Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар8.21.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.3 АҚШ-тағы капиталдық монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау

7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

7.4.2.2 қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау

7.2.1.2 миссионерліктің міндеттерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

АҚШ-тың Жапонияны «ашу» себептерін анықтау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

- Жапонияны ашу қажеттілігі туралы Құрама Штаттардағы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау.

- индустриалды АҚШ пен индустриалға дейінгі Жапония арасындағы айырмашылықтарды анықтау.

- миссионерлердің міндетін анықтау.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: экспансионизм

жабық арбалардың тізбегі, алтын дүрлікпесі, шериф, темір жол, ковбой, бизон, үндіс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Американдық көшбасшылар мұның олар үшін «Тағдырдың анық жазғаны» болғанына сенді …

Солтүстік Американың байырғы тұрғындарына әділетсіз қарады, себебі …

Американдық экспансионизм мынаған алып келді: …

Америка Құрама Штаттар саясатының Солтүстік Американың ежелгі тұрғындарына негізгі ықпалы … болып саналды.

Темір жолдар салына басталғаннан соң, американдықтар мыналарды жүзеге асырды: …

Батысқа қарай жылжу американдық ұлттық сана-сезімі үшін маңызды болды, себебі …

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (АҚШ аймағы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 7 сыныпта өткен Ұлы географиялық ашулар жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-8

БЫМ/Б

Оқушыларға сұрақ: XIX ғ. АҚШ-тың экономикалық дамуы туралы қандай қорытынды жасалды?

Оқушыларың бірнеше жауаптарынан кейін слайд көрсетіледі.

Слайдта қызыл түсте 3 мемлекет белгіленетін карта бар: АҚШ, Қытай және Жапония.

Талқылауға арналған сұрақ: XIX ғасырда картада елдер қалай бөлінді? Оқушылардың кез келген жауаптары қабылданады.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

Сыныппен талқылау

8-13

Топтық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

13-20

Б оқушылар назарына XIX ғ. АҚШ төрт кәсіпкерлердің суреті ұсынылады. Сұрақ: -тұлғаларды не байланыстырады?

Қысқа талқылаудан кейін, оқушыларға АҚШ экономикасының қарқынды дамуына үлесін тигізгенін атап өтіңіз.

Т Топтарды кәсіпкерлердің пайда болуына қандай факторлар ықпал етуі мүмкін екенін талқылауға және ұсынуға шақырыңыз, неліктен кәсіпкерлердің саны аз болса да, олар XIX ғасырдың аяғында АҚШ-тың дамуына әсер етті?

Азамат соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының қарқынды дамуы туралы ақпарат беріңіз (Қосымша 1). Шарттарды объективті және субъективті түрде бөлу ге тапсырма беріңіз. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша қорытынды жасаңыз.

Б топтардың жауаптарын тыңдап, өзара бағалауға мүмкіндік беріңіз.

Дескриптор:

- кем дегенде үш тұжырымды жіктеді.

-кәсіпкерлердің пайдалу болу себептері бойынша қорытынды шығарды.

Оқушыларға әлем картасын беріңіз. Сұрақ қойыңыз: американдық бизнестің одан әрі дамуы үшін не қажет? (әлемдік нарыққа шығу). Оқушылар әлем картасын зерттеп, «19-шы ғасырда АҚШ қандай елдермен жаңа сауда қарым-қатынастарын орнатқысы келеді?» деген сұраққа жауап беруі керек. Сыныпқа кейбір логикалық болжамдар жасауға мүмкіндік беріңіз.

Уақыт сызығын пайдаланып, XV ғ. Жапонияның жағдайын еске алыңыз. XIX ғасырдағы ахуалды қысқаша түсіндіріңіз. Жапониядағы миссионерлер рөлін анықтауға мүмкіндік беріңіз, Византияның табысты дипломатиясымен салықтыру (христиан миссионерлерінің Үндістан мен Қытайға енуі).

Ж Жапонияның «ашылуына» қатысты фактілері бар таратпа материал беріңіз. (Қосымша 2). Оқушылардың мақсаты оқиға бойынша тізбектелген әңгіме құрастыруы қажет.

Б өзін-өзі бағалау үшін дұрыс жауаптар парағын беріңіз.

Дескриптор:

- кем дегенде бес фактіні тізбектеп орналастырады.

Сұрақты талқылаңыз: XIX ғ. ортасында АҚШ Жапонияның ашуда «күш қолдану дипломатиясын» қолдануға құқылы болды ма? (канонерка саясаты) –АҚШ позициясы, Жапония позициясы.

Ж жұптарға ақпаратық мәтінді таратыңыз (Қосымша 3 АҚШ пен Жапония арасындағы келісім). Оқушылар Жапонияның тәуелділігін көрсететін пунктердің астын сызуы керек.

Дескриптор:

- кем дегенде үш пункт ажыратады.

Б Жұмыстың нәтижелерін талқылау. Жапония осы шарттармен келісті ме? Қандай өзгерістер орын алды?

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Рефлексия

(Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз.

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

7.4.1.3 АҚШ-тағы капиталдық монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау

7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

7.4.2.2 қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау

7.2.1.2 миссионерліктің міндеттерін анықтау

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу