Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.21.1

 X бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі

 Сабақ тақырыбы: Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?

 Оқу мақсаттары:

 7.4.1.3 - АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;

 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

 7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау;

 7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

 Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 «Жапонияны ашу» атты мәтін

 

 1851 жылы американдық коммодор Мэтью Перри өз кемелерін Жапония жағалауына жіберуге бұйрық алды. Адмирал эскадрильяға кем дегенде 7 кемелер қажет деп санайды. Бұл кемелерге кірді: «Mississippi», «Susquehanna», «Powhatan» және «Allegheny» бу кемелері, «Plymouth» және «Saratoga» күзет кемелері, сонымен қатар ұзындық кеме «Vermont». Неліктен бу кемелері таңдалды? Жауабы өте қарапайым - матростарсыз кемелер жапондықтарды үрейлендіріп, қорқыныш сезімге келтіру керек еді. Сонымен қатар, кемелерге қарулы қақтығыстар болған жағдайда қуатты қаруды орнатуға мүмкіндік болды.

 1853 жылдың 8 шілдесінде Перри төрт кемелерін Токия шығанағына әкелді. Жапония мен Батыс әлемі арасындағы 200 жыл бойы орнатылмаған алғаш рет тұрақты сауда мен ынтымақтастықты қалпына келтіру міндеті қойылды.

 Американдықтар билік басындағыларға АҚШ-тың президенттің сауданы бастауды ұсынған хатын тапсырды. Императорға хат жолдау барысында АҚШ Жапония үкіметі мен қоғамы туралы білімдерінің жетіспеушілігі анақталды.

 Сол кезде жапон императоры тек номиналдық басшы болды, ал Жапонияның шынайы көшбасшысы сегун Токугава қолында болды.

 Жапондықтар хатқа жауап беруден бас тартты.

 Коммодор Перридің Жапонияға жасаған алғашқы сапары табысқа жете алмады, бірақ коммодор Жапонияға қайтып оралуына сенімді болды.

 Ол Жапонияға 1854 жылдың ақпан айында қайтып келді. «Қара кемелердің» келуі (олар қара түтіннің үлкен бұлтын шығарғандықтан солай аталған) және коммодор Перридің қатаң мәлімдемелері Азиядағы батыстық мүдделерге қарсы болған соңғы бастионы - Жапония «ашылуына» мәжбүр болды.

 Шетелдіктерге деген қорқынышқа қарамастан, Жапонияның жоғарғы билеушілері батыстық агрессияға қарсы тұрудың мүмкін еместігін білді.

 Нагасаки, Хакодатэ және Симода порттары американдық сауда кемелері үшін ашылды.

 1854 жылғы 3 наурызда Канагава келісімшартын жасасқаннан кейін американдық консул Идзу түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан Симодада - «ерекше сұлулық пен шаттықтың баспанасы» деп аталатын жерге - тұрақты тұру үшін келді.

 Екі ел арасында сауда туралы келісімге қол қойылды. Көп ұзамай Англия, Ресей, Голландия, Франция және Пруссиямен де осындай келісімдер жасалды.

 Осылайша, Жапонияның «алғашқы ашылуы» аяқталды және оның оқшаулануының 200-жылдық кезеңі аяқталды.

 1-тапсырма. Токугава сеғунаты кезінде Жапония қандай әлеуметтік топтар болды? Диаграмманы толтырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2апсырма. Неліктен Жапония шетелдіктермен байланыс орнатудан бас тартты?

 _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 3- тапсырма. «Жабық есік» саясатының оң және теріс аспектілері қандай?

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу