Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 11.3

V бөлім: XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Сабақ тақырыбы: Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

Оқыту мақсаты:

7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

Тарихи концепт: себеп пен салдар

Сабақтың қосымша теориялық материалдарСевастопольді ерлікпен қорғау  (1854 жылғы қазан - 1855 жылғы тамыз)

 

 1854 жылдың 17 қазанында Севастопольді алғашқы бомбалауы басталды. Жау бекіністерді теңіз жағалауынан және жерден күшті бомбалаумен жойып, оны шабуыл арқылы жаулап алуды көздеді. Алайда ресейлік жағалаудағы батареяларының соққысы француздармен ағылшындықтардың қоршау артиллерияларына қарсы бағытталып, оларды қалаға шабуылды уақытша тоқтатуларына мәжбүр етті. Севастопольдің қорғаушыларыға қару жарақ, оқ-дәрі және азық-түлік жетіспеді. Алайда, өте қийын жағдайда ресейлік сарбаздар мен матростар жоғары моральды рухін сақтап, күресін жалғастырды.

 Қаланы қорғау үшін Севастополдың мүйісіне кіре берісте кемелердің бір бөлігін суға батыру туралы шешім қабылданды. Вице-адмирал В.Корнилов бұл шешімге қарсы болды, бірақ ол бұйрықты орындау ғана емес, матростарға бұл әрекеттің қажеттілігін түсіндіруді қажет етті. Адмирал кемелерді суға батыру туралы бұйрық беру керек болған жағдайдың қасіретін елестете аламыз. 1854 жылғы 10 қыркүйекте таңғы сағат 4-те бес кеме суға батырылды.

 Ресей әскері А.С. Меньшиковтың басшылығымен Севастополь тұрғындарына көмек көрсетуге тырысты. 13 (25) қазанында Севастополь мен Балаклава арасындағы алқапта шайқас өтті. Орыстар өздерінің тылына еніп, түріктердің бірнеше зеңбірегін өз қолына түсірду. Бұл шайқаста Англияның ең бедельді ақсүйектер отбасыларының өкілдері қызымет жасаған еткен артиллериялық әскерлер мүшелері - шамамен 1500 адам қайтыс болды. Бұл шайқас ресей әскерлерінің моральды рухын көтерді. Сонымен қатар, ол одақтастар үшін жақсы сабақ болды, олар өз тылын қорғау мақсатында қосымша әскери күштерді бөлді.

 Бірақ бұл операция қамалдағы қаланың жағдайын өзгертпеді. Қаладағы және айналасындағы жағдай күрделі болды. Қаланы қорғаушылар жеткілікті көлемде оқ-дәрі, су, азық-түлікпен қамтамасыз етілген емес. В.А. Корнилов қайтыс болғаннан кейін қорғауды Синоптың батыры П.С.Нахимов басқарды.

 Қиындықтарға қарамастан, Севастопольдің қорғаушылары қарсыластың әскерлеріне нақты соққыларды жасады, олардың орналасқан жерлеріне шабуылдар жасауды тоқтатпады. Олар қарсыластың адам күші мен техникасын жойып, тарншеяларды бұзып, тұтқындарды қолға түсірді. Тіпті балалар да өздерінің туған қаласын қорғады. Батылдығы үшін бесінші бастионның 10 жастағы қорғаушысы Коля Пищенко әскери орденімен марапатталды. Кемеші Петр Макарович Кошка өзінің батылдығымен танымал болды, 18 рет жаудың әскерлері орналасқан позицияларға еніп, «тілдерді» тұтқындап, Георгиевский Крест белгісімен марапатталды.

 Жаудың әскерлері бірнеше рет қалаға шабуыл жасады. Кей кездерді қала бомба мен зымырандармен тоқтамастан бомбаланған. Қорғаушылар мұндай шабуылдарға қарсы әрекет ете алмады, өйткені оқ-дәрі қоры шектеулі болды. Севастопольдің маңызды аймағының бірі - Малахов курган үшін қанды күрес жүргізілді.

 Севастопольдің қорғаушыларының соңғы күштері одақтастардың үзіліссіз артиллериялық шабуылдарынан әлсіреп, әбден таусылды. 12 шілдеде қоршаудағылар ең ауыр шығынға ұшырады - Малахов курганды қорғау кезінде адмирал Нахимов ерлікпен қаза тапты.

 1855 жылы 5 (17) тамызда жау Севастопольға қарсы 24 тамызға дейін жалғасқан жаппай бомбалау арқылы жаңа шабуыл жасауға дайындығын бастады. Жалпы 200 мыңға жуық зеңбірек снарядтар атылды. Осы шабуылдың нәтижесінде қала толығымен қырады, онда бірде-бір бүтін үй қалмады. Сол кезеңде жау әскерлері генералды шабуыл жасап, басты соққысын Малахов курганға бағыттады. Бірақ қорғанысшылар шабуылға тойтарыс бере алды. Көп шығынға ұшырау нәтижесінде жау Малахов курганды басып алды, бұл Севастополь қорғауының нәтижесін айқындады. Қаланың гарнизондары, оның қорғаушылары, батареялармен оқ дәрумен қоймаларды және қалған кемелерді суға батырып, батырып, қаланың солтүстік жағына шықты. 30 тамызда (11 қыркүйекте) Қара теңіз флотының соңғы кемелері суға батырылды. Сол күні таққа отырған император ІІ Александр Севастопольді қорғауды тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды. Севастопольді қорғау 349 күнге (1854-1855 жж.) жалғасты.

 (Дерек көзі: «Ашық сабақ» журналы).

 Қырым соғысының алғышарттары мен себептері.

 

 Қырым соғыстың себептері еуропалық державалар арасындағы жаулап алынған елдердегі ұлт-азаттық қозғалыстың таралу нәтижесінде әлсіреген Осман империясына қатысты Таяу Шығыстағы қарама-қайшылықтары болды. І Николай Түркияны «науқас адам» екенін және оның мұрасы бөлінуі тиісті екенін айтты. Жетіліп келе жатқан қақтығыста Ресей императоры Ұлыбританияның бейтараптығына үміт артты. Ұлыбританияға Түркия жеңіліске ұшырағаннан киін, Крит пен Египеттің кейбір жаулап алынатын аймақтарын беруді жоспарлады. Сонымен қатар Ресейдің Венгриядағы революцияны басуға қатысқаны үшін алғыс ретінде Австрияның қолдауына сенді. Бірақ Николайдың болжамдары іске аспады. Англия өзі Түркияны соғысқа итермелеп, Ресейдің позициясын әлсіретуге тырысты. Ресейді Балқан түбегінде нығаюына Австрия қарсы болды.

 

 Соғыстың алғышарттары: католиктік және православие дінбасылары арасындағы Иерусалимдегі Қасиетті Құдайдың табытханасына және Вифлеемедегі ғибадатхананың қамқоршысы болу үшін дау – Палестина мәселесі болды. Бұл жағдайда қасиетті орындарға бару туралы мәселе туындаған емес, себебі барлық қажылардың құқықтары тең болды. Киелі жерлерге қатысты дауды соғыс басталуына маңызды емес себепші деп деп ойлауға болмайды. Тарихшылар бұл дауды кейде соғыс себептерінің бірі деп есептейді, себебі сол кездегі халықтың терең діни санасы қалыптасқан болатын. Палестинадағы православиелік қоуымдастықты қорғау Ресейдің Туркияның барлық христиандық тұрғындарын қорғауға бағытталған жалпы міндеттерінің бірі болды».

 

 (Дерек көз: «XIX ғ. - XX ғасырдын басындағы Ресейдің тарихы: университеттердің тарихи факультеттеріне арналған оқулық. М., 1998. 172-бет.)

 

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 1-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 Келесі фактілерді оқып, олар туралы пікіріңізді білдіріңіз.

 

  •  1855 жылдың 28 тамызында Ресей әскері Севастопольді тастап кетті. Дәл сол жылы «... жеңісі үшін» немесе «... басып алу үшін» емес - Ресей тарихында алғаш рет - «Севастопольді қорғау үшін» атты медалі қабылданды.
  •  Орыс-жапон соғысы жалғасып жатқанына қарамастан, Ресейде Севастопольді қорғауының 50-жылдық мерейтойы атап өтілді. Ресейдің барлық оқу орындарында Севастопольлің шәкіртақысы енгізілді, «1854-1855 жж. Севастополь қорғанысы» тақырыбында панорамалары жасалды.
  •  1904 жылдың 5 қазанында Ресей тарихында тұңғыш рет «Севастополь қорғанысының 50-жылдығы» медалі енгізілді.

  2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

  Келесі факт туралы өз ойыңызды білдіріңіз.

Қырымдық науқанның аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң соғыс шығындары анықталды: 100 мың адам шайқастарда және 400 мың адам жарақаттар мен тифпен ауырып қайтыс болған.

 

 3-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Тарих ғылымында Қырым соғысының «дүниежүзілік соғыстардың бастамасы» деген пікірлер айтылады.

 Сіз бұл пікірмен келісе аласыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

 

4-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Қырым соғысында жеңіліске ұшырауы Ресей тұрғындардың көзқарастарын қалай өзгертті деп ойлайсыңдар?

 I Николай патшалық билігінің нәтижесі бойынша граф Петр Александрович Валуевтің айтқан сөздері: «Жоғарыда жарқырау, ал төменде -  іріп-шіру»?

 

  5-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін

 

 Дұрыс жауапты таңдаңыз.

 1. Қырым соғысы кезінде Севастопольдың қорғануға арналған құрылымдарының схемаларын әзірлеген:

 а) В. С. Завойко

 б) Э. И. Төтлебен

 в) В. И. Истомин

 

 2.Қандай принцип бойынша келесі тізімдер құрастырылған:

 а) В. А. Корнилов; П. С. Нахимов; В. И. Истомин;

 б)1853 г.; 1854 г., 1855 г.; 1856 г.?

 

 3.Тізімдегі артық аттар қайсылары?

 А) П.С. Нахимов, Н.И. Пирогов, А.И. Герцен, Л.Н. Толстой

 

 Б) Сөйлемді жалғастырыңдар:

 1856 жылы Париж келісіміне сәйкес, Ресей Оңтүстік Бессарабияны жоғалтты, Балқан халқықтырға көмек көрсету мүмкіндігінен айырылды (__________________).

 

6-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 Бұл оқиғалар бір-ьірімен қалай байланысты?

  A) 1856 жылы Ресей Қырым соғысында жеңіліске ұшырады.

 B) 1860-1870 жылдары II Александр елде әлеуметтік өмірдің маңызды салаларына әсерін тигізген табысты реформалар жүргізді.

 

 7-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 - Қырым соғысынан қандай тарихи сабақтар алуға болады?

 - Сіздің ойыңызша, осы сабақтардың қайсысы бүгінгі күні маңызды болып саналады? Неліктен?

 8-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Ресей жазушысы, Қырым соғысының замандасы Н.С. Лесков 1890 жылы осы тақырыпты талқылау барысында, «Түбектегі соғыс ұзаққа созылған жараны ашты және елдің денесі мен оның қандай шырындармен тамақтанғанын көрсетті», - деп тұжырымдаған.

 Бұл мәлімдемені қалай түсіндіруге болады?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу