Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қырым соғысы
Қырым соғысы Шығыс соғысы (1853 — 1856), Ресей империя мен Ұлыбритания, Франция, Түркия, Сардиния одақтары арасында өткен. 19 ғ-дың орта кезінде Ұлыбритания мен Франция Ресейді Таяу Шығыс рыногінен ығыстырып, Түркияны өз ықпалына бағындырды. Олар Ресейді Қара теңіз жағалауынан шеттетіп, Қырым мен Кавказды иеленуді мақсат етті. Түркия еліндегі кейбір топтар Батыс Еуропа дипломатиясының қолдауына сүйеніп, Қырым мен Кавказды Ресейден тартып алуды көздеді. Солай Таяу Шығысқа ықпалын жүргізуге жанталасқан патшалық Ресей мен оның қарсыластары арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Ресей бүкіл Түркияны, оның астанасы Стамбұлды, Қара теңізі жағалауларын, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын, Мәрмәр теңізін өзіне толық қаратуды көздеп, батыстық әріптестерімен қатынасын шиеленістіріп алды. Ресей православие шіркеуі Палестинадағы “қасиетті орындар” үшін 1852 ж. католик шіркеуімен дау-дамайға барды. Ресейдің “Еуропа жандармы” болуы және Таяу Шығыстағы, Орталық Азиядағы озбырлық саясаты батыс елдерін шошындырып, оларды тойтарыс беруге итермеледі. Ал Ресей патшасы Николай І мен Сыртқы істер министріліг Еуропа мемлекеттерінің жоспары туралы қате пікірде болды. Олар Түркияға қарсы соғыста Аустрия мен Пруссия тікелей қолдау көрсетпегенімен, де қарсы шықпайды, ал өлыбританияға Осман империясынан Египет пен Крит аралын алып берсек, ол соған қанағаттанады деп ойлады. Франция болса 1848 ж. революциядан әлі есін жинаған жоқ, ал Түркияны оңай жеңеміз деп тұжырымдады. Сондай-ақ Балқан елдерінің түріктерге қарсы азаттық қозғалысына үміт артты. Бірақ өлыбритания Ресейдің Таяу Шығыс пен Балқандағы ықпалының артуын қаламады, Франция императоры Наполеон ІІІ өз беделін көтеру үшін жеңіспен аяқталатын соғыс іздеп, оны Ресеймен болатын соғыс деп санады. Балқан түбегіндегі елдерге өз ықпалын нығайтуға Австрия да мүдделі болды. Түркия да осыны көздеді. Ресей Түркияға қарсы соғыста жалғыз қалды. Соғыстың басталуына Ресейдің 1853 ж. ақпанда түрік сұлтанынан православие дініндегілер құқығын арттыруды талап етуі және Молдавия мен Валахияға әскер жіберуі (1853 ж. шілде) түрткі болды. Сұлтан оған көнбей 4 қазанда Ресейге соғыс жариялады. Ұлыбритания, Франция әскери кемелері Дарданелге енгізіліп, Түркияға қолдау көрсетті. Соғыс қимылдары Дунай бойында, Армения мен Грузия жерлерінде, Қара теңізде жүрді. Түрік әскерлері сәтсіздікке ұшырады. Түріктердің жеңілісі ағылшындар мен француздардың соғысқа кірісуін тездетті. 1853 ж. желтоқсанда ағылшын-француз флоты Қара теңізге кірді. 1854 ж. 9 ақпанда Ресей Франция мен өлыбританияға соғыс жариялады. 11 наурызда орыс әскерлері Дунайдан өтіп, Солтүстік Добруджаға жиналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?