XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.22.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану | ||
Сабақ мақсаттары | ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| -өнердегі негізгі стильдер мен тенденциялардың белгілерін анықтайды (нео-классика, романтизм, импрессионизм, реализм); - өнердегі негізгі стильдер мен тенденцияларды сипаттайды (нео-классизм, романтизм, импрессионизм, реализм) с; - әлеуметтік әділетсіздікті түсіндіру үшін өнер туындыларын қолданады. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| интерпретация | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Еуропадағы бейнелеу өнерінің бағыттары: еоклассицизм, романтизм, академиялық классицизм, реализм, импрессионизм, неоимпрессионизм, постимпрессионизм, символизм. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: XIX ғасырдың басында өнер саласында классикалық тәсіл пайдаланылды, себебі …. Өнердегі романтикалық бағыт мынаған бағытталды: ...., Реализм XIX ғасырдағы өмірдің шынайы тарихи фактілерін береді, себебі … Импрессионизм сияқты өнердегі жаңа бағыттар радикалды болды, себебі… | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | өнер | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен мәдениеттің жайлы қысқаша ақпартты біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-8 | БЫМ/Б Оқушылар назарына XIX ғ. қоғамды суреттейтін О.Домьенің карикатурасын ұсыныңыз. Карикатураны сипаттауды сұраңыз: -суретте не бейнеленген? -автор нені көрсеткісі келді? Оқушылардың кез келген жауабы қабылданады. Оқушыларға индустриалдық қоғамда орын алған әлеуметтік әділетсіздікті сипаттайтынын атап кетіңіз. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 8-13 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 13-20 20-30 30-40 | Б Карикатураны талқылауды жалғастырып, «әлеуметтік теңсіздік» ұғымын анықтаңыз. Әлеуметтік теңсіздік туралы оқушылардан пікірді сұраңыз. Флипчарттарға ұғымның анықтамасын жазуды сұраңыз. Жалпысыныптық талқылау. Т XIX ғ. стильдерінде салынған суреттер топтамасын көрсетіңіз (Қосымша 1). Оқушылар: -стильдердің пайда болуына қарай хронологиялық реттілікте орналастыруы керек. Дескриптор: - әр стильдің кем дегенде 3 ерекшелігін анықтайды; -кем дегенде 2 себептерін анықтайды. Б бір топты жұмыс нәтижесін жариялауды сұраңыз, басқа топтар жауаптарды толықтырып, бағалайды. Талқылауға арналған сұрақтар: -бірінші слайдтағы карикатура қандай стильде салынған? - осындай суреттерді роман, классикалық, импрессионистік стильдерде салуға мүмкін бе? -суретшілердің суреттері арқылы ғана әлеуметтік әділетсіздікті көруге бола ма? О.Домьенің суреттерін көрсетіңіз (Қосымша 2). Бұл сурет индустриалды қоғамға тән әлеуметтік теңсіздікті көрсететінін атап кетіңіз. Сонымен қатар, суретшілермен бірге әлеуметтік теңсіздікті жазушылар да өз шығармаларында суреттеген. Әдебиетте жаңа стиль қалыптасты- сыни реализм. Оқушылармен жаңа ұғымды талқылаңыз. Б Оқушыларға В.Гюго романынан үзіндіні ұсыныңыз (Қосымша 3). Әлеуметтік теңсіздік қалайша орын алғаны жайлы талқылау ұйымдастырыңыз. Дескриптор: - әлеуметтік әділетсіздікті түсіндіруде кілтті сөздер мен дәйектерді анықтайды. -қазіргі таңда әлеуметтік теңсіздік бар ма? | Қосымша 1 Презентация Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Рефлексия (Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?