Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.13.1
VІ бөлім. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері
Сабақ тақырыбы: Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
Оқу мақсаттары:
7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;
7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
Тарихи концепт: себеп пен салдар
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды. Мысалы: “Біз ұқсаспыз және бір-бірімізге ұқсамаймыз” атты жаттығуды өткізіңіз. Оқушыларға сыныпта жүріп, сыныптастарына екі сөйлемді айтуды ұсыныңыз: «Сен маған ... ұқсайсың» және «Мен саған ... ұқсамаймын".
Бұл жаттығу адамдардың бір біріне ұқсас екенін түсінуге көмектеседі және әр адамның өз ерекшеленуіне құқығы бар.
Жаттығу сыныпта позитивті психологиялық атмосфераны құру үшін қолданылады.
2. Оқушыларды тақырыпты зерттеуге ынталандыру мақсатында «БЫM»-бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушыларға әлем картасында Қытайдың алатын орнын бейнелейтін картасын көрсетіңіз.
Оқушыларлан Қытайдың географиялық орналасуын сипаттауды сұраңыз және бұл ежелгі тарихы бар елдің тарихи дамуына қалай әсер етуі мүмкін туралы ойлануды ұсыныңыз. Сұрақты талқылаңыз: Сендер Қытай туралы қандай қызықты фактілерді білесіңдер?
Оқушылардың жауаптарынын мысалы:
Қытайдың ресми атауы - Қытай Халық Республикасы. Шығыс Азияда орналасқан. Бұл халық саны бойынша әлемдегі ең ірі мемлекет - 1,3 миллиардтан астам адам өмір сүреді. Халықтың басым бөлігі - өздерін «хань» деп атайтын этникалық қытайлар. Қытай Ресей мен Канададан кейін аумағының көлемі бойынша әлемде үшінші орын алады.
Қытай - әлемнің ұлы державаларының бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі және әлемдегі ең үлкен әскері бар ел. Қытай әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік өнімді экспортаушы болып табылатындығынан оны «әлемнің фабрикасы» деп атайды. Қытайда әлемінің ақша қорының (бүкіл ақшаның көлемінің) жартысы орналасады.
Қытай тарихы көптеген жазбаша және археологиялық көздерде бейнеленген, бұл оның тарихын көне заманнан бастап зеттеуге мүмкіндік береді. Қытай ғалымдары Қытай өркениеті 5000 жыл бұрын пайда болғанын айтады, дегенмен жазба дереккөздер бойынша бұл 3500 жылды айқын көрсетеді.
Ежелгі заманнан бастап мұнда басқару жүйесі дамып, басқарушы әулеттердің ауысуы пайда болды. Қытай экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген, бұл оған көрші көшпелі және таулы аймақтарда өмір сүретін халықтарының экономикалық жүйесіне артықшылық берді. Б.э.д. 1-ғасырда конфуцийшілдік мемлекеттік идеология ретінде енгізілуі Қытайдың өркениетінің одан әрі дамуына септігін тигізді және б.з. д. 3-ғасырда бірыңғай жазу жүйесі қалыптасты.
Қажет болған жағдайда, мұғалім оқушылардың мәліметтерін толықтырады. Сонымен қатар, XIX ғасырда Қытай халқы ауыр сынақтардан өтуге мәжбір болғанын хабарлаңыз. Осы кезеңде мемлекеттік тәуелсіздікті жоғалту қаупы орын алғанын оқушыларға хабалаңыз.
3.Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсінгендеріне көз жеткізіңіз.
4.Топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөліп, келесі сұрақтарды зерттеу үшін ақпараттық материалдар ұсыныңыз:
1-ші топ: Бірінші апиын соғыстың себептері мен барысы
2-ші топ – Бірінші апиын соғыстың нәтижелері мен салдары
3-ші топ: Екінші апиын соғыстың себептері мен барысы
4-ші топ – Екінші апиын соғыстың нәтижелері мен салдары
Материалдардмен танысқын соң, оқушылар мұғалім рөлін сомдап, сыныпқа өз тақырыптарын түсіндіріп берулері керек.
Оқушылардың жауаптарының қысқаша сипаттамасы:
Топтарға арналған тапсырмалар | Жауптар |
Бірінші апиын соғысының себептері | Қытайдағы британдық апиынның заңсыз сатылуы және осы сауданы тоқтатудан бас тартуы. Англияның Қытайда еркін сауда жасау ұмтылысы. |
Бірінші апиын соғысының барысы | Қытай үкіметі Англияның контрабандалық апиынның үлкен партиясын жойғаннан кейін 1840 жылғы сәуірде Англия Қытайға соғыс жариялады. Англияның флоты Гуанчжоуды бөгеді, қытайлық жағалаудың түрлі мекенжайларына шабуыл жасады; британның десантты бөлімдері Сянган (Гонконг) аралын басып алды. |
Бірінші апиын соғысының нәтижесі | Британиялық агрессорларға қарсы күресте халыққа сенуге кәманданып, Цинь үкіметі халықты қаруландыруға жол бермеді және британдықтармен келісу жолдарын іздестірді. |
Бірінші апиын соғысының салдары | 1842 жылдың 29 тамызында Нанкин ағылшын-қытай келісіміне және «Қосымша протоколға» қол қойылды, бұл Қытай билеушілерінің британдықтардан жеңіліске ұшырағандарын айқындады. |
Екінші апиын соғысының себептері | Ұлыбритания, Франция және АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктері маньчжур императорына 1842-1844 жж. Жасалған келісім шартын қайта бекітуды талап етті. Бұл басқа да еуропалық елдердеің және АҚШ-тың Қатайдағы саудаларын кеңейтуді мақсат етті. |
Екінші апиын соғысының барысы | 1856 жылы британдық үкімет Қытайға соғыс жариялады, себебі қытайлық билік контрабандамен айналысатын «Стрела» кемені тұтқынға алды. 1856 жылдың қазан айында британдық эскадра Гуанчжоу портын бомбалады, соның нәтижесінде қалада 5 мыңға жуық тұрғын үй өртеніп кетті. Американдықтар Қытайға соғыс жарияламайақ, Гуанчжоу маңында британдықтарға қосылып қарулы шабуылға қатысып, айналасындағы ауылдардың жойылуына себеп болды. Көп ұзамай Англияға Франция қосылды. 1857 жылдың желтоқсанында ағылшын-француз эскадрасы Гуанчжоуды бомбалап, оны басып алды. Қала тоналды. 1858 жылы әскери әрекеттер солтүстік Қытайға ауысты. Британдық және француз әскерлері Дагу бекінісі мен Тяньцзин үлкен портын жаулап алды. Қытай үкіметі бейбітшілік келіссөздерге асыға кірісті. Осы жағдайды пайдалып, Ресей Цин империясына аймақтық айырбастау ретінде оған әскери көмек ұсынды. 1858 жылы Айгун шарты жасалды, оған сәйкес Ресей Амурдың оң жағалауына және Усурийск аймағын бақылауға құқыққа ие болды. |
Екінші апиын соғысының нәтижесі | 1858 жылы Тяньцзинь қаласында ағылшын-қытай және франция-қытай келісім шарттары жасалды. Оларда Англия мен Франция Қытайға Пекинде тұрақты дипломатиялық миссиялардың болуын мен ағылшын және француз саудагерлерінің бүкіл Қытай аумағында еркін жүріп-тұруға, сондай-ақ Янцзы өзенінде сауда жасауға құқылы болды. Сонымен қатар, сыртқы сауда жүргізу үшін кедендік және транзиттік баждар төмендетілген 11 порт ашылды. Ал қылмыстық апиынның заңсыз айналымы заңдастырылды. Қытай Англия мен Францияға контрибуция толейу міндеттелді. Келіссөздердер 1858 жылдың қарашасында жалғасып, Қытай үкіметі апиын саудасын заңдастыруға келісімін берді. 1878 жылы қытайлық апиын пайдаланушылардың саны шамамен 100 миллион болды, және 1886 жылы Қытайда шамамен 10 мың тонна есірткі сатылды. 1858 жылғы Тяньцзин шарты еуропалық билеушілерді толығымен қанағаттандырмады. Англия мен Франция өз келісімшарттарын ратификациялармен алмасу үшін 19 кемеден тұратын эскадраны жабдықтап, Пекинге өз өкілін жіберді. Эскадра Байхэ өзені бойымен Тяньцзинь қаласына келді. Қытай үкіметі мұндай әркеттерге қарсы шықты, бірақ нәтижесіз келіссөздерден кейін Дагу фортынан заңсыз басып кірген шетелдік әскери кемелерге өрт ашу туралы бұйрық берді. Еуропалықтар Пекинге келіп оны 1859 жылы 6 қазанында басып алды. Француз-британдық әскерлер бірнеше күн бойы қаланы тонаудан кейін Пекиндегі императордың екі жазғы сарайын өртеп жіберді. Оттан аман қалған қазыналарды француздар мен британдықтар алып, Парижде және Лондонда олар мемлекеттің жинақтарына енетіні немесе аукционда сатылатыны туралы мәлімдеді. Бірақ Пекіннің өзі тұтқынға алынбады, шетелдік әскерлер қала сыртында орналсты. |
Екінші апиын соғысының салдары | Қытайдың Британия, Франция және АҚШ-пен жасатқан Тяньцзинь келісімшарттары Қытайды жартылай отарға айналуына тағы бір қадам жасалды. 1860 жылғы 24-25 қазанында Пекин келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Цин үкіметі Ұлыбритания мен Францияға 8 миллион лян көлеміндегі контрибуция төлеуге және сыртқы саудаға Тяньцзинді ашуға келісті. |
Тапсырма дескрипторлары:
- оқушы Бірінші апиын соғыстың себептерін дұрыс анықтайды
- оқушы Екінші апиын соғыстың себептерін дұрыс анықтайды
- оқушы Бірінші апиын соғыстың барысын дұрыс сипаттайды
- оқушы Екінші апиын соғыстың барысын дұрыс сипаттайды
- оқушы Бірінші апиын соғыстың нәтижесін дұрыс сипаттайды
- оқушы Екінші апиын соғыстың нәтижесін дұрыс сипаттайды
- оқушы Бірінші апиын соғыстың салдарын дұрыс сипаттайды
- оқушы Екінші апиын соғыстың салдарын дұрыс сипаттайды
5.Сабақ бойынша рефлексия. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сабақ тақырыбының басты сұрағына жауап беруді ұсыныңыз: Неліктен, апиын соғысында жеңіліске ұшырағанына қарамастан және осы соғыстарды ең үлкен ұлттық қорлау деп есептеседе, қытайлықтар әлі күнге дейін бұл соғыстарды еске сақтап келеді?
Кейбір оқушылардан оралдың жауаптарын оқып беруін сұраңыз, ал басқа оқушылар келісетіндерін немесе қосатындары болса, түсініктемелерін бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?