1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Карточкалар

1848 жылы Ост-Үнді кампаниясы қабылдаған заңға сәйкес, тікелей мұрагер болмаған кезде, князьдік кампанияның жеке мүлігіне айналады. Бұл заң христиан дінін қабылдаған раджаларға ғана қатысты болмады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ост-Үнді кампаниясына қосылған үнді аймақтарда салық мөлшері төмендетілді

Ост-Үнді кампаниясы телеграф желісін өткізді, теміржолдарды салғызды.

1854 жылы Үлкен Ганг каналының құрылысы аяқталды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Англия мен Үндістан арасындағы су жолы бір жүйеге келтірілді.

 1854 жылы Бомбейде алғашқы мақта зауыты салынды.

Ұлттық буржуазия, ұлттық интеллигенция Жұмысшы таптары қалыптасты.

Касталық жүйеге, индуизмнің кері әрекетіне қарсы күрес басталды.

XIX ғасырдың басында ағылшын отарлық билігі шенеуніктер ретінде үнділіктерді жалдауға шешім қабылдады.

1885 жылы Үндістанның Ұлттық Конгресі құрылды.

Үнділік мақта-мата өнеркәсібі құлдырап, қолөнер жойыла бастады.

1856 жылы Ост- Үнді кампаниясы қабылдаған заң бойынша сипайларды кез-келген шалғай жерде қызмет етуге мәжбүрледі, ал Үндістаннан тыс жерде қайтыс болған жағдайда, олардың ата-бабаларының әдет-ғұрыптарына сәйкес жерлеуге рұқсат етілмеді.

Қосымша 2

Мәтін

1857-1859 жж сипайлар көтерілісі

 1857-1859 жылдары Солтүстік Үндістанда аса қуатты халық көтерілісі орын алды. Көтерілісшілер құрамында шаруалар мен қолөнершілерден басқа, алғылшындарға жандамалы әскер болып табылатын үнділік сипайлар да болды. Көтеріліс сипай әскерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты шықты. Мылтықтардың оқ-дәрісі шошқа және сиыр майымен майланған қағазға оралған екен. Солдат сол оқ-дәрінің қағазын тісімен тістеп алып тастап, мылтықты оқтайтын еді. Шошқа майын пайдалану кәпірлікке жатады деп есептейтін мұсылмандар және сиырды қасиетті санап, оның еті мен майын пайдаланбайтын үнділер үшін бұл ауыр қылмыс саналды. Сондықтан сипай әскері наразылық білдірді, ал ағылшындар оларға қарсы күш қолдануға кірісті. Сипайлардың жалақысын жоғары болды. Бірақ олар қызмет жағынан өсірілмейтін еді. Сипай солдат ешуақытта офицер қызметіне көтеріле алмайтын. Сипайлардан үш үлкен әскер құрылған еді. Ең үлкені Бенгал әскері Ауд князьдігіндегі жоғарғы каста өкілдерінен тұратын. Олардың қолындағы барлық жер иеліктерін ағылшындар алып қойған болатын. Сондықтан бенгалдықтардың наразылығы да күшті болды.

 Көтеріліс 1857 жылы 10 мамырда Дели маңында басталды. Көтерілісшілер ағылшын офицерлерін ұрып-соғып, Делиді басып алды және Ұлы Моғолдардың ең соңғы билеушісі Бірінші Бахадур шах билігін қалпына келтіргенін жариялады. Көтерілістің мақсаты Үндістанды ағылшын отарлауына дейінгі жағдайға келтіру болды. Қозғалыс жаппай ағылшындарға қарсылық сипатта жүрді. Көтерілісшілер Ост-Үнді компаниясының үстемдігіне жеккөрінішті пиғылдарын ашына айтты. Ағылшын өкіметі Үндістанда елеулі реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Ост-Үнді компаниясын тарату туралы шешім қабылданды және Үндістанды билеу құқығы тікелей Ұлыбритания үкіметіне берілді. Ағылшын отаршылдары енді өздеріне тәуелді жергілікті князьдер мен байларды өз жағына тарту мақсатында әрекет жасауға кірісті. Олармен тіл табысып, одақтасуға тырысты. Сипайларға кіші офицерлік қызметке көтерілуге рұқсат берілді. Жергілікті ауқатты топтар ағылшындардың осы аз ғана жеңілдіктеріне қанағаттанып, көтерілісшілердің қатарын тастап шықты. Ал көтеріліс әлсіреу кезеңіне аяқ басты. Көтерілісшілер арасындағы діни және этностық алауыздықтар оның жеңіліске ұшырауын тездетті. Үндістанның солтүстігінде тұратын сикхалар мен гуркалар мұсылмандарға қарсы болды, сондықтан олар Ұлы Моғол өкіметінің қайта орнауын қалаған жоқ. Оңтүстіктегілер декөтеріліске наразы еді. Екі үлкен қала – Бомбей және Мадрас әскерлері де көтерілісті құптамады. Ағылшындар қайта бұл әскерлерді көтерілісті басу үшін пайдаланды. Солтүстік пен оңтүстіктегі барлық әскери күштерді жинақтап, ағылшындар көтерілісті күшпен басып-жаныштады. 1858 жылдан бастап көтеріліс партизандық сипатқа ие болды. Осы соғыста Лакшми Бай атты үнді әйелі ерлігімен ерекше көзге түсті. 1859 жылы көтеріліс толық басылды. Сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгізіле бастады. Үндістан істері жөніндегі арнаулы министрлік құрылды. Үндістандағы әкімшілік билік вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторға берілді. Үндістанда жаңадан үш университет ашылып, оларда сабақ ағылшын бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүрді. 19 ғасырдың бірінші жартысында ағылшын капитализмі Үндістанды ағылшын тауарларын өткізу рыногына және ауыл шаруашылығы шикізаты көзіне айналдыра бастады. Ауыл шаруашылығында мақта, шай, кофе, каучук өндіретін плантациялар ұлғайтылды. Англияға бұл елден бидай мен күріш тасылды. Ал Англиядан арзан дайын өнімдер Үндістанға әкелінді. Ағылшындар үнділердің ішкі салт-дәстүрлеріне араласпаймыз деп мәлімдеді. Жергілікті ауқатты топтар мен кейбір шаруалар-қауымдастар жеке меншікке жер иеліктерін алды. Ал қалған шаруалар жерді не сатып алуы, не жалға алуы тиіс болды. Егер жерді сатып алғанжаңа қожайын бұл жерге тауарлы дақыл өсіргісі келсе, сол жердегі шаруаларды қуып шығып отырды. Шаруалардың жағдайыкүрт нашарлап, елді жаппай ашаршылық жайлай бастады, ал өкімет бұған қарсы ешқандай шара қолдана алмады.

https://topwar.ru/86706-vosstanie-sipaev-1857-1859-godov.html

Қосымша 3

Интервьюден үзінді

Аамир Кхан фильм жөнінде пікірі:

«Это просто фильм о пробуждении индийцев и восстании против британского правления. Мангал символизирует пробуждение индийского ума. Из лояльного сипая он превращается в повстанца. Я читал о нем в школе. Он один из первых начал бороться за независимость в 1857 году. Его мечта воплотилась в реальность спустя 90 лет, когда Индия стала свободной. Наверное, это первый официально признанный факт восстания индийцев против британцев. У каждой страны своя история, которой она гордится. Мангал Пандей – это наша история. Но он стал легендой благодаря фольклору. О нем не так уж много написано. Индийская история всегда передавалась из уст в уста. Наша история – выдуманная версия исторических событий».

«Бұл үндіктердің оянуы және британдық билікке қарсы көтеріліс туралы фильм. Мангал үнділік ақылдың оянуын бейнелейді. Сипайдан көтерілісшіге бірте-бірте айнала бастады. Мен мектепте ол туралы оқыдым. Ол 1857 жылы тәуелсіздік үшін алғашқы күрескендердің бірі болды. Оның арманы 90 жыл өткен соң орындалды. Бұл, мүмкін, британдықтарға қарсы Үндістан көтерілісінің алғашқы ресми бас көтеруі болды. Әрбір елдің өз тарихы бар, ол оны мақтан тұтады. Мангал Пандей - біздің тарихымыз. Бірақ фольклордың арқасында ол аңызға айналды. Бұл туралы көп жазылмаған. Үндістан тарихы әрдайым ауыздан ауызға берілді. Біздің тарихымыз - тарихи оқиғалардың фантастикалық нұсқасы ».© Aamir Khan (интервью для Rediff, ноябрь 2003 г.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу