Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.18.1
IX бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік
Сабақ тақырыбы: Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.3.2.3 - отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Мәтін: «Лакшми Бай»
Үндістанда Джханси князьдігінің Лакшми Бай - рани (ханшайымның) есімі кеңінен танымал. 1857-1859 жылдары Үндістандағы көтеріліс кезеңінде ол халық жасақтарының бірінің көшбасшысы болды.
Бұл көтерілісте сипайлар Ұлыбританияның отарлық саясатына қарсы шықты. Халықтың жасақтарды - халықтың саяси мүдделеріне қол жеткізу үшін құрылған әскер.
Генерал Роуз ранидің соңғы шайқасында онымен шайқасқаннан кейін өзінің тәнті болғанын жасырмай, оны «бүлікшілердің ең батылдысы және үздігі» деп бағалады. 1895 жылы Оуэн Берн оны «Үндістанның Жанну д'Аркі» деп сипаттады.
Кейін халқының ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен үнділік танымал тұлғалар Лакшми Байды өздерінің ізашары деп есептеді. 1943 жылы Үндістан ұлттық армиясы әйелдер полкіне ранидің есімін берді.
Бүгінгі таңда Үндістанда Лакшми Байдін көптеген ескерткіштері бар, оны әндерде, әдебиет және кинофильмдерде ұлттық қаһарманы ретінде суреттейді.
Ұлыбританияда Лакшми Бай Джанси қорғанында жасырылған ағылшындарды, әйелдер мен балаларды қоса, жойю туралы бұйрық бергенімен танымал болды. Бүгінгі таңда британдық тарихи басылымдарда оның азаматтық тұрғындарың жаппай өлтіруге қатысы бар екендігін хабарлайды.
Мысалы, 1973 жылы жазылған және 2001 жылы қайта жарияланған «Үнді бүлігі» атты кіпабында: «Бекіністе жасырынған британдықтар Рани-жесірдің берген қауіпсіздік қамтамасыз етеме деген уәдесіне сеніп, бекіністеп шығады. Бірақ ол ағылшындардың оның князьдігін тартып алғандары үшін соншалықты жек көрді, барлығын өлтіруге бұйрық берді».
Лакшми Бай сарай маңындағы қызметкердің отбасында дүниеге келген, жақсы білім алып, әскери іс бойынша дайындықтан өтті. Ол үлкен қылышпен жақсы шайқаса алды және тамаша шабандоз болды.
14 жасында рани Джханси ханзадасына тұрмысқа шығады. Оның күйеуі мұрагер қалдырмай, қайтыс болды. 1848 жылы Ост-Үнді компаниясы қабылдаған заңға сәйкес тікелей мұрагері жоқ болған жағдайда князьдік толығымен компанияның мүлкіне айналады. Бұл заң христиан дінін қабылдаған раджаларға ғана қатысты болмады.
Британдық билеушілер ханшайымға князьдігіне айырбас ретінде ай сайын 5 мың рупий зейнетақы ұсынды. Бірақ ол одан бас тартты. 1857 жылы ол бүлікшіл сипайлардың қатарына қосылды. Лакшми Бай британдық әскермен қақтығыстарда бір неше жеңістерге жетіп, 23 жасында шайқаста қаза тапты.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1-тапсыра. Барлық оқушылар үшін
Шығыс елдеріндегі өмірдің негізгі бағыттарына еуропалық елдердің отаршылдық саясатының ықпалын қорытындылай келе, «Фишбон» әдісінің шаблонын толтырыңдар:
Метрополялардың отарлау саясаты |
|
| |||||||||
|
Шаблонды толтыру нұсқасы:
Мәселенің мәні:
Метрополиялардың отаршылдық саясаты тәуелді елдердің ресурстарын қанау мен пайдалану саясаты болып табылады.
Отаршылдық саясаттын салдары:
- Ұлттық тәуелсіздіктен айырылуы
- Шығыс елдеріндегі басқару жүйесін өзгерту
- Жергілікті князьдердің билігін жою
- Дәстүрлі экономиканы, жергілікті қолөнерді қирату
- Бенгалиядағы жаппай ашаршылық, шаруалардың ауыр жағдайы
- Монархтың қасиетті рөлін жою
- Мемлекеттік тіл мен мәдениеттің рөлін төмендету
- Жергілікті тұрғындар арасында оларға жат дінді уағыздау, жергілікті халықтардың діни сезімдерімен санаспау
Отаршылдардың мүдделері:
1. Өздерінің саяси басымдылығын орнату2. Отарлар үшін күресте алда болу3. Отарлардың табиғи және адамдық ресурстарын пайдалану4. Отарларда өнеркәсіпті дамыту
5. Христиан дінін ұстанушыларын ұлғайту арқылы отарларда өздеріне ыңғайлы әлеуметтік базасын құрастыру6. Еуропалық тілдер мен мәдениетті енгізу
Империалистік саясатына баға беру:
Империализм саясаты еуропалық технологиялар мен өндірістегі жетістіктердің таралуына ықпал етті, бірақ халықтардың рухани өміріне, олардың өзіндік ерекшеліктері мен мәдениетіне зиян тигізді. Бұл саясат халықтар мен діндерді бөліп, адамгершілік қындылықтарға қарсы келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?