Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, презентация.
Қай мемлекеттердің картасы?
Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай мемлекеттер туралы болмақ?
Сабақта қандай мәселе қаралуы мүмкін?
Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?
Сабақтың тақырыбы:
Оқу мақсаттары:
7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;
7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Бағалау критерийлері:
Мәтінде екі мемлекеттің бірігу кедергілерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, кестеге толтырады;
Оқушылар Италия мемлекетінің бірігуіне қатысты сұрақты топта талқылайды;
Отто фон Бисмарктың айтқан сөзін (цитата) топта талқылайды;
Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық
Терминдер: Рисорджиме́нто, оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, бірігу еркіндігі,тәуелсіз сот, ұлттық мемлекет, социализм, конфедерация.
Батыс Еуропадағы орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуының себептері мен алғышарттары
1. Өндірістік күштердің тез дамуы (мануфактураның пайда болуы)2.Ел аймақтарының өзара экономикалық байланысқа түсуі мен тауар-ақша айналымының дамуы3.Сыртқы сауданың дамуы . Ұлы географиялық жаңалықтардың әсері.4.Феодалдармен күресте өз биліктерін қолдарына алған қалалардың қолдауы5.Халықтың көпшілігінің бірорталықтандырылған билікке құштарлығы (ұсақ және орташа ауқатты феодалдар, шіркеу, қала тұрғындары, шаруалар).6.Жаулап алушылардан қорғану қажеттігі және оларға қарсы соғысу1848-1849 жылдардағы төңкеріс Германияның бір орталыққа бірігуінің екі жолы
«Төменнен» бірігу
«Жоғарыдан» бірігу
1849-1870-71 ж.-Италияның бірігуі үшін күрестің үшінші кезеңі
Революцияны басып тастағаннан кейін конституциялық-парламенттік құрылысты сақтап қалған бір ғана Сардиния корольдігі Италияның бір орталыққа бірігуі үшін күрес жүргізді.
Виктор Эммануил ІІ -Сардиния корольдігінің королі,
Ал 1860 ж. Италия королі (1849-1878)
Үкімет басшысы Камилло де Кавур (1850 жылдан)
Отто фон Бисмарк – Пруссия канцлері. Ол өзінің алдына қойған басты мақсатына жетуге ұмтылды. Алдына қойған мақсаты – Германия халқын біріктіру еді, халық оған «темір канцлер» деген атақ берді. «Күшті әрқашан жеңеді» деген қағиданы ұстанған Бисмарк парламентте сөйлеген сөзінде «Пруссия шекарасы Вен трактатына сай мемлекеттің толыққанды өмір сүруіне қайшы келеді. Қазіргі заманның мәселелері сөз бен қаулы арқылы шешілмейді,... ол қанмен және темірмен шешіледі »
Бірігу жолдары
Жоғарыдан
Төменнен
Бір орталыққа бірігуді үкімет басқарады
Бұқара халықтың күшімен,
революция арқылы бірігеді
Италияның экономикалық және саяси дамуы
Вена конгресінің шешімі:
1.Италия 8 мемлекетке ыдыраған
2.Ломбардиния мен Венеция Австрия империясының қарамағына енген
3.Парма, Модена, Тоскананы австриялықтардың қолшоқпарлары басқарды
4.Австрия Папа облысында папаның билігін, ал Неаполитан корольдігінде
Бурбондардың билігін қолдады
Бисмарк саясаты:
1 Әскери реформа
2.Данияны жеңу (Австриямен біріге отырып)
3. Австрияны шеттету (Францияның бейтараптығы)
4. Ресеймен қарым-қатынасты орнату
5. 1866ж. 3 шілде. Пруссия әскері австриялықтарды жеңіп, бейбіт шартқа қол қойылды.
Сардиния корольдігі
Тоскана, Парма, Модена
Венеция облысы мен Ломбардия
Папа облысы
Қос Сицилия корольдігі
Италия корольдігі
№1 тапсырма. Екі мемлекеттің бірігу кедергілерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, төмендегі кестеге толтыр.
Нұсқаулық:
Екі мемлекетке ортақ кедергілерді бір түспен, ал бір ғана мемлекетке қатысты кедергілерді басқа түспен боя.
Жұптық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
(Германия мен Италияның бірігуіне кедергі болған
қиындықтар тізімі)
Топтық талқылау
Неліктен 1861 жылы Гарибальди Италияның оңтүстігіндегі билікті II Виктор Эммануил корольге тапсыруды шешті?
Отто фон Бисмарктың «Уақыттың ұлы мәселелері көпшіліктің сөздері мен резолюцияларымен шешілмейді, бірақ темір қанмен шешіледі!»,-деген сөзіне топтық талқылау ұйымдастырту.
Италияның бір орталыққа бірігуінің маңызы Италияның бір орталыққа бірігуінің арқасында екі мәселе шешілді – елдің солтүстік-шығысының австриялық өктемдіктен босануы және ұлттық мемлекеттің құрылуы. Бұл жетістік бұқара халықтың көпшілігі мен Пьемонт үкіметінің бірлескен күресінің арқасында болды. Италияның бір орталыққа бірігуі жаңғыру үдерісін дамытты
Германияның бір орталыққа бірігуінің маңызы
Германия орталығында ұлттық Германия мемлекеті пайда болды, ол – Германия империясы.
Бұрынғы неміс мемлекеттерінің ескі тәртіптері мен бытыраңқылығы жойылды.
Біріккен неміс ұлтының дамуына қарсы болған кедергілер жойылды.
Саяси ыдырау шаруашылық пен мәдениеттің дамуына кедергі бола алмады.
Француздар төлеген 5 млрд.франк көлеміндегі контрибуция неміс экономикасын көтеруге ықпалын тигізді.
Ресми түрде Бисмарк Германияда екінші адам болды. Негізінде премьер-министр мемлекетті жеке биледі,ал І Вильгельм билікті құмартпайтын адам еді.
Барлық мәселелер «қан мен темірдің» күшімен шешілді, ал елдің «кіндік атасы» Бисмарк демократия дегенді құлқыны сүймегендіктен, Еуропаның қақ ортасында ол құрған Германия империясы пайда болды. Империяның жер көлемі -540 857 кв.км, халық саны-41 058 000 адам, ал әскері 1 млн. солдаттан құралды.
Дескрипторлар:
Жұпта екі мемлекеттің бірігу кедергілерінің ұқсастығын анықтап, кестеде толтырады;
Жұпта екі мемлекеттің бірігу кедергілерінің айырмашылықтарын анықтап, кестеде толтырады;
Оқушылар Италия мемлекетінің бірігуіне қатысты сұрақты топта талқылайды;
Отто фон Бисмарктың айтқан сөзін (цитата) топта талқылайды;
Сабақты қорытындылау:
Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?
/ кем дегенде өз ойынды 2 сөйлеммен түйінде/
Рефлексия: Таразы стратегиясы
Өз-өзінді бағала және болашақта тақырыптарды толық меңгеру үшін қандай бағытта жұмыс жасау керектігінді жоспарла.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?