Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.15.1
VІІ бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері
Сабақ тақырыбы: Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?
Оқу мақсаттары:
7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;
7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Кесте: «Германия мен Италияны біріктіруде
тарихи тұлғалардың рөлі»
Отто фон Бисмарк – Пруссияның премьер-министрі Германияны біріктіруде маңызды рөл атқарды. Ол үшін арнайы канцлер лауазымы енгізілді | |
I Вильгельм – Пруссия королі ымырасыз «темір канцлер» Бисмаркка ұсыныс жасап, қателеспеді. Ол Германия империясының алғашқы императоры болды. | |
Сардиния Королі II Виктор Эммануил де көрегендік танытып, Италия тағдырын ақылды және дипломатиялық қабілеттеріне ие премьер-министр Камилло Бенсо де Кавурдың қолына тапсырды. | |
Камилло Бенсо де Кавур бұқараның революциялық ұмтылысын пайдаланып, жалпыұлттық елді біріктіру идеясын жүзеге асырды. | |
Италиядағы бірігу процесінің негізін қалаушылардың бірі Джузеппе Мадзини болды. 1831 жылы ол «Жас Италия» ұйымын құрды - Италияны біріктіру мақсатын көздеген патриоттық қозғалыс. | |
Біріктіру соғыстарында италияндықтардың жалпыға ортақ кумирі – Италияның патриоты Джузеппе Гарибальди, елде республикалық демократияны құрылуының жақтаушысы болды. |
Қорытынды: Сіндердің ойыңызша, қандай қасиеттер осы түлғаларды біріктіреді?
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін
Кестенің оң жақ бағанында берілген әлеуметтік-саяси идеологиялардың қайсысы сол жақ бағандағы аттары жазылған тарихи қайраткерлерді, түлғаларды сипаттайды?
Түлғаларға және оның идеологиясын сәйкестердіріңдер:
Виктор Эммануил II Кавур Мадзини Гарибальди Вильгельм I Бисмарк | СоциализмЛиберализмРеспубликалық демократияҰлтшылдықМонархизмКонсерватизмМарксизмАнархизм |
2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Германия мен Италияны әртүрлі саяси және әлеуметтік топтарға біріктірудің салдарын анықтап, кестенің тиісті бағанына «+» белгісін қойыңыз:
Мәртебесі артты | Мәртебесі өзгермеді | Мәртебесі төмендеді | |
Монарх | |||
Үкімет басшысы | |||
Депутаттар | |||
Аристократия өкілдері | |||
Буржуазия | |||
Студенттер, интеллигенция | |||
Жұмысшылар табы | |||
Шаруалар |
3-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін
Германия мен Италияны бірігу үдерістерін салыстыру кестесін толтырыңыз:
Германия | Италия | |
Экономикалық себептері | ||
Саяси себептері | ||
Әлеуметтік себептері | ||
Жетекші әлеуметтік күштер | ||
Біріктіруге қол жеткізу әдістері |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды