Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 9.2

V бөлім. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Сабақ тақырыбы: Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды?

Оқу мақсаттары:

7.3.2.2 – XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау;

7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру

Тарихи концепт: Себеп пен салдар

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 1 Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өзектендіру өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардын позитивті психологиялық көңіл-күйде болуларына қол жеткізіңіз.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Еуропа елдерінің XIX ғасырдағы Орта және Таяу Шығыстағы елдерде өз билігін орнатуға ұмтылған туралы карикатуралардың бірін көрсетіңіз. Олардан сұраңыз: Сендер нені көріп тұрсыңдар? Бұл карикатураның мәні неде? Суретші қандай өзінің пікірін жеткізуге тырысады? Карикатура байланысты сендерде қандай сұрақтарыңыз бар?

 Оқушылардың барлық пікірлерін қабылдаңыз, олардың пікірлерін жоққа шығармаңыз және келіспеңіз де. Осындай «ми шабуылы» аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптарын нақтылңныз, толықтырыңыз.

 XIX ғасырда капиталистік елдер арасында әлемле ықпал жасау үшін бәсекелестіктері күшейді. Индустрияландырылған еуропалық елдер отарлар үшін күресе бастады. Индустриалды дамуында артта қалып, феодалдық жүйе мен абсолютизм жүйелері сақталған әлсіз елдер отарларға айналды. ХІХ ғасырда капиталистік елдер империалистік дәрежеге жетіп, өздерінің аумақтарынан тыс жерлердегі өз ықпалы мен билігін кеңейтуге кірісті. Осы сабақта оқушылар еуропалық елдердің Иранға қатысты ықпалын орнатуға бағытталған бақталастығын қарастырады.

 3. Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылардың оқу мақсаттарын түсінгендеріне сенімді болыңыз.

 Оқу мақсаттары мен тарихи концептісіне негізделген зерттеу жұмысының бағыттарын оқушылармен бірге анықтап алаңыз, мысалы:

 - XIX ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын сипаттау,

 - XIX ғасырдағы Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын сипаттау,

 - Иранға ықпал етуге бағытталған Ұлыбритания мен Ресей арасындағы бақталастығының себептерін анықтау,

 - XIX ғасырдағы Ұлыбритания мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарның сипатын анықтау.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушылардың әр тобына екі түсті маркер беріңіз. Оқушыларға XIX ғасырдағы Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды сипаттайтын ақпараттық парақтарды ұсыныңыз. Оларды бір түспен – қарастырылып отырған кезеңдегі Ресейдің күшін айқындайтын мәліметті белгілеуді, басқа түспен – әлсіздігі туралы мәліметтерді белгілеуді сұраңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы

 - XIX ғасырдағы Ресей империясының дамуының жағымды жақтарын дұрыс анықтайды;

 - XIX ғасырдағы Ресей империясының дамуының әлсіз тұстарын дұрыс анықтайды.

 Осы жұмысты аяқтағаннан кейін және топтардың жұмысын тексергеннен кейін, оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз: Сіз қалай ойылайсыз: Ресей қарастырылып отырған кезеңде Англиямен тең дәрежеде бәсекелесе алды ма? Онымен қандай салаларында бәсекелесе алатын болды? Қоғамның қай салаларында Ресей империясы Британиядан артта қалуы мүмкін еді?

 Оқушылардың жауаптарының мысалдары:

 Ресейдің дамуының күшті жақтары:

  •  Ұлыбритания және Франциямен секілді Ресей еуропалық ірі державалардың бірі болды.
  •   Реформалардың қажеттілігін түсінген император I Александр 1803 жылы ерікті фермерлер туралы жарлық шығарды; оған сәйкес шаруалар феодалдан төлем арқылы босатылуы мүмкін болды.
  •  1855 жылы II Александр Ресей императоры болып жарияланды. 1861 жылы ол басыбайлылық құқықты жою туралы жасаған реформасы үшін оны «құтқарушы патша» деп аталып кетті. Сонымен қатар, ол әскери реформа (әскери қызмет 20 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды), сот және земстволық реформа (земство - жергілікті билік органдары) жүргізді

 Ресейдің дамуының әлсіз жақтары:

  •  Ресей экономикалық даму тұрғысынан Еуропадан артта қалды, экономиканың негізі ауыл шаруашылығы болып сақталды.
  •  Батыс Еуропа елдеріне Ресей шикізат пен ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады, ал өзі ол елдерден қымбатқа түсетін өнеркәсіптік тауарлар мен азық-түлік өнімдерін, машиналар, құралдар, сәнді бұйымдар, мақта, дәмдеуіштер, қант және жемістерді импорттады.
  •  Басыбайлылық құқық сақталды.
  •  1825 жылы І Александр қайтыс болғаннан кейін, оның кіші інісі I Николай император болды. Мемлекеттің қаражаты ауыр жағдайда болды, бюджеттің тапшылығы өсті. Ресейдің сол уақыттың сыртқы саясаты «контрреволюциялық» сипатқа ие болды. Ресейді XIX ғасырдын 50-ші жылдарына дейін «Еуропаның жандармы» деп атады.
  •  I Николай белсенді сыртқы саясатты жалғастырды.
  •  Император өзінің алдына мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты және экономиканы нығайту барысында көптеген міндеттер қойды, бірақ реформалардан бас тартты.
  •  XIX ғасырдың аяғында Ресейде жедел экономикалық даму басталды, ол индустриалды державаға айналды, дегенмен ресейлік өнеркәсіптің тек 1/3 ресейлік, ал 2/3 шетелдердің қолында болды.
  •  Топтық жұмыс. Оқушыларды Иранның XIX ғасырдағы Англия мен Ресеймен қарым-қатынасын сипаттайтын тарихи құжаттармен қамтамасыз етіңіз. Олармен танысып, топтарда талқылап, еуропалық державалардың бәсекелестігі Иранға келтірген экономикалық, саяси және әлеуметтік салдарын анықтауды сұраңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:

 - еуропалық державалардың Иранға қатысты бәсекелестіктерінің экономикалық салдарын дұрыс анықтайды,

 - еуропалық державалардың Иранға қатысты бәсекелестіктерінің саяси салдарын дұрыс анықтайды,

 - еуропалық державалардың Иранға қатысты бәсекелестіктерінің әлеуметтік салдарын дұрыс анықтайды.

 Оқушылардың жауаптары:

 Экономикалық салдары:

 - Иранның тәуелділігін нығайтудың негізгі құралдары ретінде шетел капитал шах үкіметінен жеңілдіктер алды, мысалы, бірлескен кәсіпорындарды – концессияларды - құрды; сонымен қатар, олар Тегеранды ақшалай қарыздармен қамтамасыз етуді қолданады.

 - 1862-1872 жылдары Англия шахтың үкіметінен Лондон мен Үндістан арасында үзіліссіз байланысты қамтамасыз ету үшін Иранда жер телеграф желісін салу құқығына ие болатын үш концессия құруға құқық алды. Бұл желілер Ирандағы британдың ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді. Телеграфтың ағылшындардан тұратын персоналы экстерриториалдық құқыққы ие болды, яғни олар Иранның заңына бағынбады. Телеграф желісіне мешіттер мен шетелдік елшіліктерге берілген беста жеңілдігі таратылды (билік өкілдерінің пана бола алатын орын болып есептелді).

 - 1889 жылы Иран үкіметі барон Ю. Рейтерге Империлық (Шахиншахтық) банкті ұйымдастыруға рұқсат берді. Бұл банк банкноттарды шығару, монеталық мекемені бақылау, мемлекеттік кірістерді және кедендік баждарды өз ағымдағы шотына қабылдау және шетел валюталарының айырбас бағасын белгілеу құқықтарына ие болды.

 - 1888 жылы ағылшын Линч Ирандағы жалғыз Карун өзенінде кеме жүргізуді ұйымдастыру мақсатында концессияға ие болды.

 - 1879 жылы ресейлік Лианозов Каспий теңізідегі және оған құйылытын өзендері балық шаруашылығын басұаруға рұқсат алды.

 - 1889 жылы шах үкіметі ресейлік капиталист Поляковқа Парсы есептеу және қарыз беретін банкті ұйымдастыру туралы лицензиясын берді. Банк кейінірек Тебриз, Реште, Мешхетед, Қазвинде және басқа да қалаларда өз филиалдары мен агенттіктеінр ашты. Иранның солтүстік кедендері жинайтын салықтар осы банкке түсетін болды.

 - 1890 жылы Англия мен Ресейдің қысымымен байланысты Иран үкіметі елде теміржол салудан бас тартуға міндеттенді.

 Саяси салдары:

 - Қаджар әулеті өз халқының талаптарын емес, шетелдік елдердің талаптарын қанағаттандыруға ықыласын білдірді.

 - шет елдерге экономикалық тәуелділік елдің саяси тәуелсіздікті жоғалтуына жақындатты.

 Әлеуметтік салдары:

 - сот діни сипатқа ие болды. Шаруалар мен қолөнершілер тарапынан барлық келіспеушіліктері қатал түрде жазаланды;

 - шаруалар мен қала тұрғындарды қанауға қарсы көтерілістер ұйымдастырды;

 - шетелдік экономикалық араласуға қарсы жаппай наразылық қозғалысы туындады.

 Осы жұмыс түрі аяқталғаннан кейін, оқушыларға келесі сұраққа жауап беруді сұраңыз: Осы салдардың қайсысы ең маңызды деп ойлайсыңдар?

 Қарастырылған негізгі салдары XIX ғасырдың соңына қарай Иранның еуропалық елдердің жартылай колониясына айналуы болып табылады. Оқушылар Иран Англия мен Ресейдің ықпал ету салаларына бөледі деп тұжырым жасайды.

 

  •  Жеке жұмыс. Оқушылар келесі сұраққа жауабын дәптерлеріне жазады және өз пікіріне дәлел келтіреді: XIX ғасырдың аяғында Иранда қатысты мақсаттарын Ұлыбритания ме немесе Ресей сәтті жүзеге асыра алды?

 Дескрипторлар: Оқушы

  •  өз жауабына қатысты дәлелдерді дұрыс таңдады;
  •  Ирандағы еуропалық елдердің бәсекелестігінің нәтижелері туралы қорытынды жасайды.

 Осы тапсырмаға берілген уақыт аяқталғаннан кейін кейбір оқушыларға өздерінің жауаптарын оқып, оларды бүкіл сыныппен талқылауын сұраңыз. Оқушылар қарастырылып отырған кезеңде Ұлыбританияның Иран экономикасына араласуында үлкен артықшылықтарға қол жеткізгенің айтады, өйткені ол әлемдегі ең мықты империалистік ел болды.

 

 7. Рефлексия. Оқушыларға сабақтың тақырыбының сұрағына жауапты стикерлерге жазуды ұсыныныз: Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды?

 Кейбір оқушылардың жұмыстарын тыңдап, оларды XIX ғасырдағы империалистік экспансиясының сипаты туралы қорытындыға жеткізіңіз.

 8. Тақырып бойынша әдебиеттер:

 - Карл Риттер (1779-1859 жж.). Иран (Соч. К. Риттера) 1- бөлім. Санкт-Петербург: Орыс географиялық қоғам, 1874.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу