Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, презентация.
Бейнематериал: 19 ғ.Қытай еліндегі апиын соғысы https://www.youtube.com/watch?v=5M7ZTl-DIKg
5 кілтті сөзді жаз
3 сөйлеммен сипатта
1 сөйлеммен түсіндір
Cабақтың тақырыбы:
Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
Тарихи концепт: Маңыздылық
Оқу мақсаттары:
7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;
7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
Бағалау критерийлері:
Оқиғаларды «Уақыт сызығында» орналастырады;
Апиын соғысының туындау себебін анықтайды;
Себептерді маңыздылық деңгейіне қарай орналастырады;
Жағымды, жағымсыз салдарларды анықтайды;
Жұптық жұмыс
Тапсырма №1
1.Уақыт сызығында 1793 жылдан 1900 жылға дейінгі аралықтағы Қытай елінің басты оқиғаларын белгілеңдер.
Күшті тұсын жоғары бөлікке, әлсіз тұсын төменгі бөлікке жазыңдар.
2.1842 жыл мен 1900 жыл аралығында Қытай тарихында орын алған төрт маңызды оқиғалар жайлы қысқаша ақпарат беріңіздер.
Себеп салдарлы байланыс: себеп пен оның әсері арасындағы қарым қатынас .Себептерді ішкі-сыртқы факторлар туындатады. Тарихта іс-әрекетті, оқиғаны, құбылысты немесе жағдайды туындататын себептер болады. Себептердің әсер етуіне байланысты тікелей немесе жанама болып бөлінеді.
Салдар бір іс-әрекет, құбылыс немесе жағдайдың нәтижесі немесе зардаптары болып табылады. Салдарлар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді
№2 Тапсырма Апиын соғысының туындау себебін өзектілік аймағына орналастыр.
1.Жақын аймаққа маңызды себепті, алыс аймаққа маңызды емес себепті орналастыр.2. Бір-бірімен байланысты себептерді анықта..Топтық жұмыс
№3 Тапсырма Гаухартас формасында себептерді маңыздылық деңгейіне қарай орналастыр.
1
2
3
4
5
Топтық жұмыс
Апиын соғысының жағымды салдарларын жоғарғы бөлікке, жағымсыз салдарларын төменгі бөлікке орналастыр.
№4 Тапсырма
Топтық жұмыс
Дескрипторлар:
Уақыт сызығында 1793 жылдан 1900 жылға дейінгі аралықтағы Қытай елінің басты оқиғаларын белгілейді;
Күшті тұсын жоғары бөлікке, әлсіз тұсын төменгі бөлікке ажыратып,жазады;
1842 жыл мен 1900 жыл аралығында Қытай тарихында орын алған төрт маңызды оқиғалар жайлы қысқаша ақпарат береді;
Жақын аймаққа маңызды себепті, алыс аймаққа маңызды емес себепті орналастырады;
Бір-бірімен байланысты себептерді анықтай алады;
Гаухартас формасында себептерді маңыздылық деңгейіне қарай орналастырады;
Апиын соғысының жағымды салдарларын жоғарғы бөлікке,жағымсыз салдарларын төменгі бөлікке орналастырады;
Кім? Не? Неліктен? Қашан? Қайда?
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?