1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.17.2

 IX бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

 Сабақ тақырыбы: 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды?

 Оқу мақсаттары:

 7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау

 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

 Тарихи концепт: интерпретация

 Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 Мәтін «Францияның отаршылдық үстемділігі»

 

 Британияның отаршылдық империясын құруда оның мықты күшті және ежелден келе жатқан қарсыласы Франция болды. Британдық Ост-Үнді компаниясы XVIII ғасырдың ортасында Францияны Үндістаннан ығыстырып, осы субконтинентті «ағылшын тәжінің інжу-маржанына» айналдырды.

 Англиямен отаршыл бәсекелестіктегі Францияның жеңілу себебі - оның ішкі саясатының тұрақсыздығы болды. XVIII ғасырдың аяғында мұнда буржуазиялық революция елді аяғынан тік тұрғызды. Содан кейін, 1799-1815 жылдары Франция бүкіл Еуропа тарихының бағытын өзгерткен Наполеонның соғыстары дәуірін бастан кешірді.

 Бұл оқиғалар Франциянының отаршылдық саясатын әлсіретті. Алайда, император Луи Филиптің билікке келуімен, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында Франция өзінің отаршылдық тәркілеуін қалпына келтірді. Ол Британ империясының шекарасына жақын жерінде Үндіқытай отарлау иелігін құрды.

 1843 жылы Францияның сыртқы істер министрі Франсуа Гизо Вьетнам жағалауына эскадрильясын жіберді. 1847 жылы Франция Вьетнам түрмесінен епископ Доминик Лефеврді босату және Вьетнамдағы католиктеріне әскери күш арқылы еркін дін уағыздауларына көмектесу үшін Вьетнамға екі әскери кемелерді жіберді.

 Француз миссионерлері Үндіқытайдың халықтарында «ағарту» қызмет жүргізулері кездейсоқ емес еді. Үндіқытайды басып алынуы Парижге Британ Үндістан мен Қытай арасында бөгеу турғызуға мүмкіндік берді. Вьетнам жағалауындағы іскери базалар, негізінен Англия мен және басқа да державалармен крейсерлік соғыс басталған жағдайда Франция үшін өте маңызды болды.

 Басқа заттармен қатар, Үндіқытай ауылшаруашылық өнімдерге бай болды, олардың арасында бірінші кезекте жоғары сапасымен танымал үндіқытайлық күріш, оған қоса: жүгері, тары, күнжіт және түрлі түйнек өсімдіктер болды.

 Вьетнам өзінің тропикалық өнімдерімен – шайдің түрлі сорттары, хош иісті майлар, даршын (корица), қант, мақта, қарасора (конопля), индиго, апиын, жемістер - банан, апельсин, лимон, ананас, мангомен танымал болды. Үндіқытай, әсіресе оның солтүстік бөлігі – Тонкин – пайдалы қазба минералдармен де өте бай болды, олар: көмір, мырыш, қалайы, қорғасын, вольфрам, алтын, платина, мыс, марганец.

 1851 жылы миссионерлер король Ты Дыкке әбден жалықтырды. Ол миссионерлерді суға батыруды және Вьетнамдағы діни қызметкерлерді жартысынан бөліп, өлтіруге бұйрық беруге мәжбүр болды. Шын мәнінде, тек екі миссионер өлтірілді, олар 1988 жылы Рим Папасы Иоанн II Павелің бұйрығымен әулиелер санатына қосылды. Сонымен қатар 117 «Вьетнамда азап шеккен» діни өызметкерлері осында құрметте ие болды. Францияның билеушілері осы жағдайға араласуға жаңа себеп тапты.

 1858 жылы христиандар мен миссионерлерді қорғау сылтаумен Франция Вьетнамға өзінің әскерлерін жіберді.

 1860-1890 жж вьетнамдықтар отарлаушыларға қарсы партизандық қозғалысын тоқтатпады, бірақ бұл нәтиже әкелмеді.

 1884 жылы Вьетнам француз протектораты болып жарияланды. Ел үш бөлікке бөлінді: Кохинчина (Оңтүстік Вьетнам) отары, Аннам (Орталық Вьетнам) және Тонкин (Солтүстік Вьетнам) протектораттары.

 1887 жылы Француз Үндіқытай отары құрылды. Оған Үндіқытай түбегінің бірнеше мемлекеті енді. Елде ресми түрде Нгуен әулетінің билігі сақталды.

 

 Француз отаршылдық экспансиясының тарихынан:

 

 1535 ж. - Француз Жак Картье Қасиетті Лаврентий өзенінің сағасын зерттеп, Солтүстік Америкадағы Жаңа Франция отарының негізін қалады.

 1763 ж. - Париж шартының шешімімен Жеті жылдық соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін, Франция қазіргі Канада мен Америка Құрама Штаттар аумағында, сондай-ақ Сенегалда өз отарларының бір бөлігінен айырылды.

 1803 ж. – Франция Луизиананы Америка Құрама Штаттарына сатты.

 1809 ж. - Латын Америкадағы Францияның отары Гвиананы Португалия жаулап алды

 1814 ж. - Ұлыбритания мен Португалия Сенегал өзенінің төменгі жағын және Кариб теңізіндегі бірқатар аралдарды Француз Гвианамен бірге Францияға қайтарып берді.

 1830 ж. - Француздардың Алжирді басып алынуы оның Африка мен Азиядағы кең отаршылдық жаулап алуына бастама болды.

 1848 ж. - буржуазиялық революция кезінде Уақытша үкімет отарларға бостандық беру туралы жарлыққа қол қойды.

 1870 ж. - француз отаршылдары Берег Слоновой Кости және Сенегалдың ішкі аймақтарын басып алуға кірісті.

 1881 ж. - француз әскерлері Тунисті өзінің протекторатына (отаршылдық тәуелділіктің түрлерінің бірі) айналдырды.

 

 

 

  XX ғасырдың басындағы Францияның отарлары.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу