Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша.
Ақпараттық мәтін.
Осман империясы
III Сәлемнің реформалары.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.
Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тыйым салды.
1. Ақпараты табыңыз:
1. Селим III реформасы Осман империясында қолдау тапты: _____________
2. Жас Түріктер билікте _______ бастап _______ аралығында болды.
3. Жас Түрік революциясы ________ болды
4. 1876 жылы қабылданған Осман империясының Конституциясы _______ жылы іс жүзінде тоқтатылды.
2. Шығармашылық тапсырма:
1. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Осман империясындағы дағдарыс себептері.:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
Танзимат реформалары. Оның 1-ші және 2-ші кезеңдері.
20-30 жылдардағы реформалардың кемшілігін Осман империясының билеушілері арасындағы терең ойлы, алыстан болжағыш қайраткерлер жақсы түсінді. Олардың арасындағы еуропалық өмірмен жете таныс, білімді мемлекет қайраткерлері де болды. Сондай көреген қайраткерлердің бірі II Махмұдтың сеніміне ие болған Мұстафа Рашид паша (1800-1858) еді. Ол бірнеше жылдар Англия мен Францияда елшілік қызмет атқарған , содан кейін сыртқы істер министрі қызметінде отырған болатын. Мұстафа Рашидтің жетекшілігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкіметін нығайтып, Балқандағы ұлт-азаттық қозғалысты тоқтату және түрік өкіметінің еуропалық державаларға тәуелділігіне тежеу қою, мемлекет құрылысын Батыстың мемлекеттік құрылысына жақындату болды.
Реформа туралы жарлық II Махмұт сұлтан кезінде әзірлене бастап, оны жариялау оның баласы сұлтан Абдул Меджид тұсында іске асты. 1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» — «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. «Гюльхане хатт-и шериф» үш негізгі жаңарту мақсатын жария етті:
1) діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін,ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2) салықтарды дұрыс жинау және әділетті бөлу
3) әскери қызмет мерзімін қысқарту.
3. «Танзимат реформалары» кестесін толтырыңыз:
I кезең (1839-1853) | II кезең (1856-1870) |
- - - -
| - - - -
|
«Шығыс мәселесінің» тууы. Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.
«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.
Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.
4. «Шығыс мәселесінің» одан әрі ушығу себептерін анықтаңыз:
1. __________________________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________________________
XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде Осман империясының ішкі дағдарысы әлі де шиеленіскен жағдайда еді. Әр түрлі провинцияларда бас көтерулер, наразылық шерулері өсе бастады. Әскерде де толқулар болып тұрды. II Махмұт сұлтан 1826 жылы янычар (жаңашерік) әскерін таратып, оның орнына жаңаша тәрбиеленген қарулы әскер құрмақ болды. Бұған янычарлар көтеріліспен жауап берді. Сұлтан өкіметі көтерілісті күшпен басып янычарларды жазаға тартты, янычарлар корпусын таратты. II Махмұт енді жаңа әскери реформамен қатар, мемлекетті басқару ісіне де өзгерістер енгізді. Елдің аумағы аймақтар мен губернияларға бөлінді. Еуропалық үлгідегі министерліктер құрылды, ондағы қызметкерлер шапандары мен бастарындағы шалма орамалдарын еуропалық киімдермен ауыстырылды. Осман империясында жерге жеке меншік құқығы енгізілді.
2-қосымша.
Кесте үлгісі.
Султаны | Селим III | Махмуд II | Абдул-Меджид I | Абдул-Хамид II |
Реформаның себептері | ||||
Жалпы сипаттамалары | ||||
Реформалар тізімі | ||||
Жалпы сипаттамалары | ||||
Реформалардың салдары |
3-қосымша.
Түрік ашық хаты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?