Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

5-бөлім

XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

Тарихи концепт

себеп-салдар

Оқу мақсаттары

7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

 Сабақ мақсаты

«Қырым соғысының себептері мен салдары қандай?» деген сұрақты зерттеуге жағдай жасау.

 Бағалау

 Критерийлері

  • Оқушы Қырым соғысының себептері мен салдарын анықтайды;
  • XIX ғасырдың ортасында Қырым соғысына байланысты халықаралық қатынастардың табиғатындағы өзгерістер туралы қорытынды жасайды.

 Тілдік дағдылар

Оқушылар істей алады:

Соғыстың негізгі себептерін анықтап, мәтіннен ақпарат алады (оқу және жазу дағдылары);

оларды жұппен талқылап, білімнің маңыздылығы туралы қорытынды жасау (сөйдеу және тыңдау дағдылары)

Қырым соғысының себептері мен зардаптары туралы шағын зерттеу жүргізу. Бұл тапсырманы неге қиын (қызықты) деп түсіндіре алады;

Пәндік лексика мен терминология:

Кавказ, Қырым, Православие христиан шіркеуі, Севастополь, Панорамалық мұражай, Викторияның ордені

Диалогқа/жазуға қажетті тіркестер:

Соғыстың негізгі себептері...............................

Соғыстың негізгі мақсаттары .............................. болды.

Қырым соғысы ............................. көрсетті.

Бұл соғыстың салдары ең маңызды, себебі ..............................

 Сабақта қамтылатын

 құндылықтар

 

 

Ғаламдық азаматтық идеяны түсіну және қабылдау арқылы біз бір әлемнің бір бөлігі болып табыламыз және әлемде болып жатқан оқиғалар үшін әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бар.

Ынтымақтастық дағдыларын үйрету арқылы жүзеге асырылады

сабақтың барлық сатыларында оқушыларды бір-бірімен және оқытушымен өзара іс-қимыл жасау.

 Пәнаралық байланыс

Саясаттану пәнімен байланыс (халықаралық қатынастардағы өзгерістерді түсіндіру); орыс тілімен (мәтінмен жұмыс істеу стратегиясы, терминологиямен жұмыс істеу)

Осыған дейін меңгерілген білім

Берілген бөлім 6 сыныпқа арналған Дүниежүзі тарихы курсының 3А тарауында өткен ІІ Осман, І Петр биліктерінің ерешеліктері туралы мәліметтерд қамтитын, сонымен қатар, 7.1.С тарауында ІІ Екатеринаның Ресейде билік еткен кезеңіне қатысты ақпараттармен байланысты. Осы тарау мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс тақырыбы бойынша пәндік лексикалық қорды бекітуге бағытталған.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

(С) Ұйымдастыру кезі.

Үй тапсырмасын талқылау. Оқушылар Осман империясын нығайтуға бағытталған іс-шараларды талдайды .

Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, ХІХ ғасырдың ортасында Осман империясы негізінен Ұлыбритания мен Францияға тәуелді болғанын айту.

(БЫМ) Оқушыларға Лев Толстойдың Севастопольдегі әңгімелерінен: «Севастопольдің эпопеясының Ресей халқының тарихында алар орны зор..» деген цитатасын көрсету, панорама бейнесі көрсетіледі.

Оқушылар сұрақтарға қатысты өз болжамдарын айтады.

- суретте қай армияның әскерлері бейнеленген?

- Олар кіммен күресуі мүмкін

Оқушылардың жорамалдарын тыңдағаннан кейін панорама тарихын түсіндіріңіз; цитата келтіреді және сабақта Қырым соғысының себептері мен салдары зерттеледі;

Соғысқа алып келген халықаралық қатынастардың сипатындағы өзгерістер; содан кейін болған өзгерістер.

Ескерткіштің кескіні бейнеленген мен слайд.

Сабақтың тақырыбына кіріспе

5-10 минут

Оқушыларға сабақтың тақырыбын айтыңыз, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін талқылаңыз, тақырыптың тарихи тұжырымдамасы - «себеп-салдар».

Оқу мақсатына және тақырыпқа негізделе отырып сабақтың мақсаты қалыптастырылады:

- Қырым соғысының себептері мен салдарын және XIX ғасырдың ортасында халықаралық қатынастар сипатындағы өзгерістерді анықтау.

Тақырыпты сипаттайтын слайдтар, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және сабақтың мақсаты

Сабақтың ортасы.

Топта жұмыс істеу

10-13 мин.

(C) уақыт тізбегін пайдалану,

1812 жылы Францияны жеңгеннен кейін Ресей империясының әлемдегі рөлі туралы оқушыларға айтылады.

Оқушылардан оны неге «Еуропа жандармы» деп аталғанын сұраңыз.

«Үлкен ойын» (Иранға ықпал үшін Ұлыбритания мен Ресейдің күресі) туралы білімін тереңдету. Туркменшай Келісім-шартын жасасу күнін атауы керек. Осылайша, студенттерді халықаралық қатынастарда болған өзгерістерді түсіндіруді сұраңыз. Дамыған мемлекеттер олардың бір-бірінің, әр түрлі аймақтардағы ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысады.

 (Т) Оқушыларды детективтік агенттіктің өкілдерінің рөлін ойнауға шақыру.

Қырым соғысының басталуына кінәлілерді анықтау керек;

оның қатысушылары;

ең зардап шеккен әлеуметтік топтар;

соғыс салдары.

Қызметтің нәтижелері схема немесе кластер түрінде ұсынылуы керек.

Оқушылармен қажетті ақпаратты талқылаңыз. Карта бере отырып, сол кезде болғалы тұрған соғыс қатысушыларының жағдайын көзбен көруге мүмкіндік беріңіз.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

- Оқушы соғыста кем дегенде 4 қатысушыны дұрыс анықтады;

- Оқушы соғыстың кем дегенде 3 себебін дұрыс анықтады;

- Оқушы кем дегенде 4 себеп бойынша дұрыс жіктеді;

Оқушылардың арасынан прокурор болып біреуі соғыс қорытындысы және жазалау шаралары бойынша айыптау сөзін сөйлейді.

Келесі оқушы Қырым соғысы туралы жазатын журналист ретінде барлық мәліметтерді қамтиды.

(С) Топтардың қызметінің нәтижелерін талқылаңыз, олардың бірі кластерін немесе схемасын көрсетеді. Сонымен бірге басқа топтар өздерінің жауаптарын да, өзгелердің де жұмыстарын бағалайды (өзін-өзі бағалау және өзара бағалау).

Қысқа, орта және ұзақ мерзімді себептерді жіктеуді ұсынамыз.

Қырым соғысының себептері мен нәтижелері туралы қорытынды жасаңыз.

1-қосымша.

Ақпараттық мәтін.

Слайд 6 картамен бірге.

Жұппен жұмыс істеу

33 -36 мин

(С) Оқушылар уақыт белгісіне оралып, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы өзгерістерді бірлесіп талқылайды.

Париж Шартына қол қойылды, ол Ресейдің Еуропаға және Шығыс елдеріне халықаралық ықпалын әлсіретіп, Шығыс мәселесін одан әрі тереңдетуге алып келді, Таяу Шығыстағы батыстық державалардың одан әрі ықпалының кеңеюіне ықпал етті.

Алайда Наполеон ІІІ басшылығындағы Францияның күшеюі Германия тарапынан қатал қарсы тұруға әкелді, бұл 1870 жылғы франко-пруссиялық соғысқа әкелді, ол кезегінде Париж бейбітшілік шартының ресейліктер үшін ауыр жағдайын жоққа шығарады.

1870 жылдан кейін Ресей біржақты тәртіппен осы шарттың ережелерін орындамады және Қара теңіз флотын құруға және Балкандағы ықпалын қалпына келтіруге тырысады.

http://grandwar.kulichki.net/crimean/itog.html

Сабақтың соңы

36-38 мин.

Рефлексия

(Ж) Оқу мақсаттарына және бағалау критерилеріне, сабақтың мақсаттарына назар аударыңыз. Оқушыларға оқытудың мақсаттарына және сабақтың мақсаты жету деңгейін бағалауға мүмкіндік беріңіз және қосымша сабақ қажеттілігін анықтаңыз.

Үй жұмысы

38-40 мин.

Үй жұмысы.

«Неге Қырым соғысы Ресей үшін маңызды?» Тақырыбына эссе жазыңыз.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, әртүрлі ресурстардың түрлерін таңдауда саралау (Гарднер бойынша түрлі интеллектілер теориясы); тапсырмаларды таңдауда - суреттермен, мәтіндермен жұмыс жасағанда, тұжырымдарды қалыптастырғанда. Сабақтың барлық сатыларында педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары ұсынылады

Сабақтың барлық тапсырмалары дескрипторлар арқылы бағаланады. Бағалаудың әр түрлі формалары пайдаланылады: өзін-өзі бағалау, жұп жұмысын өзара бағалау, топтардың жұмысын өзара бағалау, мұғалімнен ауызша кері байланыс.

Оқушылар топта және жұппен жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу