1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.17.1
IX бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік
Сабақ тақырыбы: 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды?
Оқу мақсаттары:
7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау
Тарихи концепт: интерпретация
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Мәтін «Бүлік немесе тәуелсіздік үшін соғыс пе?»
1857 жылы британдық офицерлер сипайлар үшін жаңа оқ-дәріні енгізді. Майланған оқ-дәрілер жылдамырақ оңталып, жылдамдықпен атылататын болды. Осылайша, жаңа оқдәрілерді енгізу әскери қажеттілік пен ғана байланысты болды.
Оқ-дәріні майлау үшін британдықтар Англияда арзан және қол жетімді сиыр мен шошқа майың пайдаланған. Алайда мұндай жаңалықты енгізе отырып, британдық билік оларды қолданатын елдің діни ерекшеліктерін мүлдем елемеді. Санаулы түрде немесе жоқ пе, бірақ олар сипайлардың діни сезімдеріне нұқсан келтірді және осылайша өздерінің Үндістанның жергілікті тұрғындарын құрметтемеуді және олармен санастауды көрсетті. Сонымен қатар, британдық офицерлер жаңа оқ-дәрілерді енгізу арқылы британдықтарға қызмет етуге мәжбүр болған сипайларды қорлауды көздеген болар.
Мұндай жағдай болуы мүмкін, өйткені отаршылдықтың 100 жылы өткен, және британдықтар Үндістанның жаулап алуы аяқталды деп есептеді және осы елде өздерінің билігінің мықтылығына еш күмән сезінбеді. Бірақ бұл олай емес екендігі анықталды. Үндістан халқы арасындағы үлкен наразылық қанды көтеріліске айналды.
1858-1859 жж Үндістандағы сипайлрадың көтерілісі Британдық Ост-Үнді компаниясы үшін мүлдем күтпеген жағдай болды. Осы уақытқа дейін Ұлыбританияның үкіметінің қолдауымен компания көптеген діни және этникалық қайшылықтарға толы шығыс елінде тыныштық сақтай алды.
Британдықтар бұл оқиғаны әскердің әскербасыларына бағынбау әрекеті деп бүлік деп есептеді. Бүлік күштеп тәркіленіп, елде тәртіп қалпына келтірілді.
Британдықтар сол уақытта британдықтардын жасаған суреттеріндегі және фотосуреттеріндегі көріністерді көріп, бүлікшілердің қатыгездігі мен батылдығына таң қалды. Оларда британдықтар жанқиярлық танытып, отбасыларын қорғаушы ретінде бейнеленген. Ал үнділер, керісінше, қатыгез және ажалсыз варварлар ретінде бейнеленген.
Үнділер бұл оқиғаны Тәуелсіздіктің үшін Бірінші Соғыс деп атайды, өйткені сипаилар тек «арамды» қаруды қолдануға қарсы емес, тұтастай алғанда Ұлыбританияның отарлық саясатын қолдамады.
Сипай Мангал Пандейдің командирінің бұйрығын орындамау оқиғамен басталған бұл күрес, отаршыларға қарсы бағытталған жалпыұлттық қарсыласқа ұласты.
Сипайлар ғана емес, сонымен қатар Үндістанның барлық тұрғындары, соның ішінде билік пен байлықты жоғалтқан үнді княздер де бүлікшілердің қатарына қосылды. Сипайлардың бүлігі басталғанға дейінгі кезеңде қоғамда отаршылдық тәртіпке наразылық өршіп келді және қарулы қарсылық көрсетуге тек бір себебін күтті.
Үнділіктер өздерінің күресің әділетті деп санайды. Осы күнге дейін осы оқиғалардың қайраткерлерінің құрметіне ескерткіштер мен көркем фильмдер арнаған. Олар елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін құрбан болған жандардың есімін естеріне алып, құрмет тұтады.
Алайда, британдықтар арасында да бұл оқиғаны объективті түрде бағалағандар болды. Көптеген британдық парламент өкілдерінің, журналистердің және ғылыми мақалаларда, мерзімді басылымдардағы мақалаларда «Үндістан халқына жеткілікті назар аударылмады, оған немқұрайды қарау орын алды», - деген піріклер көп болды.
Үндістандағы білім мәселелерімен айналысқан беделді саяси қайраткер Ч.Вуд парламент отырысында «көтеріліс жергілікті әскери биліктің өкілдерінің жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерменгендері, олардың дині сезімдеріне төзімсіздікпен қарағандықтан туындаған трагедия»,- деп мәлімдеді. Дәл осы идея танымал «Монинг Пост» газетінде жарияланған: «Үндістан үнділердің діни көзқарастарына назар аудармауымызға байланысты біз оны жоғалтып ала жаздадық».
Сипайлар көтерілісінің себептері
Қысқамерзімді | Сипайларға шошқа немесе сиыр майымен майланған, қағазға оралған оқ-дәрілерді пайдалануға байланысты бұйрығы. Оқ-дәріні алу үшін, қағазды тіспен жырту керек еді, бұл үнділік сипайлардың да, мұсылман сипайлардың да діни ұстанымдарына қайшы келеді. Сипайлардың діни сезімдерінің еленбеуі олардың төзімділігін жоғалтты. |
Ортамерзімді | Отаршылдық әскерде қызмет еткендері үшін сипайлар британдықтардан төмен жалақы алды және офицерлік дәрижеге жету құқықтары болмады. |
Ұзақмерзімді | Үндістанда Ұлыбританияның отарына айналғанынан бері өткен 100 жылда дәстүрлі үнді қоғамының негізін жоятын бұйрықтар мен заңдар қабылданды. Мысалы, отарлау үкіметтің қабылдаған мұра туралы заң бойынша егер тікелей мұрагері болмаған кезде, үнді раджарлардың мүлігі Ост-Үнді компанияның жеке меншігіне өтеді. Үнді раджалары мен жалпы халық өз елінің үкіметіне мүше бола алмады. Британдықтар жергілікті тоқыма өнеркәсібін қиратып, шаруалардан үлкен көлемінде салықтар салды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?