Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 11.2

 VI бөлім: XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы.

 Сабақ тақырыбы: Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

 Оқу мақсаты:

 7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

 

 Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

  1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру.

 Оқушылардын жұмысқа деген позитивті психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Франц Рубоның «Севастополь қорғанысы» атты картинасын көрсетіңіз. Олардың суретті мұқият қарастырып, мүмкіндігінше оның барлық ерекшеліктерін сипатауды сураңыз: Картинада кімдер бейнеленген? Қандай тарихи оқиға бейнеленген? Қандай елдердің әскерлері бір-бірімен соғысуда? Олардың әскери киімін және әскери техникасын сипаттаңыз. Артқы фонда нені көруге болады? Бұл қандай қала болуы мүмкін?

 Оқушылардың барлық пікірлерін қабылдаңыз, олардың пікірлерін жоққа да шығармаңыз және келіспеңіз де. Осындай «ми шабуылының» соңында картинаның авторы мен атацын хабарлаңыз. Суретте көрсетілген оқиға туралы қысқаша баяндап беріңіз.

 Севастопольдің қорғанысы XIX ғасырдың ортасында Ресей мен одақтас елдер арасында болған Қырым соғысының шарықтау шегі болды. Севастополь, гарнизоны 7 мыңға жуық адамнан тұратын, құрлықтан қорғауға мүмкіндігі жоқ еді. 1854 жылдың қазан айында оған 60 000-нан астам адам мен Англия мен Францияның флотының десанты шабуыл жасады. Ресей флотының кемелерінің саны үш есе аз болды. Қысқа мерзімде қаланың оңтүстігінде қорғаныс қоршау орнатылды, ал теңізден Севастопольді арнайы су астына батарылған кемелер қорғап тұрды. Англия, Франция және Түркия - Ресейгі қарсы одақтастар - қала бір аптада тұтқындалады деп үміттенген, бірақ олар қаланы қорғаған ресей әскерлері мен қала тұрғындарының және оларға көмекке келген Қара теңіз флотының теңізшілерінің ерлігін күтпеді. Қоршау 11 айға созылды. Қорғаныс барысында одақтастар Севастопольға қарсы құрлық пен теңізден алты ірі артиллериялық бомбалау жүргізді.

 Севастополь қорғанысын Қара теңіз флотының штаб басшысы, вице-адмирал В.А.Корнилов басқарды және ол қайтыс болғаннан кейін - вице-адмирал (1855 жылы наурыз айынан бастап адмирал атағын алған) эскадраның командирі П.С. Нахимов болды. Севастопольді қорғаудың нақты «кемеңгері» әскери инженер, генерал Е.И. Тотлебен болды.

 Осыдан кейін оқушыларға бұл сабақта 1853-1856 жылдардағы қаланың қорғауы және жалпы Қырым соғысы немен аяқталғаны туралы білетіндерін айтыңыз.

 

 3. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқу мақсаты мен концептісіне негізделген сабақтың мақсатың оқушылармен бірге анықтаңыз, мысалы:

 - ХІХ ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардың сипатын талдау;

 - Қырым соғысының себептері мен салдарын анықтау;

 - Бұл соғыстың Ресейдің одан әрі дамуына ықпалын анықтау.

 4. Оқулықтағы мәтінмен және картамен жұмыс. Оқушыларға оқулық материалдарымен танысуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар топтық жұмыс барысында Қырым соғысына қатысушылардың мақсаттары жазылған қағаз кесінділерін (карточкаларды) таратыңыз. Оқушылар осы мақсаттарды елдерге сәйкес топтастырулары тиіс: Осман империясы, Ресей, одақтас елдер: Англия, Франция, Сардиния корольдігі, Австрия.

 Карточкалардың іріктеу үлгісі:

 Ресей империясы1, 3, 6, 10.

 Осман империясы – 2, 5, 8.

 Одақтастар (Англия, Франция, Сардиния Корольдігі, Австрия) 4, 7, 9.

  • Осман империясын жою.
  • Қырым мен Закавказьені қайтару.
  • Қара теңізден Жерорта теңізіне өтетін Босфор мен Дарданелла бағаздарын пайдалану режимін қайта қарау.
  • Ресейді әлсірету.
  • Бұл соғыстың көмегімен Балқан түбегінде таралған ұлт-азаттық күресті тоқтату.
  • Балқан түбегінде үстемдік орнату (Болгария, Молдавия, Сербия, Волахия елдерінде).
  • Ресейден Финляндия, Польша, Кавказ және Қырым аумағын тартып алу.
  • Ресеймен бұрынғы соғыстар кезінде жеңіліске ұшырағаны үшін реванш алу.
  • Ресейді әлсіретуге көмектесетін Осман империясын сақтап қалу.
  • Балкан түбегіндегі және Таяу Шығыстағы экономикалық және саяси әсердің таралуы.
  • 1812 жылғы Наполеонның жеңіліске ұшырағаны үшін реванш алу.

 Тапсырманың дескрипторлары:

 - оқушы Қырым соғысындағы Ресейдің мақсаттарын дұрыс анықтайды;

 - оқушы Қырым соғысындағы Осман империясының мақсаттарын дұрыс анықтайды;

 - оқушы Қырым соғысындағы еуропалық одақтастардың мақсаттарын дұрыс анықтйады;

 - оқушы Қырым соғысына қатысушылардың мақсаттары туралы өз пікірін білдіреді.

 Осы жұмысты аяқтағаннан кейін және топтардың жұмысын тексергеннен кейін оқушылардан соғысқа қатысушылардың мақсаттары туралы өз ойларын дәптерге жазуды сұраңыз.

 Бірнеше оқушының жазбаша жауаптарын тыңдап, талқылаңыз. Оқушыларды соғыстың барлық қатысушыларының мақсаттары агрессивті, әділетсіз сипатта болғандығы туралы қорытындыға жеткізіңіз. Бұл соғыстың барлық қатысушылары тек өздерінің Таяу Шығыстағы және Балқан түбегінде саяси және экономикалық мүдделерін көздеді. Бұл әскери қақтығыс империализмнің шынайы мәнін және Еуразияның маңызды стратегиялық аймақтарында өмір сүретін халықтардың мүдделерімен санаспай, тек қана өз мүдделерін қорғайтын елдердің бейнесін көрсетеді.

 

  •  Жұптық жұмыс. Оқушыларға Қырым соғысы картасын және ақпараттық мәтіндерді ұсынып, топтық жұмыс істеп, уақыт сызығын толтыруды сұраңыз. Оқушалыр уақыт сызығына соғыстың басты оқиғаларын көрсетуды ұсыныңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:

- Қырым соғысының негізгі оқиғаларын дұрыс анықтайды.

- Қырым соғысының негізгі оқиғаларын қысқаша дұрыс сипаттайды.

 Оқушылардың жауаптары:

 1853 жылдың маусым айы Ресей әскерлері Молдавияны басып алды.

 1853 жылдың 12 қазанында - Осман империясы Ресейге соғыс жариялады.

 1853 жылдың 18 қарашасында - Синоп шайқасы - тарихтағы ең соңғы парусты флотының шайқасы. Бұл шайқаста вице-адмирал Павел Степанович Нахимовтың басшылығымен орыс флоты барлық түрік кемелерін суға батыру арқылы жеңіске жетті.

 1854 жылы наурыз айы - Осман империясының жағында Франция, Англия және Сардиния Корольдігі соғысқа қосылды. Одақтастар Одессада, Соловецкий монастырьде, Аланд аралдарында және Петропавловск-Камчатскийде орыс әскерлеріне қарсы соғыс операцияларын жүргізді.

 1854 ж. күзі - Альма өзеніндегі одақтастар мен орыс әскерлерінің алғашқы шайқасы. Ресей әскері жеңіліске ұшырап, Бахчисарайға қарай артқа шегінді.

 1854 жылдың 5 қазанында - одақтастар Қырымға келіп, Севастопольді қоршауға алды.

 1854 жылдың қазан айы - 1855 жылдың ақпан айы - Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі базасын - Севастопольді қорғау науқаны.

 1856 жылғы 6 наурыз - Париждік бейбітшілік шартқа қол қою.

 Осы жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылардаң келесі сұраққа жауап беруді сұраңыз: Соғыстың қай оқиғасы ең маңызды, есте қалатын деп ойлайсыңдар? Оқушылар соғыстың сипаты барлық қатысушылар тарапынан әділетсіз болғанына қарамастан, Севастополдың қорғаушылары - әскери және азаматтық тұрғындар - өз елінің шынайы патриоттары бола отырып, өз қалаларын өмірлерін аямастан қорғады. Севастополь қорғаушыларының ерлігі - осы соғыстың ең маңызды және есте қаларлық оқиға.

 

 6. Жеке жұмыс. Оқушыларға Париж бейбітшілік шартының талаптарымен танысып, олардың Ресейдің одан әрі дамуы үшін тарихи маңызы бойынша реттеулерін сұраңыз.

 Қырым соғысы нәтижелерін Ресей үшін маңыздылығы бойынша іріктеудің үлгісі:

1. Соғыстағы жеңіліс Ресей билеушілерді армия мен қоғамның өмірінің барлық салаларында реформалар жүргізуіне түрткі болды.

2. Соғыс нәтижелері әскери-өнеркәсіптік және экономикалық салаларын еуропалық елдермен салыстырғанда Ресейдің артта қалуын көрсетті. Бұл елде самодержавие - шексіз монархтың билігінің сақталуы елдің дамуына кедергі болуын айқындады.

3. Ресейге түрік бекінісі Карс пен айырбастау арқалы Севастополь қаласы қайтарылды.

4. Қырым (Шығыс) соғыста Ресейдің жеңіліісі елдің халықаралық беделін айтарлықтай төмендетті.

5. Босфор мен Дарданелла бұғаздары Ресейге жабық деп жарияланды.

6. Қара теңіздің бейтарап деп жариялануы, Ресей мен Түркияның мұнда флот пен жағалаудағы бекіністерге ие болу құқықтарынан айырды.

7. Балтық теңізіндегі Аллад аралдарында Ресейге әскери және қорғаныс қамалдарын салуға тыйым салынады.

8. Ресейдің Дунай княздігіне қатысты протекторатынан бас тартуы және Дунай сағасы узына аймағын Молдоваға қайтарылуы.

9. Ресейдің Бессарабияның бөлігі Молдова князьдігіне ауысты.

 Дескрипторлар:

  •  Оқушы Ресейдің тарихына маңыздылығы жағынан Париж келісімінің шарттарын үріктейді,
  •  Оқушы өз таңдауының нұсқасын дәлелдейді.

 Осы тапсырмаға берілген уақыттың соңында слайдта дұрыс жауапты көрсетіңіз, және бұл тапсырмада бір ғана дұрыс жауап болуы мүмкін еместігін айтыңыз. Барлық нұсқалары дұрыс, себебі ел тарихына маңыздылық жағынан шағын және үлкен факторлар әсерін тигізеді. Оларды соғыстың басты нәтижесі - Ресейдің Еуропа елдерінен артта қалуының айқындалғаны және елдің реформа саясатына көшуін мойындағаны туралы қорытындыны түсіндіріңіз.

 

  • Рефлексия. Оқушыларды келесі сұрақтарға жауап берудің бір нұсқасын таңдап, сабақтағы өз жұмысын бағалауды ұсыныңыз:
  •  Менің ойымша, сабақ қызықты\жалықтырғыш болды
  •  Мен сабақта өте көп/ештеңе білмедім
  •  Мен кластастарымды мұқият/зейінсіз тыңдадым
  •  Мен талқылауға жиі /сирек қатыстым
  •  Мен жұмысымның нәтижелеріне ризамын /риза емеспін.

 Оқушылар таңдаған сөздерімен бөліседі, өздерінің таңдауына дәлелдер келтіріп, талқылайды.

  •  Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Қырым соғысына арналған көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныңыз, мысалы:
  •  Н.Ф. Дубровин «Қырым соғысының және Севастопольді қорғау тарихы».
  •  Е.В. Тарле Қырым соғысы.

 

 Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 Тарихи құжат: «Хирург Н.И. Пироговтың әйелі А.А. Пироговаға жазған хаттарынаң

 

 “Мен 12 қарашада Севастопольге келіп, 2000-нан астам жарақаттанған адамдарды таптым, олардың барлығы бірге, араласып, лас матрастарда жатыр екен. Мен 10 күн бойы, таңертең кешке дейін барлық осындай көп уақыт бойы көмексіз жатқан адамдарға операциялар жасап, жұмыс істедім. Тек 24 қарашадан кейін штабтың бастшысы және бас штаб-дәрігері келді; соғыс болмағандай, олар жарақат алғандар үшін ешқандай кийім, көлік, құралдар әкелген емес. Осы сәтте кенеттен жаңа 6000 астам жараланған адам келгенде, біз не істерімізді білмедік. Солдатты олар кім деп санайды? Олар жарақаттанғанда ит сияқты лақтырып тастайтынын білсе, кім жақсы күреседі деп сенесіз?

 Саған хабарлауға асығыспын, қымбатты Саша, Құдайға шүкір, біз қауіпсіз жердеміз және аманбыз. Сағат таңғы 8-ден кешкі 18-ге дейін ауруханада жүремін, онда өзендей қандары ағып, 4000-нан астам жарақат алған адамдар бар. Көп ұзамай, мен Симферопольге барып, қайырымды мейірбекелерді қарсы аламын. Бомбалар мен ядролардың дауысы естіледі, кешке ғана азаяды. Жұмыс көп, отбасыма хат жазу туралы ойлауға да уақыт болмайды....

 Мен мазасызбын, белгісіз, бірақ, әрине, мен сендерді жаутуға бір минут болса да, табамын. Біреулер жаулар жақын арада қаланы бомбалайды дейді, басқалары қыстайтын болады деп айтады, қысқасы, олар мұнда аз біледі, Петербургтегілердей.

 Теңізшілер мен солдаттар Севастопольді жаулап алмайтынына сенімді, бірақ бәрі белгісіз, қараңғымен жабылғандай.

 Ашуланбаңыз, қымбаттым, мен аз жазғаным үшін. Таңертеңгі сағат сегізде атпен ауруханаға барып, 4, 5 және 6-ға дейін, тер мен ластыққа оранып, кейін қайтамын. Менің сапарым пайдасыз болмады, соған ризамын. Барлық төрт дәрігер келді, біз екі бөлмеде сегіз адам болып бірге тұрамыз.

 Мен сені сүйемін, жүрегіме басамын. Балаларды сүйіп қойыныз; өзіңіз және олар туралы күйеуі мен әкесі 2000 верста алыста болсам да, ойлайтыны туралы айтыңыз. Қош бол, қымбаттым”.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу