Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 Қытай қоғамының Еуропа державалары мен Цинь империясына қарсы азаттық күресі

 Қытайдың қоғамы батыс цивилизациясын,  экономикалық не рухани жағынан болсын, қажет еткен жоқ. Ал Еуропа елдерінің мақсаты елдің еңбек күші мен байлықтарын, яғни негізгі капиталын тартып, ұрлау болатын.

 Қытай мен Еуропа елдерінің сауда қарым- қатынастары ХVIII ғасырдың соңына қарай  кеңейе түскен болатын. Батыс мемлекеттері Қытайдан фарфор,  жібек,  шай алды, және басқа да тауарлар Еуропада үлкен сұраныстарға ие болды. Бірақ Қытай елге еш тауарды сатып алған жоқ. Сондықтан Еуропа елдері сатып алынған тауарларға күміс ақша төлеуге мәжбүр болды. Сол кезде британдықтар Үндістаннан әкелінген апиынды  Қытайға өткізе берді және көп ұзамай жергілікті халық , әсіресе  теңіз жағалауында тұратын адамдар апиынға тәуелді болып кетті. Апиын алып келу жылдан жылға үлкен қарқынмен өсіп, Қытай үшін ауыр жағдай алып келді. Нәтижесінде XIX ғ ортасында болған Апиын соғыстарына алып келді. Бұл екі соғыста Қытайдың жеңілуі еуропалық державалардың жартылай отарының болуына ықпал етті. 1840-1842 жылдар аралығында болған соғысты Ұлыбританиямен жасасқан Нанкин келісім шарты  1842 ж 29 тамызда аяқтады.  Бұл тең емес құқылы келісім бойынша Ұлыбританияға 15 млн күміс лян, Гонконг аралы мен 5 қытайлық порттың ашылуы өтті. Апиын  соғысында Қытайдың  жеңілуі  халықтың  үлкен бөлігінде наразылық тудырды. Бұл шетелдіктерге де,  маньчжурлерге де қарсы қозғалыстар жүргізді.  Шарулардың ауыр жағдайы  билікте отырған династияға қарсы  жаңа соғысқа итермеледі.   ХІХ  ғ ортасына қарай 100 шаруалар көтерілісі  өтті. 1850ж маусымына қарай тайпиндер (қозғалыс мүшелері )  ұйымдасқан күш жинап,  Қытайдың «әділет қоғамын» құрып,  және Цин империясына соғыс жариялады. Соғыс 1850-1856 жылдар аралығын қамтыды.  Тайпиндер қозғалысы әскери  сипаттағы жүйеде болса да,  демократиялық сипаттқа да тән болады. Себебі соғыстың басшылары халықтың сайлауымен таңдалды.  Әйелдер құқығы ерлер құқығымен теңесті. Қыздың аяғын байлау және тоқалдыққа беру  деген сияқты көне салт- дәстүрлер тоқтатылды.  Он алты жасқа толған азаматқа жер үлесі бөлінді.  Бақылау астындағы территоряларда апиын шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге және азарттық ойындар ойнауға тыйым салынды. Ал қылмыс жасағандарға қатал жазалар қолданылды.Қалалардағы барлық  қолөнер орындары, сауда орталықтары мен күріш  қоры мемлекет меншігі болып саналды. 1856 жылға таман тайпин лагерінде дағдарыс басталды, және осы әлсіздікті Англия мен Франция пайдалануға тырысты.1856-1860 жылдар аралығында Екінші апиын соғысы басталады. Әрине, жеңіс мықты әскери күші бар державалардың жағында болады.  Соғыс нәтижесінде Қытай шетелдерге тағы да  5 портын ашу туралы  келісім  жүргізеді. Ал 1860 жылдарда ағылшын және француз іскерлері  екінші тайпин қозғалысын басып жаныштайды. https://malimetter.kz/kytaj-kogamynynyn-europa-derzhavalary-men-cin-imperiyasyna-karsy-azattyk-kuresi/

 №1 тапсырма Мәтінмен жұмыс.

 1 топ – мәтін мазмұнын 5 сөйлем арқылы мазмұндап бер.

 2 топ – мәтіндегі 15 кілтті сөзді ата.

 3 топ – мәтін негізінде 10 жалған тұжырымды жаз, басқа топ

қателерді анықтау керек.

 Қосымша 2

 

 

№2 тапсырма Қытай тарихының уақыт сызығы

/1793 жылдан 1900 жылға дейін/

 

 Қосымша 3

№3 тапсырма Апиын соғысының туындау себебін өзектілік аймағына орналастыр.1.Жақын аймаққа маңызды себепті, алыс аймаққа маңызды емес себепті орналастыр.2. Бір-бірімен байланысты себептерді анықта.

 

 Қосымша 4

№4 тапсырма Апиын соғысының жағымды салдарларын жоғарғы бөлікке, жағымсыз салдарларын төменгі бөлікке орналастырыңдар.

 

 Қосымша 5

№5 тапсырма «Үш жақты күнделік»

Қытай қоғамының Еуропа державалары мен Цинь империясына қарсы азаттық күресі

Бұл оқиғаның басты кейіпкерлері

Бұл оқиғадағы оның рөлі

Бұл іс-әрекетке сіздің көзқарасыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Teddyamort
    Teddyamort 16.09.2024 07:45
    0 + 0 -
    Модные заметки по созданию отличных луков на каждый день.
    Обзоры профессионалов, новости, все новые коллекции и мероприятия.
    https://moismi.ru/info/2024-09-15-istoriya-brenda-baldinini-ot-remeslennogo-proizvodstva-do-mezhdunarodnogo-uspeha/