Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар (8.15.2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім

Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;

7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

Сабақ мақсаттары

Италия мен Германия ұлттық мемлекеттерінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Ұқсастықтары мен айырмашылығына дәйек құрастырып, деректермен бекітеді;
  • Мәтінді «Триада» стратегиясы бойынша талдап, екі мемлекеттің бірігу ерекшеліктері мен маңыздылығын анықтайды;

Тарихи концепт

ұқсастық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Рисорджиме́нто, оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, жалпыға бірдей ерлердің сайлау құқығы, либерализм, баспасөз бостандығы, діни сенім бостандығы, бірігу еркіндігі,тәуелсіз сот, ұлтшылдық, ұлттық мемлекет, социализм , конфедерация

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Мемлекеттік әнұрандардың мәтіндеріне комментарий беру үшін қолданылатын сұрақтар:

Мына жол .. қандай оқиғаларды суреттейді?

Неліктен сіз осы сөзді таңдадыңыз?

Неліктен сіздің тобыңыз мемлекеттік әнұранына енгізу үшін келесіні ... таңдады?

Құндылықтарды дарыту

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

Пәнаралық байланыстар

География (Қазіргі Италия мен Германия тақырыптары бойынша)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 1848-1849 жылдардағы Еуропадағы революциялар тақырыбы бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-7 мин

(БЫМ) Бейнематериалмен жұмыс:

Оқушылар Италия мен Германияның бірігуі туралы бейнематериалды қарап,тапсырманы орындайды.

  • Есте қалған екі нәрсені жаз.
  • Бейнематериалдың негізгі идеясы неде?
  • Бейнематериалға қатысты туындаған екі сұрақты жаз.
  • Тағы не білгілеріңіз келеді?

Осы бейнематериалдың негізінде сабақ тақырыбына болжам жасалады.

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлері анықталады.

Презентация

Бейнематериал: Германиядағы революция және Германияның бірігуі https://www.youtube.com/watch?v=aR8EnMQ5I6c

Бейнематериал: Италия https://www.youtube.com/watch?v=QdCrnE5sgNI&t=137s

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі

7-12 мин

Жұптық жұмыс түрі

12-27

Топтық жұмыс түрі

27-37 мин

Ж. Мәтінмен жұмыс. Терминдер: Рисорджиме́нто, оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, бірігу еркіндігі,тәуелсіз сот, ұлттық мемлекет, социализм , конфедерация.

Ж. №1 тапсырма. Мәтінді талдау. Оқушылар Германия мен Италияның бір орталыққа бірігуі туралы мәтінді жеке оқып, танысады. Мәтіннің негізінде Германия мен Италия мемлекеттерінің бір орталыққа бірігуінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, кем дегенде 2 дәйектеме келтір оны деректермен бекіт.

Дескрипторлар:

  • Мәтіннен Германия мен Италия мемлекеттерінің ұқсастықтарын бір түсті маркермен, айырмашылықтарын екінші түсті маркермен белгілейді.
  • Ұсастықтары мен айырмашылығына дәйек құрастырып, деректермен бекітеді.

Т. №2 тапсырма. «Триада» стратегиясы бойынша талдаулар жасау:

«Триада» стратегиясы – оқушылар үш жолақты кестені толтыру арқылы ұсынылған мәселенің ерекшелігімен маңыздылығын анықтайды. Бірінші жолақта мәселе, екіншіде – ерекшелігі, үшіншіде – маңыздылығы ұсынылады.

Дескрипторлар:

  • Мемлекеттің бір орталыққа бірігуі жолында туындаған мәселені анықтайды;
  • Германия мен Италия мемлекеттерінің бір орталыққа бірігуінің ерекшелігін кестеде талдап жазады;
  • Екі мемлекеттің бір орталыққа бірігуінің маңыздылығын анықтайды;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия: «Қосу – Алу - Қызықты»

«Қосу» бағанына – сабақта ұнаған барлық жұмыстар жазылады.

«Алу» бағанына - сабақта оқушының пікірі бойынша ұнамаған барлық жұмыстар, түсініксіз болған ақпараттар жазылады.

«Қызықты» бағанына –сабақта білген және білгісі келген қызықты деректерді, мұғалімге қойғысы келген сұрағын жазуға болады.

Қосу (+)

Алу (-)

Қызықты

 

презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. Әсіресе жұптық жұмыста ұқсастық пен айырмашылықты анықтауда оқушылар деңгейіне қарай дәйектер құрастырып, деректермен бекітеді. Топтық жұмыста деңгейлеріне қарай белгіленген уақыт аралығында кестені толтырады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу