Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 8.13.1

  бөлім. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

 Сабақ тақырыбы: Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

 Оқу мақсаттары:

 7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

 7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;

 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

 7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

 

 Мұғалімге арналған сабақ тақырыбына қатысты қосымша мәліметтер

 

 Мәтін: «XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай».

  XVIII ғасырдың екінші жартысында Қытайда басталған терең дағдарыс XIX ғасырдың басында күрт шиеленісті. Феодалдардың артықшылықтары және коррупциялық бюрократиялық аппаратқа негізделген Цин әулетіне қарсы жаппай қақтығыстар мен халықтың күресі кең таралды. Қытайдың тұтастығына сыртқы қауып төнді. Табиғи ресурстарға бай, әлемдегі ең үлкен халыққа ие, алайда әлсіз және экономикалық жағынан артта қалған Қытай капиталистік державалардың отарлық кеңею үшін күресінің сахнасына айналды.

 Еуропалық елдер өздерінің өнімдері қажетті нарық мен өз өнеркәсібіне қажет шикізат көздерін табуға тырысты. Қытайды капиталистік державалардың жартылай отарына айналу үдерісі орын алды, ұзақ уақыт бойы өндіріс күштердің дамуына кедергі келтіріп, сонымен қатар ескі феодалдық қатынастардың сақталуына ықпал етті.

 XIX ғасырдағы Қытайдың феодалдық экономикасының негізін бұрынғыдай, ауыл шаруашылығы құрады, мұнда халлықтың 90% -дан астамы еңбек етті.

 Ауыл шаруашылығының өнімнің көп бөлігін феодалдар мен мемлекет таптып алды, себебі бұл жерді жалдағаны үшін рента деп санады. Тауарлы экономика XIX ғасырдың бірінші жартысында дамуын жалғастырды, бірақ елдің экономикалық өмірінде шешуші рөл атқармады. Қытай экономикасына тән ерекшелігі - шаруалар ауылшаруашылық өнімдерімен қолөнер майдагерлік көсіп орындарының біртұтастығы.

 Қытайдағы феодалдық жүйесінің сақталуына байланысты, капитализмнің элементтері өте баяу қалыптасты және бірқалыпты болмады. Олар ең алдымен теңіз провинцияларының қалаларында жеке өндірістік мануфактураларда және қолөнер шеберханаларында пайда болды. XIX ғасырдың ортасында мемлекеттік өндірістермен қатар, жалдамалы еңбекті пайдаланатын көптеген жеке шеберханалар да болды. Кейбір шеберханаларда бірнеше ондаған, тіпті 100 немесе одан да көп жұмысшылар жұмыс істеді.

 Қытайдың Цин үкіметі жүргізген сыртқы нарықтардан оқшаулану саясаты, кәсіпкерлердің барлық қадамын реттеу, ауыр салық салу және шеберханалардың иелерінен тонау, билік тарапынан нарықтық бағалардан әлдеқайда төмен бағамен өнімдерді сатып алуы жеке шеберханалар мен өндірістерді дамытуға кедергі жасады. Үлкен жеке шеберхагалардың үлесі өте аз болды.

 Маньчжур әулеті басқарған Цин империясында маньжурлар ерекше артықшылықтарға ие болды. Әкімшілік аппаратта барлық маңызды лауазымдарды иемденіп, олар халықты қатыгездікпен тонады. Мысалы, маньжурлік шенеуніктердің бірі 2,5 млн. му жерді, 682 фунт алтын, гауһар тастар мен күмістен тұратын байлықты өз қолына жинады. Олардан қытай шенеуніктері де қалыспады. Шаруа көтерілістрі қатал түрде жаншылды.

 Цин әулетінің әскери негізі – қытайлықтардан құрылған «жалаулы» әскерлерімен салыстырғанда артықшылықтарға ие маньчур әскерлері болды. XIX ғасырда маньчжур әскерлерінде тәртіп құлдырады және олар көбінесе жауынгерлік қабілетінен айырылды.

 Қытайдағы таипиндер көтерілісі (1850-1864 жж.)

 

 Халық бұқарасының жағдайының тым нашарлауы маньчжір әулеті саясатына наразылықтың артуына себеп болды. Қытайлықтар үшін маньчжурлар жат адамдар болып қала берді. 1850 жылы маньчжірлардың билігіне деген наразылығы шаруалар көтерілісіне себеп болды. Оның көшбасшысы Хунь Сюцюань болды. Ол барлық шаруаларға бірдей мөлшерде жер бөліп беріп, маньчжурларды елден шығару туралы талаптарды ұсынды. Хунь Сюцюань Аспан мемлекетінің ұлы гүлденуі - «Тайпин тяньго» мемлекетін құруды мақсат етті. Сондықтан бұл көретіліс «таипин» көтерілісі деп аталады. Тайпиндердің көтерілісі 14 жылға созылды. Ол бірнеше кезеңді құрады.

 1851 жылы тайпиндар Қытайдың оңтүстігін басып алып, жаңа мемлекеттің құрылуын жариялады. Хун Сюцюань император болып жарияланды, ал оның жақтаушылары князьдердің атағын алды.

 Тайпиндер мемлекетінің астанасы Нанкин қаласы болды. Тайпин идеологиясы ежелгі қытай дәстүрлерін сақтап қалуға негізделді. Дегенмен, тайпиндар қытайлықтардың өмірінде елеулі өзгерістер енгізбеді. Олар жасаған мемлекет монархия мен феодалдық жүйесін жоя алмады.

 1864 жылдағы тайпиндер көтерілісі жаншылды. Төңкерістің жеңіліске ұшырағанының негізгі себебі - көтерілістің нақты көшбасшылығы болмағаны, Цин империясының еуропалық елдерінің көмегін пайдаланғанында және қытайлықтарға жат болған тайпин басшыларының христиан дінін уағыздалары болды.

 Хун Сюцюань, Ян Сюцин - көтерілістің көшбасшылары - қытай халқын біріктіре алмады. Қытайда Цин империясының билігі сақталды.

 Қытайдағы Тайпин көтерілісінің көрнекті қайраткерлерінің бірі - Ши Дакай (1830-1863 жж.) болды. Ол Қытайдың оңтүстігіндегі заманауи Гуанси-Чжуан автономиялық аймағының бай шаруалар отбасында дүниеге келген.

 1849 жылы ол Гонконгта Хун Сюцюанның ілімінің жалғастырушысы ретінде өзін жариялады. Тайпиндердің «Құдайдың жауынгерлері» атты әскери ұйымына қосылып, ол әскери басшылардың бірі болды. 1853 жылдың наурыз айының соңында ол Нанкинді басып алған кезде авангардтық күштерге жетекшілік етті. Нанкин қаласы осы оқиғадан кейін таипиндердің астанасы болды. 1856 жылдың қараша айынан 1857 жылдың қазанына дейін Тайпин үкіметін басқарды. Тайпин қозғалысының бөлінуінің нәтижесінде ол өз әскерлерін өзінің провинциясына алып кетіп, ерікті әрекет етуге бел бұды. Сычуаньға жасаған жорықта үкімет әскерлерімен тұтқынға алынып, 1863 жылдың 25 маусымында ол азаппен өлтірілді.

 

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 1апсырма. Көпшілік оқушылар үшін

 Оқушыларға терминдерді және олардың анықтамаларын сәйкестендіруді ұсыныңыз.

 

 Сәйкестендірудің дұрыс нұсқасы:

 

Терминдер

Анықтамалар

Миссионерлік

Дінге сенбейтіндерді немесе өзге дінге айналдыру мақсатында діни ұйымдардың қызмет ету әрекеттерінің бірі.

Апиын

Қатты дәрілік наркотик, күнге кептірілген піспеген көкнәр қорапшаларының сүттіген шырынынан жасалады.

Экспорт

Лат. сөзі exporto, ол бір елден тауарлар мен қызметтерді басқа елдерге шығаруды білдіреді.

Импорт

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді немесе интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін басқа мемлекеттерге әкелу.

Отарлау саясат

Бұл терминің екі мағынасы бар: 1) адамдардың жаңа жерлерге көшіп қонуы; 2) дамыған еуропалық елдердің дамуында артта қалған Азия, Африка және Латын Америка елдерін бағындыру үдерісі.

Фактория

Шетелдік саудагерлердің басқа мемлекеттің аумағында немесе отарларында мекемелері немесе кеңселері.

Ультиматум

Орындалу уақыты шектелген және орындалмаған жағдайда елеулі зардаптар қаупі бар талап.

Ультиматум – бұл келіссөзден бас тартудың айқындалуы. Ультиматум, ең алдымен, саясатта қолданылады және көбінесе соғыстардың алғышарты болып табылады.

Теңсіз шарттар

XIX ғасырда бір жағынан Шығыс Азия (Қытай, Жапония, Корея) мемлекеттері мен екінші жағынаң жетекші еуропалық державалар арасында жасалған шарттар.

Ұлы державалардың экономикалық және әскери артықшылығы салдарынан бқл шарттар Азия елдері үшін тиімсіз экономикалық және саяси қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік берді.

Апиын

соғыстары

XIX ғасырда Қытайдың аумағында Батыс державалары мен Цин империясы арасындағы әскери қақтығыстар. Батыс елдерінің негізгі талаптарының бірі: Қытайда, бірінші кезекте, апиын сауда-саттықтың кеңеюі болды. Апиын соғыстары екі қақтығысты қамтиды: бірінші апиын соғысы - 1840-1842 жж.; Екінші апиын соғысы - 1856-1860 жылдардағы соғыс. Екі қақтығыста да Қытай жеңілді.

 

 2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін

Оқушыларға әр тұжырымдаманың алдына «иә» немесе «жоқ» деп жазуды тапсырыңыз:

 

Тұжырымдамалар

Ия/Жоқ

1

1791 жылы Қытайға лорд Маккартнидің елшілігі жіберілді.

2

Еуропалықтарға тек бір портта - Дагуда сауда жасауға рұқсат берілді

3

Линь Цзэсюй Қытайдың патриоты болды

4

Апиын соғыстар АҚШ және Еуропа елдерінің Қытайды жаулап алуға тек сылтау ғана болды

5

Апиын соғыстардың нәтижесінде Қытай еуропалық елдердің жартылай отарына айналды.

6

Шетелдік әскерлермен күресуде Цин үкіметі халықтың әскери жасақтарын пайдаланды.

7

Екінші апиын соғысында жеңіліске ұшырағанын қытайлықтар ұлтының ең ұлы қорлауы деп санайды

8

Пекинді басып алғаннан кейін еуропалық әскерлер көне император сарайына қол тигізбеді

9

Ресей үкіметі апиын соғысы жылдарында Қытайдағы халықаралық әскери қақтығысқа араласпауды ұйғарды

10

Апиын соғысы нәтижесінде барлық қатысушы елдердің өзара мүдделерін ескере отырып, шарттар жасалды.

11

Қытайдың апиын соғыстарында жеңіліске ұшырауының басты себебі - бұл елдің мүддесін үкімет тарапынан сатқындалуы

 

 Дұрыс жауаптары:

 «Ия» - 1, 3, 4, 7

 «Жоқ» - 2, 5, 6, 8, 9, 10, 11

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу