Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.21.2

 X бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі

 Сабақ тақырыбы: Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?

 Оқу мақсаттары:

 7.4.1.3 - АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;

 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

 7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау;

 7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

 Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 

 Мәтін: “Жапонияның ашыуының” себептері”

 Жапонияны ашу Америка Құрама Штаттарына қажет болғандығының үш негізгі себептері:

 

 1)Жапондық порттарды американдық пароходтар жанармай толтыра алатын «көмір базасы» ретінде қолдану. Бұған дейін американдықтар Гавайаны осы мақсатта қолданған, бірақ оларға жаңа порттар қажет болды. Жапония Сан-Францисконың енінде орналасуына байланысты бұл үшін өте қолайлы болды. Сонымен қатар, американдық кит аулау кәсібіне XVIII ғасырдың ортасына қарай Солтүстік Тынық мұхитына шығып, кеме апаттары жағдайында сенімді азық-түлік көздері мен қауіпсіз аймақтар мен көмек қажет болды.

 

 2)Мэттью Перридің миссиясы алдындағы жылдарда, көптеген американдық тенізшілер кеме апатына ұшырап, жапон жағалауларына қайырына тұрып қалған. Олар жапондықтарға немқұрайлылықпен қарады. Сондықтан американдық матростарды осы ендікке кірген кезде жапондықтардың шабуылынан қорғаунуға тура келді.

 

 3)Америка Құрама Штаттары сауда қатынастарын кеңейтуге мұқтаж болды. Солтүстік Америка құрлығының батыс бағытта американдық прогреске ұмтылған экономикалық мүдде мен тағдыр Тынық мұхиты арқылы американдық саудагерлер мен миссионерлерді саяхаттауға мәжбүрледі.

 

 Сол кезде көптеген американдықтар Қытай мен жапондарды жаңғырту мен тәрбиелеуге ерекше жауапкершілікі сезінді. Жапониядағы миссионерлер католиктік христиандықтың әдетте қабылданбайтын жерде протестанттық христиандық қабылданатынына сенді. Басқа американдықтар жапондықтар Батыс идеалдарын қабылдамаса да, оларды әлеммен өзара әрекеттесуге және сауда жасауға мәжбүрлеу керек, өйткені ол өзара тиімді іс деп санады.

 

 Дифференциация

 

 1апсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 XIX ғасырдағы Жапон экономикасының кемшіліктері мен жетістіктері туралы кестеге толтырыңдар.

 Кестені толтыру үлгісі:

 

Кемшіліктері

Жетістіктері

1. Ауыл шаруашылығы күйреп, егістік жер көлемі азайды

2. Халық саны төмендеді

3. Шаруалар елді мекендерде жерден айырылды, бұл олардың кедейлікке батуының себебі болды.

4. Тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты шаруалар өнеркәсіпшілерге жалдануға мәжбүр болды.

5. Капиталистік қатынастардың дамуына бұрынғы әлеуметтік қатынастар кедергі келтірді.

1. Тауар-ақша, капиталистік қатынастар баяу болса да, дами бастады.

2. Жыл сайын

мануфактуралардың саны артты

3. Сауда және қолөнер орталықтарының саны артты.

4. Қалалардың саны ості

5. Жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды.

6. Ішкі нарық қалыптасты

 

 2-тапсырма. Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма.

 Дұрыс сәйкестіктерді орнатыңыз:

 

  • 1854 ж.

А) Жапония мен Голландия арасындағы шарт

  • 1854 ж.

Б) Жапония мен Франция арасындағы шарт

  • 1855 ж.

В) Жапония мен Ресей арасындағы шарт

  • 1856 ж.

Г) Жапония мен Құрама Штаттардың арасындағы шарт

  • 1858 ж.

Д) Жапония мен Ұлыбритания арасындағы шарт

 

 Дұрыс жауап: 1 – Г, 2- Д, 3 – В, 4 – А, 5 - Б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу