Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: 5-бөлім XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы | Мектеп: | ||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқаны: қатыспағаны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? | ||||||
Тарихи концепт | себеп-салдар | ||||||
Оқу мақсаттары | 7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | ||||||
Сабақ мақсаты | «Қырым соғысының себептері мен салдары қандай?» деген сұрақты зерттеуге жағдай жасау. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар істей алады: -Соғысқа қатысушыларды анықтайды; -Соғыс басталуының кем дегенде 3 негізгі себептерін анықтайды; - Соғыс кезеңдерін және негізгі шайқастарды біледі; - Шайқасты әлеуметтік, саяси және экономикалық себептерге жіктейді; -Қырым соғысынан кейін халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттайды; | ||||||
Тілдік дағдылар | Оқушылар істей алады: Соғыстың негізгі себептерін анықтап, мәтіннен ақпарат алады (оқу және жазу дағдылары); оларды жұппен талқылап, білімнің маңыздылығы туралы қорытынды жасау (сөйдеу және тыңдау дағдылары) Қырым соғысының себептері мен зардаптары туралы шағын зерттеу жүргізу. Бұл тапсырманы неге қиын (қызықты) деп түсіндіре алады; Пәндік лексика мен терминология: Кавказ, Қырым, Православие христиан шіркеуі, Севастополь, Панорамалық мұражай, Викторияның ордені Диалогқа/жазуға қажетті тіркестер: Соғыстың негізгі себептері............................... Соғыстың негізгі мақсаттары .............................. болды. Қырым соғысы ............................. көрсетті. Бұл соғыстың салдары ең маңызды, себебі .............................. | ||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар
| Ынтымақтастық Жаһандық азаматтық - біз әлемнің бір бөлігі екенімізді және әрбіреуіміз әлемде не болып жатқан тең жауапкершілікті сезінуге негізгі ойды білдіреді; | ||||||
Пәнаралық байланыс | география | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Берілген бөлім 6 сыныпқа арналған Дүниежүзі тарихы курсының 3А тарауында өткен ІІ Осман, І Петр биліктерінің ерешеліктері туралы мәліметтерд қамтитын, сонымен қатар, 7.1.С тарауында ІІ Екатеринаның Ресейде билік еткен кезеңіне қатысты ақпараттармен байланысты. Осы тарау мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс тақырыбы бойынша пәндік лексикалық қорды бекітуге бағытталған. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын анықтау және ойлау қабілетін белсендету және назар аудару үшін оқушыларға суреттер ұсынылады: *Панорама мұражайындағы «Севастопольдің алғашқы қорғанысы» шайқасын бейнелейтін 3 D сурет. * Соғыс естелігіне британдық аурухананың тұғырына орнатылған ресейлік қару. * Викторияның ордені, Қырым соғысы кезінде басып алынған ресейлік қарудан алынған темірдің әскери сыйлық. * Флоренс Найтингейл медалі - 1912 жылы тағайындалған медбикелердің ең жоғары халықаралық марапаты. Қырым соғысында алғаш рет жараланған сарбаздар мейірбикелерден көмек көрсетілді. *Флоренс далалық ауруханаларда, мыңдаған өмір сақтап қалды. Ауруханадағы өлім-жітімді 42,2% -дан 2,2% -ға дейін төмендетті. 1856 жылы Ф.Найтингейл өз ақшасына Қырымның жоғары тауындағы Балаклавадан жоғары соғыс кезінде қайтыс болған жауынгер, дәрігерлер және медбикелерді еске алу үшін ақ мәрмәрінен үлкен крест қойды. Сұрақ: Слайдта не бейнеленген және осы суреттердің бәрі бі- бірімен қалай байланысуы мүмкін? Бүгінгі сабақта не талқыланады?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері айтылады. Тілдік мақсаттар анықтау, пәндік терминология мен сөздік қоры жазу кітапшасына енгізу үшін әр біреуіне парақша тарату, сондай-ақ пайдалану үшін бірқатар пайдалы тіркестерді беру. | Слайд 1 Слайд 2,3 | |||||
Сабақтың ортасы 10-38 | Тапсырма 1. Жеке жұмыс. 7 мин. Мәтінді оқыңыз. Соғысқа қатысушы мемлекеттер мен олардың одақтастарын сызбада көрсетіңіз. Соғыстың негізгі үш себебін жазыңыз. Тапсырмаға дескрипторлар:
Жұпта тапсырмалардың орындалуын талқылайды. Мұғалім қатарлар арқылы өтіп, оқушылардың назарын аудартпай жұмыс барысын назар бақылап, қажет болса түсініктемелер мен ескертулер береді; Орындаған тапсырманы талқылау. Нені орындай алдыңдар? Қандай қиындықтар туындады? Сұрақ: Николай I-нің қателіктері халықаралық қатынастардың бағытын қалай өзгертті? Пікірлер тыңдалады. 2 мин. Тапсырма 2. 7 мин. Қалыптастырушы бағалау парақтарында видеоны мұқият қарап шығыңыз, тапсырмаларды орындаңыз. Дескрипторлар: *оқушылар видео көру барысында бос сөздерді толтырады. *оқушылар тапсырмаларды дұрыс орындайды. Орындап болғаннан кейін парақтарды жұппен алмастырылады, материалды тексереді және толықтырады. Мұғалім қатарлар арқылы өтіп, оқушылардың назарын аудартпай жұмыс барысын назар бақылап, қажет болса түсініктемелер мен ескертулер береді; Тапсырма 3. Карточкалармен жұппен жұмыс істеу. 5 мин. Ресейдің әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрғыдан жеңіліске ұшырауының себептерін бөліп алыңдар. Жұпта алмасып, тапсырманы талқылаңыз. Мұғалім қатарлар арқылы өтіп, оқушылардың назарын аудартпай жұмыс барысын назар бақылап, қажет болса түсініктемелер мен ескертулер береді; Қалыптастырушы бағалау парақтарындағы оқушылар осы тапсырманы орындағандығы туралы белгіні қояды. Тапсырма 4. Топтық жұмыс. 7 мин. Алған білімдерге сүйеніп, Ресейдегі жағдайы туралы қорытынды жасаңыз. Александр II-ні реформалау идеясын ұсыныңыз. Дескрипторлар: * Оқушылар Ресейдің дағдарыстық жағдайлары туралы қорытынды жасайды, оның ең жарқын көріністерін көрсетеді. *Оқушылар Ресейді реформалау идеяларын талқылайды. *Оқушылар бір-бірін қайталамай-ақ тиімді идеяларды ұсынады. Ұсынылған идеяларды талқылау. 3 мин | Слайд 4, ҚБ Cлайд 5 Слайд 6, видео Слайд 7, карточкалар. Слайд 8-9 Слайд 10 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 мин. | Оқу мақсаттарына жеттік пе? Сабақта не қиын болды? Қызықты? Рефлексия. Мен мынаны білгенмін ...................... Мен мынаны білдім ............................ Маған түсініксіз болып қалды................................. | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, әртүрлі ресурстардың түрлерін таңдауда саралау (Гарднер бойынша түрлі интеллектілер теориясы); тапсырмаларды таңдауда - суреттермен, мәтіндермен жұмыс жасағанда, тұжырымдарды қалыптастырғанда. Сабақтың барлық сатыларында педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары ұсынылады | Сабақтың барлық тапсырмалары дескрипторлар арқылы бағаланады. Бағалаудың әр түрлі формалары пайдаланылады: өзін-өзі бағалау, жұп жұмысын өзара бағалау, топтардың жұмысын өзара бағалау, мұғалімнен ауызша кері байланыс. | Оқушылар топта және жұппен жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?