АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.20.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.4.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсірпік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | АҚШ-тағы құлдықты жоюдың әдістерін анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| -трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау. - солтүстік және оңтүстік штаттарыдың өнеркәсіптік кезеңге өту ерекшеліктерін анықтау. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| дәлел | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: экспансионизм жабық арбалардың тізбегі, алтын дүрлікпесі, шериф, темір жол, ковбой, бизон, үндіс. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Американдық көшбасшылар мұның олар үшін «Тағдырдың анық жазғаны» болғанына сенді … Солтүстік Американың байырғы тұрғындарына әділетсіз қарады, себебі … Американдық экспансионизм мынаған алып келді: … Америка Құрама Штаттар саясатының Солтүстік Американың ежелгі тұрғындарына негізгі ықпалы … болып саналды. Темір жолдар салына басталғаннан соң, американдықтар мыналарды жүзеге асырды: … Батысқа қарай жылжу американдық ұлттық сана-сезімі үшін маңызды болды, себебі … | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (АҚШ аймағы) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен Ұлы географиялық ашулар жайлы қысқаша ақпартты біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-8 | БЫМ/Б Оқушылар назарына трансатнатикалық құлдық бойынша карта ұсынылады. Талқылауға арналған сұрақтар: - неліктен құлдық пайда болды? - АҚШ-та құлдар қандай мақсатта қолданылды? Оқушылардың кез келген жауаптары тыңдалады. АҚШ-та құлдықты жою әдістері анықталатыны туралы сөз қозғалады. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 8-13 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 13-20 | Т Ежелгі римдік және трансатлантикалық құлдықты салыстырыңыз. Дескриптор: 1. Құлдарды иемдену жолдарын анықтайды; 2. Құлдарды пайдалану әдістерін анықтайды; 3. Құлдарды пайдалану мақсатын анықтайды. Б жалпысыныптық талқылау. Оқушыларға XIX ғ. құлдар саудасы туралы ақпарат тараптылады (Қосымша 1). Уақыт сызығын пайдалану арқылы тәуелсіздік алғаннан бері АҚШ-тың дамуын сипаттаңыз. Ж оқушыларға АҚШ дамуының ерекшеліктері бар тұжырымдар тізімін таратыңыз (Қосымша 2). Оқушылар оңтүстік және солтүстік аймақтарға тән ерекшеліктерді жіктейді. Б Өзін-өзі бағалау түрін жүзеге асыру үшін дұрыс жауаптары бар парақша таратылады. Келесі сұрақтарды талқылаңыз: Дескриптор: - кем дегенде бес тұжырымды анықтайды. Ж Штаттардың арасындағы айырмашылықтарды талқылаңыз- Штаттардың арасында соғыс не үшін болуы мүмкін? - Оңтүстік және солтүстік арасында қандай айырмашылықтар бар? - Неліктен бұл аймақтардың даму жолы әртүрлі болды? - аймақтардың әлеуметтік құрамы мен халық саны қандай? -Сенатта қандай партиялар оңтүстік пен солтүстік аймақтардың мүдделерін қорғады? Ж оқушыларға азамат соғысы туралы ақпарат беріледі (Қосымша 3). Оқушылар азамат соғысының себептерін және нәтижесінанықтауы керек. Дескриптор: - соғыстың кем дегенде үш себебін және нәтижесін анықтайды. Б 1850 жж. Газет үзінділерден қандай ақпарат алуға болады?: «Қара түсті Бетси қашып кетті. Оң аяғына темір құрсау тағылған». «Негр Мануэль қашып кетті. Бірнеше рет ен қойылған». «он екі жастағы қара түсті бала қашып кетті. Жазуы бар иттің шынжырын тағады. «Исаак негр үшін 25 доллар сыйақы беріледі. Маңдайында тілімі бар, арқасында қару оғының белгісі бар». Талқылау сұрағы: Құлдықтың жойылуы заңдылық па? | Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | - Рефлексия (Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.4.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсірпік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды