кедейлер арасында өте үлкен табыс көлемінің айырмашылығы,

 - қоғамның кішкене бөлігі үлкен артықшылықтарға ие болуы,

 - кедейлердің мүддесін білдіретін партиялар мен көшбасшылар билік тарапынан қудаланады.

 

 Төменде аталғандардың қайсысын және неге сіз әлеуметтік әділетсіздікке және әлеуметтік теңсіздікке байланыстыруыныз мүмкін:

  • Білім беру мен денсаулық сақтаудағы сапалы қызмет көрсетілуі.

2. Қоғам топтарының кірістеріндегі айырмашылықтар.

3. Халықтың жекелеген топтарын: кедейлер, жұмыссыздар, мүгедектер, көп балалы аналарға мемлекеттік қолдау көрсетілуі.

4. Тұрғын үй жағдайындағы айырмашылықтар.

5. Елдің жекелеген өңірлеріне мемлекеттік көмек көрсетілуі.

 

 

 2апсырма. Оқу қабілеттері жоғары окушылар үшін.

 XIX ғасырдағы еуропалық қоғамындағы әлеуметтік әділетсіздіктің көріністерінің тізімін жасаңыз. Кем дегенде 5 көріністі белгілеңіз.

 - Әлеуметтік әділетсіздік белгілерінің әрқайсысының себептері қандай?

 - Бұл көріністердің қайсысы ең көп таралған деп ойлайсыз? Таңдауыңызды дәлелдеу үшін, мысалдар келтіріңіз.

 - Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік пен әлеуметтік әділетсіздік мәселесін кім көтере алады? Сіз не деп ойлайсыз?

 - XIX ғасырдағы еуропалық қоғамның әлеуметтік әділетсіздігінің тереңдігін қалай бағалай аласыз?

 

 3апсырма. Көпшілік оқушылар үшін.

 ХІХ ғасырдың қоркем өнердің түрлі бағыттарының белгілеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындап, сол айырмашылықтарды шығармалардың мысалдарын келтіріп, дәлелдеңіз:

  • Неоклассицизм.
  • Романтизм.
  • Реализм.
  • Импрессионизм.

Тапсырма дескрипторлары:

- Оқушы әрбір бағытта 2 айырмашылықты анықтайды,

- Оқушы өнердің әр саласының ең кемінде 2 мысалын келтіре алады,

- Оқушы XIX ғасырдағы барлық көркем өнердің бағыттарының ортақ белгілерін анықтайды.

 4-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін

 XIX ғасырдағы әлеуметтік теңсіздік пен әлеуметтік әділетсіздікті сипаттайтын шығармалардың фрагментерін оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап береп, эссе жазыңыз:

  • Бұл шығарманың авторы қандай әлеуметтік мәселені сипаттаған?
  • Осы шығармадан цитаталарды келтіріп, мәселе бойынша түсініктеме келтіріңіз.
  • Автордың осы мәселеге қатысты көзқарасын сипаттаңыз.
  • Әлеуметтік мәселеге қатысты автордың позициясын сіз қолдайсыз ба немесе қолдамайсыз ба? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
  • Бұл шығарма жарияланған кезде қандай қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін еді?
  • Автор әлеуметтік мәселені шеше алды ма? Осы туралы қорытынды жасаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу