1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 17.2
Ұзақ мерзімді жоспар: 3 F- XIX ғ. Үндістан және Үндіқытай елдеріне Еуропаның ықпалы | Мектеп: | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 8 |
| |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? | |||||||||||
Оқу мақсаты | 7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | 1857-1859 жж Үндістандағы оқиғаларға XIX ғ ағылшындар мен қазіргі заманғы үндістердің көзқарастарын салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау. | |||||||||||
Бағалау критерийі | 1.Сипайлар көтерілісін ұлт қозғалысы ретінде сипаттайды 2.Британия мемлекетінің отарлау саясатын дұрыс бағалайды | |||||||||||
Тілдік мақсаты | Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: сипай,индус, каста, сикх Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Біз ... жайлы пайымдауды ... атты тақырыпша астында қоюды ұйғардық. Түсіндіретін болсақ, ... Менің ойымша, ... реформалардың артықшылығы/кемшілігі болып табылады, себебі, ... Жалпы, менің ойымша, реформалар ... салдары болды. Отарлау саясатын сипаттауда жазбаша жұптық жұмыс жүргізіледі (жазылым және айтылым дағдысы бойынша) | |||||||||||
Құндылықтары | Толеранттық, өз елінің жеріне,тіліне сүйіспеншілік және өзге елдің тарихын құрметтеу | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | География пәнімен дүние жүзілік картамен танысуда | |||||||||||
Тарихи концепт | интерпретация | |||||||||||
АКТ қолдануы | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 7 сыныпта өткен Үндістан жайлы қысқаша ақпаратты біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақ кезіндегі іс -әрекеттері | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 3 мин | Топқа бөліну. Сабақтың тақырыбына шығу. Картина көру арқылы Үндістандағы 19 ғасырда болған көтеріліске шағын демонстрация жүргізу. Картинаға қойылатын сұрақтар: 1.Біз не көріп тұрмыз? 2.Бұл картинада нені байқауға болады? 3. Бұл қай кезеңге жатады және не туралы берілген? Сабақтың тақырыбы мен мақсатына шығу. Жаңа терминдермен танысу: Сипайлар, Индус, Каста, Сикх | Презентация | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 5 мин 10 мин 5 мин | (БЫМ) Б Бейне көріністі көрсету: «Восстание». 2005 ж түсірілген фильм Топтық талқылау Талқылау сұрақтары: - Актердің басты рөлге таңдалуы үнділіктердің осы көтеріліске деген көзқарасын анықтайды ма? - Ағылшындарды бұл үзіндіде қалай көрсеткен? Неліктен мұндай пікір қалыптасты?
Тапсырма. Лакшми Баи және Мангал Пандей туралы ақпараттық мәлімдеме жасау. Дескриптор: 1. Лакшми Баиды ұлт қозғалысының батыры ретінде сипаттау 2. Мангал Пандейді сипайлар көтерілісінің батыры ретінде сипаттау 3. Үндістандағы ұлттық қозғалысының бір көрінісі ретінде сипаттау Кері байланыс: Үндістандағы сипайлар қөтерілісін ұлт қозғалысы деп қалай көрсете аламыз.
Топтық жұмыс: Үндістандағы 1857-1859 жылдардағы көтеріліс Дескриптор: 1. Сипайлар көтерілісінің жеңілу себептерін анықтайды 2. 1857-1858 жылғы көтерілістің салдарын анықтайды 3. Британияның отарлау саясатына дұрыс баға бере алады | Қосымша 1 | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин Рефлексия | Тәуелді елдің әлеуметтік құрылымының өзгерісіне метрополияның қандай ықпалын көруге болады: Блум бойынша рефлексия: БББ Білемін. Білдім. Білгім келеді.
| |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау. Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?