Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар (8.15.1)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау; 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану | ||
Сабақ мақсаттары | Италия мен Германия ұлттық мемлекеттерінің қалыптасуының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тарихи концепт | ұқсастық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология Рисорджиме́нто, оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, жалпыға бірдей ерлердің сайлау құқығы, либерализм, баспасөз бостандығы, діни сенім бостандығы, бірігу еркіндігі,тәуелсіз сот,ұлтшылдық, ұлттық мемлекет, социализм , конфедерация Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Мемлекеттік әнұрандардың мәтіндеріне комментарий беру үшін қолданылатын сұрақтар: Мына жол .. қандай оқиғаларды суреттейді? Неліктен сіз осы сөзді таңдадыңыз? Неліктен сіздің тобыңыз мемлекеттік әнұранына енгізу үшін келесіні ... таңдады? | ||
Құндылықтарды дарыту | - патриотизм; - өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту; -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Қазіргі Италия мен Германия тақырыптары бойынша) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар 1848-1849 жылдардағы Еуропадағы революциялар тақырыбы бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады. |
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | (БЫМ) Италия мен Германия мемлекеттерінің бірігу алдындағы карталарын көрсетіп,ой талқыға шақыру.
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау | Презентация 1859 жылғы италиялық мемлекеттердің картасы: http://www.worldofcoins.ru/countries/italianstates_all.htm | ||||||||
Сабақтың ортасы Мұғалім таныстырылымы 5-8 мин Жұптық жұмыс түрі 8-20 Топтық жұмыс түрі 20-35 мин | М. Гарибальди мен Кавурдың портреттерін көрсетіп, ақпарат беру.(Гарибальди демократиялық республикашыл, ал Кавур либералдық монархист болған). Терминдер: Рисорджиме́нто, оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, бірігу еркіндігі,тәуелсіз сот, ұлттық мемлекет, социализм , конфедерация. Ж. Германия мен Италияның бірігуіне кедергі болған қиындықтар тізімін тарату. Оқушыларға жұптаса отырып осы екі тізімдегі ортақ кедергілерді бір түспен, ал бір ғана мемлекетке қатысты кедергілерді басқа түспен бояту. Мәтінде екі мемлекеттің бірігу кедергілерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтатып, кесте толтырту.
Дескрипторлар:
Т.Топтық талқылау ұйымдастыру.
Дескрипторлар:
| Презентация Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Ж. Қорытындылай келе, оқушыларға мына сұраққа жауап беруін сұраңыз: Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Рефлексия: Таразы стратегиясы.
Әр оқушы меңгерілген тақырып туралы алдынғы білім деңгейімен сабақта алған білім деңгейін салыстыра отырып өзін-өзі бағалайды және болашақта тақырыптарды толық меңгеру үшін қандай бағытта жұмыс жасау керектігін жоспарлайды. | презентация | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. Әсіресе жұптық жұмыста ұқсастық пен айырмашылықты анықтауда оқушылар деңгейіне қарай тапсырмалады орындайды. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?